Zanussi ZRB836MW2 Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RO
Manual de utilizare 18
TR
Kullanma Kılavuzu 33
Тоңазытқыш-мұздатқыш
Frigider cu congelator
Buzdolabı
ZRB836MW2
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ 2
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Жұмыс жүйесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Бірінші қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
EasyWater үлестіргішін қалай пайдалануға
болады _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 9
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10
Ақаулықты түзету _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Қоршаған орта мəселелері _ _ _ _ _ _ _ 17
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, ең алғаш
пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен
құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында,
пайдаланушыға арналған бұл
нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен
ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз.
Осы құрылғыны пайдаланатын
адамдардың барлығы, қажетсіз
ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың
алдын алу үшін,оны пайдалану
тəсілдерімен жəне қауіпсіздікті қамтамасыз
ететін функцияларымен жете таныс болуы
керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты
сақтап
қойыңыз жəне тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын əрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
жəне қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді
орындаңыз, себебі қадағалаудың
жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен əлсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік
не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты
тəжрибиесі мен білімінің аздығына
байланысты пайдалана алмайтын
адамдар (балаларды қоса алғанда),
пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін
оларды қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның
ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек
сымын қиып(құрылғыға барынша
тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не
электр
тогының қатерлі əсеріне
ұшырамас үшін есігін ағытып алып
тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде
не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз,
ескі құрылғыны ең алдымен оның
серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып
тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне
қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан
сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
құрылғы əдеттегі үй жағдайларында
тамақты жəне/немесе сусындарды
сақтау үшін арналған.
2
www.zanussi.com
Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында
ешқандай механикалық немесе кез
келген басқа жасанды құралды
пайдаланушы болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа
электр құрылғыларды (балмұздақ
жасайтын құрылғы сияқты) салып
қолданушы болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым
келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын
жүйесінде изобутан (R600a) жəне
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат
болып
табылатын, табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау жəне орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне
зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені
жақсылап желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе
қысқа тұйықталу, өрт шығу жəне/немесе
тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын
! Кез келген
электрлік бөлшектерін (қуат сымы,
аша, компрессор), қатерлі жағдай орын
алмас үшін, куəлігі бар қызмет көрсетуші
маманы немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1. Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2. Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым қызып
кетіп, өрт шығуына əкелуі мүмкін.
3. Құрылғының айыры
қол жетерлік
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4. Айырды қуат кабелін ұстап
тартпаңыз.
5. Розетка босап кеткен болса, айырды
оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт
шығу қаупі бар.
6. Құрылғыны ішкі жарықтама
шамының қақпағы (егер бар болса)
жабылмаса іске қосуға болмайды.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан
кезде абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш
бөліктен заттарды алмаңыз жəне оларға
тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі
сыдырылып кетуі немесе қарылып
қалуы
мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сəулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді жарықтандыру
үшін қолдануға жарамайды.
Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
Тағамдарды артқы
қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға
болмайды. (Егер құрылғыға мұз
қатпайтын болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң
оны қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды
мұздатылған тағам өндірушінің
нұқсауларына сай сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін
сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен
қысым
оның жарып, нəтижесінде құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған
бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі
мүмкін.
3
www.zanussi.com
Күтім жəне тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр
желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны
мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет
болса, табақшаны тазалап отырыңыз.
Табақша толып қалған жағдайда су
құрылғының астыңғы жағына жиналады.
Орнату
Өте
маңызды! Электр желісіне қосарда,
арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің
бүлінбегенін тексеріп алыңыз.
Құрылғының бір жері бүлініп қалса
қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік
орын алғанда, құрылғыны сатып алған
жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай
жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде
екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті
түрде айналуға тиіс, ауа айналымы
жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді.
Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға
қатысты нұсқауларды орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы
тұратын бөлшектерін (компрессор,
конденсатор) ұстап қалып не оларға қол
тигізіп алып күйіп қалмас үшін
тоңазытқыштың арт жағын əрқашан
қабырғаға қаратып қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің
қасына жақын орналастыруға болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның
ашасының қол оңай жететін жерде
болуын қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз
(егер суға қосу қажет болса).
