13
Жылдам кептіру
Ауыстырғышты (2) қызудың максималды
жағдайына (III жағдайы) орнатыңыз, ауа жіберу
жылдамдығын ауыстырғыш (1) арқылы таңдаңыз
да, шашыңызды алдын ала кептіріп алыңыз.
Шаштың артық суын сілкіп жіберіңіз де, фенді
шаш үстімен баяу жылжытыңыз.
Түзету
Аустырғышты (2) қызудың максималды жағдайына
(III жағдайы) орнатыңыз, ауа жіберу жылдамдығын
ауыстырғыш (1) арқылы таңдаңыз да, шашыңызды
алдын ала кептіріп алыңыз. Шашыңыз кебуге
сәл қалғанда, шоғырландырғыш саптаманы
(6) орнатып, ауаның қызу деңгейін ауыстырғыш
арқылы (2) және ауа жіберу жылдамдығын
ауыстырғыш (1) арқылы бәсеңдетіп алыңыз.
Түзедуді шаштың астыңғы қабатынан бастаңыз.
Дөңгелек немесе жалпақ тарақты қолданыңыз.
Шашты тарамдарға және қабаттарға таратыңыз,
төменгі қабаттардан түзетуді бастаңыз. Дөңгелек
немесе жалпақ қылшақты пайдаланып, шашты
жоғарыдан төмен қарай тараңыз және бір мезгілде
оларға концентратор-қондырмадан (6) шығатын
ыстық ауаны бағыттаңыз. Осылайша, баяу әрбір
тарамды түбінен ұшына дейін түзетіңіз. Төменгі
қабаттың тарамдарын түзетіп болғаннан кейін,
орташа қабаттың тарамдарын түзете бастаңыз
және үдерісті шаштың жоғарғы қабатының
тарамдарын түзетумен аяқтаңыз.
Шаштың табиғи толқын құрылымы
Аустырғышты (2) қызудың әлсіз жағдайына
(I жағдайы) орнатыңыз, ауыстырғышты (1) I
жағдайына орнатыңыз, шаш тарамын саусақ
арасына қатты қысып тұрып, табиғи қалыпы
бұралған жағына қарай бұрып, ауаны саусақ
арасына бағыттап, оларды кептіріп шығыңыз.
Қажетті нәтижеге жетсеңіз, суық ауа жіберу
түймешесіне (3) «
» басыңыз да әрбір тарамды
бекітіңіз.
Шашты көтеру және көлем беру
Фенды әлсіз және максималды жылдамдық/
қызу тәртіптерінде қолданып, шаштың түптерін,
бастың артқы жағынан бастап кептіріп шығыңыз.
Шаштың сәнін келтіру
Ауыстырғыштарды (1,2) әлсіз қызу/жылдамдық
жағдайына қойып, фенге шоғырландырғыш (6)
саптаманы ауа ағымын бағыттау үшін кигізіңіз.
Шашты тарамдарға бөліңіз де шашты қалыптайтын
дөңгелек щетканың көмегімен шаштың сәнін
келтіріңіз. Шашты қалыптау барысында ауа
ағымын тікелей шашқа қалаған бағытта жіберіңіз.
Қажет болған жағдайда, ауа ағымын әрбір
тарамға 2-5 секунд аралығында шашты нығайту
үшін бағыттаңыз. Шаш тарамдарын қалыптауға
кететін уақытты шаштың түріне байланысты өзіңіз
таңдаңыз.
«Суық ауа» жіберу
Бұл модельде шаш қалыпын нығайту үшін «суық
ауа» жіберу қызметі көзделген. «Суық ауа» жіберу
түймешесін (3) «
» басып тұрыңыз – ол сізге
жасаған шаш сәнін сақтап қалуға көмектеседі.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН САҚТАУ
Фен шыққан ауаның температурасы артып
кеткен жағдайда, құрылғыны сөндіретін, қызып
кетуден қорғаныс қызметімен жабдықталған.
Егер фен қолдану барысында сөніп қалса, фенді
сөндіргішін (1) «0» жағдайына қойып өшіру керек,
желі ашасын розеткадан шығарыңыз, кіріс және
шығыс ауа тесіктері бітеліп қалмағанын тексеріңіз
де, 5-10 минут суытып алып, қайта қосыңыз. Фенді
қолдану барысында ауа тесіктерін бітемеңіз және
ауа жинағыш тесікке шаш кіріп кетуден сақтаңыз.
КҮТУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕУ
Фен тек үйдегі қолданысқа арналған.
• Мерзім арасында ауа жинағыш (4) тор көзді
шешіп тазалап тұрған жөн.
• Ауыстырғышты (1) «0» жағдайына орнатыңыз
және фенды желіден ажыратыңыз.
• Тордан (4) ұстаңыз, сағат тіліне қарсы бұраңыз
және оны шешіңіз. Торды қылшақ көмегімен
тазалаңыз, торды орнынан орнатыңыз және
сағат тілі бойынша тірелгенге дейінгі бұраңыз.
• Феннің корпусын ылғал матамен сүртуге болады,
содан кейін, оны құрғақтап сүртіп шығу керек.
САҚТАУ
• Егер фен қолданылмаса, желі ашасын
розеткадан шығарып қойыңыз.
• Ешқашан желі бауын фенды айналдыра
орамаңыз, өйткені, одан ол зақымданып
қалуы мүмкін. Желі бауын ақырын ұстаңыз,
оны тартқыламауға, бұрамауға , әсіресе аша
жанында және феннің корпусына кіретін
жерінде созбауға тырысыңыз. Егер бау фенды
қолдану барысында оралып кетіп жатса, уақыт
арасында оны түзеп қойыңыз.
• Қолдануды ыңғайлату мақсатында іліп қою (5)
ілмегі жасалған, фенге су тимейтін жағдайда
фенды осылай сақтауға болады.
IM VT-8212.indd 13 28.11.2017 17:01:17