18
•
Термо-қылшақтың (1 немесе 7) айналу бағытын өзгерту батырма-
лармен (3) жүзеге асырылады. Жұмыс істеу кезінде батырманы
(3) басып ұстап тұрыңыз, қылшақ (1 немесе 7) қажетті бағытта
айнала бастайды.
Ескерту: алғашқы пайдаланған кезде қыздырғыш элементтерден
бөтен иіс және түтіннің шағын көлемі пайда болуы мүмкін, бұл
қалыпты құбылыс.
•
Фен-қылшақпен жұмысты аяқтап, ауыстырғышты (4) «0» күйіне
белгілеп, оны сөндірңіз және желілік баусымның айыртетігін
электрлік ашалықтан шығарыңыз.
•
Термо-қылшақтың салқындауын күтіңіз.
•
Термо-қылшақты (1 немесе 7) шешіңіз, бұл үшін бекіткішті (2)
сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұраңыз.
ТЕРМО-ҚЫЛШАҚТЫ ПАЙДАЛАНУ
Оптималды нәтижелерге жету үшін (құрғату және ретке келтіру
алдында) шашты сабынсумен жуу, артық ылғалды жою үшін сүлгімен
сүрту және тарау керек.
•
Термо-қылшақты (1 немесе 7) орнатыңыз және бекіткішті (2)
сағат тілі бойынша бұрап оны бекітіңіз.
•
Желілік баусымның айыртетігін ашалыққа салыңыз, фен-
қылшақты іске қосыңыз, ауыстырғышпен (4) қажетті қыздыру
режим мен ауа ағыны қарқындылығын таңдаңыз.
•
Шашты тарамдарға бөліңіз.
•
Термо-қылшаққа (1 немесе 7) шаш тарамын ораңыз, қылшақтың
(1 немесе 7) қажетті айналу бағытын батырмалармен (3)
таңдаңыз, шаш тарамы қылшаққа оралғанда, батырманы (3)
жәберіңіз, термо-қылшақтың (1 немесе 7) айналуы тоқталады.
•
Біршама уақыт бойы (шаштың түріне байланысты) шашты
құрғатыңыз, ауа ағынының қарқындылығы мен температурасын
ауыстырғышпен (4) реттеңіз.
•
Бұйраны бекіту үшін жұмыс режимдерінің ауыстырғышын (4)
«
*
» күйіне белгілеңіз, осы кезде шығып жатқан ауаның темпе-
ратурасы төмендейді, бұл бұйраның пішінін бекітуге көмектеседі.
•
Термо-қылшақты (1 немесе 7) шаштан шығарыңыз.
Ескерту:
–
егер қондырма-қылшақты шаштан шығару қиындық тудырса,
онда ауыстырғышты (4) «0» күйіне белгілеп, фенді сөндіріңіз,
термо-қылшақты (1 немесе 7) корпусынан (5) шешіңіз және оны
шаш бұйрасынан ұқыпты шығарыңыз;
–
термо-қылшақтың (1 немесе 7) ыстық беттерінің бетпен, мой-
ынмен және дененің басқа бөліктерімен жанасуына жол бермеңіз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
Егер шығып жатқан ауаның температурасы асып кетсе, қызып кетуден
қорғау жүйесі фен-қылшақты сөндіреді. Егер фен-қылшақ пайдалану
уақытында сөніп қалса, ауыстырғышты (4) «0» күйіне белгілеңіз,
желілік айыртетікті электрлік ашалықтан шығарыңыз және кіргізетін
және шығаратын саңылаулардың бөгеттелмегенін тексеріңіз. Фенге
10-15 минут бойы салқындауға уақыт беріңіз, содан кейін оны