Қызмет
Құрылғыны жөндеу
үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті
адам жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уəкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек жəне құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына зиян
келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны
тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар
тасталатын жерге тастауға болмайды.
Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш
газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, əсіресе оның қызу
алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян
келтірмеңіз. Құрылғыда пайдаланылған
белгішесімен белгіленген материалдар
қайта өңдеуден өткізуге жарайды.
4
www.zanussi.com
Бұйым сипаттамасы
111314 12
2 43 7 85 61 9 10
1
Жеміс тартпалары
2
Шыны сөре
3
Шыны сөре
4
Шыны сөре
5
Шыны сөре
6
Термоэлемент
7
Сары май сөресі
8
Есіктің сөресі
9
EasyWater үлестіргіші
10
Бөтелке қойылатын сөре
11
Мұздатқыш себет
12
Үлкен себет
13
Мұздатқыш себет
14
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Жұмыс жүйесі
Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура түймешесін сағат бағытымен
бұрай отырып орташа температураға
қойыңыз.
Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура
түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
Температураны баптау
Температура автоматты түрде қойылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
əрекетті орындаңыз:
5
www.zanussi.com
суықтықты азайту үшін температура
түймешесін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Əдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дəл тауып орнату
үшін құрылғының ішіндегі температураның
төмендегі жағдайларға:
бөлме температурасына
есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
сақталатын тағамның мөлшеріне
құрылғы орнатылған жерге байланысты
екендігін есте ұстау қажет.
Өте маңызды! Егер бөлме
температурасы жоғары болса не тағам
тоңазытқыш ішіне толтыра салынса жəне
құрылғы төменгі температурада тұрса,
құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның
қабырғасына қырау тұруы мүмкін. Бұндай
жағдайда түймешені жоғары
температураға қойып,құрылғы мұзын
қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп
кетуіне мүмкіндік беру
қажет.
Бірінші қолдану
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тəн иісті арылту үшін оның
іші мен ішкі керек-жарақтарын сəл нейтрал
сабын салынған жылы сумен жуып, содан
соң мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
Əркүндік қолдану
Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату
мен тоңазыған жəне мұздатылған
тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін орташа
температураны өзгертудің қажеті жоқ.
Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз
келсе, температура түймешесін максимум
суықтыққа қою үшін жоғары параметрге
қойыңыз.
Өте маңызды! Бұндай жағдайда,
тоңазытқыш камерадағы температура 0°C
градустан төмен түсіп кетуі мүмкін. Бұндай
жағдай
орын алса, температура
түймешесін жылырақ параметрге əкеліп
қойыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі
камераға қойыңыз.
Мұздатылған тағамды сақтайтын
камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан
кезде, камераға тамақ салмас бұрын
құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең
жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс
істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету,
мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру
уақыты" бөлімінде берілген мəндерден де
ұзақ уақыт бойы қосылмай тұрса,
еріп
кеткен тағамды жылдам пайдаланып не
дереу пісіріп алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
6
www.zanussi.com
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың
қабырғасында
сөрелерді қажетті
қатарға
орналастыруға
арналған бірнеше
бағыттағыш
жолдар бар.
Есіктің сөрелерін орналастыру
Əр түрлі мөлшерде
оралған
тағамдарды
орналастыру үшін
есіктегі сөрелерді
түрлі биіктікке
қоюға болады.
2
1
3
Сөрелерді көрсеткі
бағыты бойынша
орнынан шыққанша
ақырын тартыңыз
да, содан соң
қажетті орынға
қойыңыз.
Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан
алу
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып
қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін
тіреуішпен жабдықталған. Оны
мұздатқыштан алу үшін, себетті өзіңізге
қарай тартыңыз да, шегіне жеткен кезде
себеттің алдыңғы жағын жоғары көтеріп
қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы
жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа
салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп
салғаннан кейін, себеттерді өз
орындарына қарай итеріңіз.
12
EasyWater үлестіргішін қалай пайдалануға болады
Ішкі құралас
бөлшектері:
1. Су сауыты
2. Сауыттың
қақпағы
3. Клапан жəне
нығыздағыш
3
2
1
Сыртқы құралас
бөлшектері:
1. Үлестіргіш
2. Су деңгейі
3. Су
тамшылайтын
науа
1
2
3
7
www.zanussi.com
Су үлестіргішті пайдаланудағы алғашқы
қадамдар
1. Сауыт жинағынан кез келген таспаны
жəне басқа да қорғағыш заттарды
алып тастаңыз
2. қандай да бір қалдықты алып тастау
үшін "Су үлестіргішті тазартау рəсімі"
тарауында суреттелгендей, құралас
бөлшектерді тазалаңыз.
Су үлестіргішті тазалау рəсімі
1. Суреттерде көрсетілгендей, сауыттың
екі жанындағы екі шектегіш элементті
босатыңыз:
шектегіш элементтердің ортасынан
басыңыз да, жоғары жылжытыңыз
шектегішті
ортаңғы сауытқа қарай
жылжытыңыз.
2. Сауытты клапанға қарай ұзынынан
тартыңыз.
3. Қақпақты алыңыз.
2
1
3
4. Клапанды сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап алыңыз (клапанның
нығыздағышын жоғалтып алмаңыз,
себебі ол функциялардың дұрыс
жұмыс істеуі үшін керек).
5. Сауытты жəне сауыттың қақпағын,
клапанды жəне нығыздағышты
бейтарап сабын езілген жылы сумен
тазалаңыз. Əуелі клапанды шайыңыз
да, басқа бөлшектерді тазалау кезінде
есік саңылауының ішіне салыңыз
(тоңазытқыштан суық ауа шықпас
үшін).
6. Сауыттың құраластарын тазалағаннан
кейін клапанды
мұздатқыштың есігінен
алыңыз да, сауытты бөлшектегенге
керісінше түрде (4;3;2;1) жинақтаңыз
(клапан тығынының орналасуына
назар аударыңыз).
7. Жинақталған сауытты клапанның
бағытында ұзынынан салыңыз.
8. Шектегіш элементтерді ағытқан ретке
керісінше бұғаттаңыз.
EasyWater үлестіргішін қалай
пайдалануға болады
Сауытқа суық су
толтыру үшін су
шүмегінің қақпағын
ашып, оны
сауыттың
қақпағына
салынған
толтырғыш арқылы
сауытқа құйыңыз.
Өте маңызды!
Тоңазытқышты
ашып немесе
жапқан кезде судың
ағып кетуіне жол
бермеу үшін, су
сауытын
көрсетілген ең
үлкен деңгейден
асырып
толтырмаңыз.
Егер су сауытындағы суды 1-2 күнде толық
пайдаланбасаңыз, сауытты қайта
толтырар алдында онда қалған суды төгіп
тастаңыз.
Маңызды ақпарат
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрғанда,
оның есігінің клапаны саңылауын
клапанмен жəне нығыздағышпен жабу
керек.
Тек ауыз суды пайдаланыңыз. Басқа
сусын
түрін қолданылса, сауытта немесе
үлестіргіште қалдық, дəм немесе иіс
қалуы мүмкін.
Сауытта су қалған кезде, ауа кірген
кезде шуыл естілуі мүмкін.
Су дұрыс ақпаған жағдайда, су тұтқасын
тағы бір рет басыңыз. Үлестіргіштің
8
www.zanussi.com
астына қалған судың бəрін стаканға
құйып алу үшін стакан қоя тұрыңыз.
Алкогольсыз сусындар сияқты газдалған
сусындарды пайдаланбаңыз. Сусын газ
қысымының əсерінен жылыстап ағуы
мүмкін.
Судың тағамға жататыны есіңізде
болсын. Суды бір немесе екі күнде
пайдаланыңыз.
Су үлестіргіші қаланың су жүйесінде
өңделген құбыр суын ғана пайдаланады
(ескерім: бұл су үнемі бақыланады жəне
заңнамалық ережелерге
сəйкес ішуге
қауіпсіз) немесе ішуге қауіпсіздігі
бойынша сыналған жеке сумен
жабдықтау көздерінен алынған суды
пайдалануға арналған.
Егер уəкілетті ұйымдар құбыр суын
қайнату керек деп нұсқау берсе, суды да
қайнату керек.
Су үлестіргішке ешбір сүзгі құралы
орнатылмағандықтан, шамалы уақыт
өткеннен кейін сауытта жəне клапанда
қалдық (мысалы, əктас) қалуы мүмкін.
Егер осындай жағдай орын алса,
құралдарды жылы су мен лимон
қышқылы немесе су мен лимон
шырынын
қосып араластырып, шайып,
тоңазытқыштың есігіне қайта орнатыңыз.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті
уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса жəне тоңазытқыш
ішіне тамақ толтырылса салынса,
компрессор буландырғыш құралдың
үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс
жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, температура регуляторын құрылғы
электр қуатын үнемдей отырып өздігінен
жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты
ақыл-кеңес
Ең жақсы нəтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, əсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық
түрлері) : полиэтилен қалтаға
орап көкөніс суырмасының үстіңгі
жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек
бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген сөреге
қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият
тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа
өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий
қағазға не полиэтилен қалтаға орап,
мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке
қойылатын қатарға
қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
болмайды.
Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды
кеңестер берілген:
•24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең
көп тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс
ешбір қосымша тағамды қосып салуға
болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа жəне
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
9
www.zanussi.com
тағамды жылдам əрі толықтай
мұздатып, қажетті кезде оның тек
қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін
кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды əлдеқашан
мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы əрі ұзақ сақталады
; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін
жасау үшін, тағамның əрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады;
Тоңазытылған тағамдарды сақтауға
қатысты ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына əрекеттерді
орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы сатылатын
тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына
көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде
жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін
сапасы дереу түсе бастайды жəне оны
қайта мұздатуға болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық уақыт
сақтамаңыз.
Күту менен тазалау
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны
қайта толтыруды тек уəкілетті маман ғана
жүзеге асыруға тиіс.
Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал
сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп
алып отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі
түтікшелер жəне/не сымдардың
ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не
бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош
иістендірілген тазалағыш заттарды не
балауыз жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар
құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда
ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара
гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу
құрылғы
жұмысын жақсартып, электр
шығынын азайтады.
Өте маңызды! Салқындатқыш жүйеге еш
нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
10
www.zanussi.com
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында
осы құрылғы үшін пайдаланылған
пластиктерге зиянды əсер ететін
химикаттар бар. Сондықтан да осы
құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған
жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау
ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын
автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнерге түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Тамақтардың үстіне су төгіліп немесе
тамшыламас үшін тоңазытқыш
ортасындағы каналдағы еріген суды
ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл тазалап
отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
Мұздатқыш камераның мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау əрқашан жиналады.
Мұздатқыш камераның қырауының
қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде,
оны жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
электр ашасын жардағы розеткадан
суырыңыз немесе құрылғыны сөндіріңіз
ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше
қабат газетке ораңыз да, салқын жерге
қойыңыз
мұздартқыштың тартпаларын алыңыз
тартпалардың айналасына жылу
өткізбейтін материал қойыңыз, мысалы,
жамылғылар немесе газеттер.
Мұздатқыштың мұзын ерітуді ішіне ыстық
су (қайнап тұрмаған) құйылған
тостағандарды қою арқылы жылдамдатуға
болады.
Ағызу арнасын бекітілген күйінен
босатыңыз, оны суретте көрсетілгендей
басыңыз жəне оған су жиналуы үшін
мұздатқыштың төменгі тартпасына
салыңыз
ери бастаған кезде мұзды ақырын қырып
тастаңыз. Ағаш немесе пластмасса
қырғышты пайдаланыңыз
барлық мұз еріген кезде, камераны
тазалаңыз жəне құрғата сүртіңіз, содан
кейін ағызу арнасын өз орнына қойыңыз.
камераны қосыңыз жəне мұздатылған
тағамдарды қайта салыңыз.
Жеткілікті сақтау температурасына тез
арада жетуі үшін құрылғыны
термостатты бақылау тетігін бірнеше
сағатқа ең жоғарғы күйге қойып
пайдалану ұсынылады.
11
www.zanussi.com
Өте маңызды! Буландырғыштағы
қырауды ешқашан өткір металл
қырғышпен қырмаңыз, оны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Мұзды жылдам еріту үшін
өндіруші ұсынған құралдардан өзге
механикалық немесе басқа жасанды
заттарды ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың
температурасының жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу мерзімін қысқартуы
мүмкін.
Ақаулықты түзету
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықтың себептерін анықтамас
бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулықтардың себебін тек электр маманы
немесе білікті адам ғана анықтауға тиіс.
Өте маңызды! Құрылғы қалыпты жұмыс
істеп тұрған кезде біраз шуыл естіледі
(компрессор, салқындатқыш сұйықтың
айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс орнықпаған. Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт аяғы
да еденге тиіп тұруға тиіс).
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана ашыңыз,
ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасы тым
жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Су тоңазытқыштың артқы
тақтасына қарай ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту
барысында еріген су артқы
тақтаға ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға ақпайды.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға жалғаңыз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Тағамдар дұрыс оралмаған. Тағамдарды жақсылап ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
12
www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым төмен.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым жоғары.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Төменірек температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Тағамның температурасы тым
жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам
сақталған.
Бір мезгілде сақталатын тағам
мөлшерін азайтыңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі
температура тым жоғары.
Құрылғының ішінде суық ауа
айналымы жоқ.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым жоғары.
Тағамдар бір-біріне өте жақын
қойылған.
Тағамдарды суық ауа айнала
алатындай етіп сақтаңыз.
Құрылғы жұмыс істемей
тұр.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Құрылғыға электр қуаты келмей
тұр. Розеткада тоқ жоқ.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз. Білікті
электрші маманға хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
Жоғарыдағы тексерулерді орындағаннан
кейін де құрылғы дұрыс жұмыс істемесе,
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Шамды ауыстыру
1. Құрылғыны ажыратыңыз.
2. Шамның қақпағын ағыту үшін
жылжымалы бөлігін басыңыз (1).
3. Шамның қақпағын алыңыз (2).
4. Егер шамды ауыстыру қажет болса,
орнына сипаттамасы мен қуат мəні
ұқсас шам салыңыз. Osram
PARATHOM SPECIAL T26 0.8 Ватт
шамын пайдалануды ұсынамыз.
5. Шамның қақпағын орнына қойыңыз.
6. Құрылғыны іске
қосыңыз.
7. Есікті ашыңыз. Шамның жанатынына
көз жеткізіңіз.
1
2
Есікті жабыңыз
1. Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату"
тарауын қараңыз.
13
www.zanussi.com
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық сиппатама
Өлшемі
Биіктігі 1850 мм
Ені 595 мм
Тереңдігі 658 мм
Температураны көтеру уақыты 20 сағ
Кернеу 230-240 В
Жиілік 50 Гц
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол
жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында жəне қуат мəндері
берілген жапсырмада көрсетілген.
Орнату
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны орнатпай тұрып
"Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке
басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін жəне құрылғыны дұрыс пайдалану
үшін мұқият оқып шығыңыз.
Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы
құрылғының техникалық ақпараттар
тақтайшасында көрсетілген климат
санатына сай келетін жерге орналастыру
қажет:
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Орналасуы
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура
түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен
мүмкіндігінше алыс орнату қажет.
Құрылғының артқы жағында ауаның еркін
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер
құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына
қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға
ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм
орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы,
құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың
астына қоймаған дұрыс. Құрылғы
корпусының астындағы бір немесе
бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір
деңгейлеп орнатуға болады.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
электр желісінен ағытатындай
етіп
орналастыру керек; сондықтан оны
орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай
жететін жерде тұруға тиіс.
14
www.zanussi.com
A
B
100 mm
min
20 mm
Артқы тығыздағыштар
Құжаттар салынған қалтадан екі
тығыздағышты таба аласыз.
Тығыздағыштарды орнату үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Бұранданы босатыңыз.
2. Тығыздағышты бұранданың астына
салыңыз.
3. Тығыздағышты дұрыс жаққа бұраңыз.
4. Бұрандаларды қатайтыңыз.
2
4
3
1
Деңгейін келтіру
Құрылғыны
орналастырған
кезде орнықты
болуын
қадағалаңыз. Оны
алдының төменгі
жағындағы
реттемелі екі
аяғының көмегімен
орнықты етуге
болады.
Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің
қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы
мақсатта қорек сымы контактпен қатар
жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге
қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай
жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып
өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Есіктің ашылатын жағын өзгерту
Назарыңызда болсын! Қандай да бір
жұмысты іске асырмас бұрын ашаны
электр розеткасынан суырыңыз.
Өте маңызды! Төмендегі əрекеттерді
жүзеге асыру үшін, құрылғының есіктерін
мықтап ұстап тұруға көмектесетін тағы бір
адамның болуын ұсынамыз.
15
www.zanussi.com
DC
E
F
A
B
D
A
B
C
A
2
1
Есіктерді ашыңыз.
Ортаңғы топсаны
(В) ағытып
алыңыз.
Пластмасса
аралық шектегішті
(А) алыңыз.
Аралық
шектегішті (F)
алыңыз да, топса
өзегінің (E) екінші
жағына
ауыстырыңыз.
Есіктерді алыңыз.
Ортаңғы
топсаның (C,D)
сол жақ қақпақ
істікшесін алыңыз
да, екінші жағына
ауыстырыңыз.
Ортаңғы
топсаның
істікшесін (С)
астыңғы есіктің
сол жақ тесігіне
салыңыз.
Астыңғы топсаны
(А) ағытыңыз
Сол жақ қақпақ
істікшесін (D)
алыңыз да, екінші
жағына
ауыстырыңыз.
Астыңғы
топсаны
(А) қарама-қарсы
жаққа орнатыңыз.
Астыңғы топса
өзегін (В) жəне
аралық шектегішті
(С) бұрап алыңыз
да, қарсы жағына
салыңыз.
Екі есіктің де
үстіңгі
жақтарындағы
тығындарды (1)
алып, екінші
жағына қойыңыз.
Астыңғы есікті
төменгі топса
білікшесіне қайта
кіргізіңіз.
Ортаңғы топсаны
астыңғы есіктің
сол жақ
бұрғыламасына
салыңыз.
Үстіңгі топса
білікшесін
босатып алып,
оны қарама-қарсы
жаққа бекітіңіз.
Үстіңгі есікті үстіңгі
топса
білікшесіне
орналастырыңыз.
Екі есікті де сəл
еңкейтіп тұрып,
үстіңгі есікті
ортаңғы топсаның
білікшесіне қайта
кіргізіңіз.
Ортаңғы топсаны
қайта бекітіңіз.
Пластик аралық
шектегішті
ұмытпаңыз.
Ең соңында төмендегілерді тексеріңіз:
Барлық бұрандалардың қатайтып
бұралғанын.
Есіктердің жиектерінің құрылғының бүйір
жиегімен қатарлас келетіндігін
тексеріңіз.
Магнитті тығыздауыштың қаптамаға
жабысқанын.
Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын.
Егер бөлме температурасы салқын болса
(мысалы, қыста),
тығыздағыш қаптамаға
дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда
тығыздағыш өздігінен дəл келгенше күтіңіз.
Егер жоғарыда аталған жұмысты
атқарғыңыз келмесе, жақын жерде
орналасқан қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Қызмет көрсету
орталығының маманы есіктің орнын
төлемақыға ауыстырып береді.
16
www.zanussi.com
Қоршаған орта мəселелері
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр жəне
электроникалық бұйымдарды жинап
утилизация үшін арнайы контейнерлерге
салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс
түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған
орта менен адам денсаулығына түсіп
пайда бола алатын зиянын болдыртпауын
үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл
бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда
болуы мүмкін. Осы бұйымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін
жергілікті əкімшілігіңізбен, қалдықтарды
жинап əкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
17
www.zanussi.com
Cuprins
Informaţii privind siguranţa _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Descrierea produsului _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
Funcţionarea _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
Prima utilizare _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 22
Utilizarea zilnică _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 22
Cum se foloseşte dozatorul EasyWater _ 23
Sfaturi utile _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 25
Îngrijirea şi curăţarea _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26
Depanare _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 27
Date tehnice _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 29
Instalarea _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30
Informaţii privind mediul _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32
Ne rezervãm dreptul asupra efectuãrii de modificãri.
Informaţii privind siguranţa
Pentru siguranţa dv. şi pentru a asigura utili-
zarea corectă a aparatului, înainte de instala-
re şi de prima utilizare, citiţi cu atenţie acest
manual de utilizare, inclusiv recomandările şi
avertismentele cuprinse în el. Pentru a evita
erorile inutile şi accidentele, este important să
vă asiguraţi că toate persoanele care vor fo-
losi aparatul cunosc foarte bine modul său de
funcţionare şi caracteristicile de siguranţă.
Păstraţi aceste instrucţiuni şi asiguraţi-vă că
ele vor însoţi aparatul în cazul în care este
mutat sau vândut, astfel încât toţi utilizatorii,
pe întreaga durată de viaţă a aparatului, să
fie corect informaţi cu privire la utilizarea şi si-
guranţa sa.
Pentru siguranţa persoanelor şi a bunurilor,
respectaţi măsurile de precauţie din aceste
instrucţiuni de utilizare, deoarece producăto-
rul nu este responsabil de daunele cauzate
prin nerespectarea acestor cerinţe.
Siguranţa copiilor şi a persoanelor
vulnerabile
Acest aparat nu trebuie folosit de persoane
(inclusiv copii) cu capacităţi fizice, senzo-
riale şi mentale reduse, sau lipsiţi de expe-
rienţă şi cunoştinţe, cu excepţia cazului în
care sunt supravegheaţi sau li s-au dat in-
strucţiuni în legătură cu folosirea aparatu-
lui, de către o persoană răspunzătoare
pentru siguranţa lor.
Copiii trebuie supravegheaţi ca să nu se
joace cu aparatul.
•Nu lăsaţi ambalajele la îndemâna copiilor.
Există riscul de sufocare.
Când aruncaţi aparatul, scoateţi ştecherul
din priză, tăiati cablul de alimentare (cât
mai aproape de aparat) şi înlăturaţi uşa,
astfel încât copiii care se joacă să nu se
poată electrocuta şi să nu se poată închide
înăuntru.
•Dacă acest aparat, care are garnituri mag-
netice la uşă, înlocuieşte un aparat mai ve-
chi care are un sistem de închidere cu arc
(zăvor cu resort), faceţi inutilizabil sistemul
de închidere înainte de a arunca aparatul
vechi. În acest mod nu va putea deveni o
capcană mortală pentru un copil.
Aspecte generale referitoare la siguranţă
Avertizare
Menţineţi libere deschiderile de ventilare din
carcasa aparatului sau din structura în care
este încorporat.
Acest aparat este destinat pentru conser-
varea alimentelor şi/sau a băuturilor în lo-
cuinţele normale, aşa cum se arată în
acest manual de instrucţiuni.
Nu utilizaţi dispozitive mecanice sau alte
mijloace artificiale pentru a accelera proce-
sul de dezgheţare.
Nu utilizaţi alte aparate electrice (de ex.
aparate de îngheţată) în interiorul aparate-
lor de răcire, decât dacă sunt aprobate în
mod special de producător în acest scop.
Nu deterioraţi circuitul de răcire.
Circuitul de răcire al aparatului conţ
ine izo-
butan ca agent de răcire (R600a), un gaz
natural cu un nivel ridicat de compatibilitate
cu mediul înconjurător, dar care este infla-
mabil.
18
www.zanussi.com
În timpul transportului şi instalării aparatu-
lui, procedaţi cu atenţie pentru a nu dete-
riora niciuna dintre componentele circuitului
de răcire.
Dacă circuitul de răcire este deteriorat:
–evitaţi flăcările deschise şi sursele de foc
aerisiţi foarte bine camera în care este
amplasat aparatul
Este periculos să modificaţi specificaţiile
sau să modificaţi acest produs, în orice fel.
Deteriorarea cablului de alimentare poate
produce un scurt-circuit, un incendiu şi/sau
electrocutarea.
Avertizare Pentru evitarea oricărui peri-
col, componentele electrice (cablu de ali-
mentare, ştecher, compresor, etc.) trebuie în-
locuite numai de către un tehnician de servi-
ce autorizat şi calificat, cu respectarea nor-
melor de siguranţă în vigoare.
1. Cablul de alimentare nu trebuie prelun-
git.
2. Cablul de alimentare din spatele apa-
ratului nu trebuie strivit sau deteriorat
de partea din spate a aparatului. Un
cablu de alimentare strivit sau deterio-
rat se poate supraîncălzi şi poate pro-
duce un incendiu.
3. Trebuie asigurat un acces uşor la şte-
cherul aparatului.
4. Nu trageţi de cablul de alimentare.
5. Dacă priza nu este fixă, nu introduceţi
ştecherul în priză. Există riscul de elec-
trocutare sau incendiu.
6. Aparatul nu trebuie utilizat fără a fi
montat capacul becului din interior
(dacă este prevăzut).
Acest aparat este greu. Procedaţi cu aten-
ţie când îl deplasaţi.
Nu scoateţi şi nu atingeţi alimentele din
compartimentul congelator dacă aveţi mâi-
nile umede sau ude, deoarece în acest
mod pielea se poate zgâria sau poate sufe-
ri degerături.
•Evitaţi expunerea îndelungată a aparatului
la lumină solară directă.
Becurile (dacă sunt prevăzute) din acest
aparat sunt special destinate aparatelor
electrocasnice. Acestea nu sunt compatibi-
le cu iluminatul locuinţei.
Utilizarea zilnică
Nu puneţi oale fierbinţi pe piesele din plas-
tic ale aparatului.
•Nu păstraţi gaze şi lichide inflamabile în in-
teriorul aparatului, deoarece ar putea ex-
ploda.
Nu puneţi alimentele în contact cu fantele
de aerisire de pe peretele din spate. (Dacă
aparatul este Frost Free -fără gheaţă)
Alimentele congelate nu trebuie să mai fie
congelate din nou după ce s-au dezgheţat.
•Păstraţi alimentele congelate ambalate în
conformitate cu instrucţiunile producătoru-
lui alimentelor congelate.
Recomandările producătorului aparatului
privind conservarea trebuie respectate cu
stricteţe. Consultaţi instrucţiunile respecti-
ve.
Nu puneţi băuturi gazoase sau carbonatate
în compartimentul congelator, deoarece se
creează presiune asupra recipientului, iar
acesta ar putea exploda, deteriorând apa-
ratul.
Îngheţata pe băţ poate cauza degerături
dacă e consumată imediat după scoaterea
din aparat.
Întreţinerea şi curăţarea
Înainte de a efectua operaţ
iile de întreţine-
re, opriţi aparatul şi scoateţi ştecărul din
priză.
•Nu curăţaţi aparatul cu obiecte din metal.
•Nu folosiţi obiecte ascuţite pentru a în-
depărta gheaţa din aparat. Folosiţi o răzui-
toare din plastic.
•Examinaţi periodic scurgerea din frigider
pentru a vedea dacă există apă rezultată
din dezgheţare. Dacă este necesar, curăţa-
ţi scurgerea. Dacă scurgerea este blocată,
apa se va acumula în partea de jos a apa-
ratului.
19
www.zanussi.com
Instalarea
Important Pentru racordarea la electricitate
respectaţi cu atenţie instrucţiunile din
paragrafele specifice.
Despachetaţi aparatul şi verificaţi să nu fie
deteriorat. Nu conectaţi aparatul dacă este
deteriorat. Comunicaţi imediat eventualele
defecte magazinului de unde l-aţi
cumpărat. În acest caz, păstraţi ambalajul.
Se recomandă să aşteptaţi cel puţin două
ore înainte de a conecta aparatul, pentru a
permite uleiului să curgă înapoi în compre-
sor.
Trebuie să se asigure o circulaţie adecvată
a aerului în jurul aparatului, în lipsa aces-
teia se poate supraîncălzi. Pentru a obţine
o ventilare suficientă, urmaţi instrucţiunile
referitoare la instalare.
Pe cât posibil, spatele aparatului trebuie să
se afle lângă un perete, pentru a evita atin-
gerea părţilor calde şi a evita riscul de ar-
suri.
Aparatul nu trebuie amplasat în apropierea
caloriferului sau a aragazului.
Asiguraţi-vă că după instalarea aparatului
priza ră
mâne accesibilă.
Conectaţi numai la o sursă de apă potabilă
(dacă se prevede racordarea la o sursă de
apă).
Serviciul de Asistenţă Tehnică
Toate lucrările electrice necesare pentru in-
stalarea acestui aparat trebuie efectuate de
către un electrician calificat sau de o per-
soană competentă.
Acest produs trebuie reparat numai centru
de service autorizat şi trebuie să se folo-
sească numai piese de schimb originale.
Protecţia mediului înconjurător
Acest aparat nu conţine gaze care pot
deteriora stratul de ozon, nici în circuitul
de răcire şi nici în materialele de izolare. Apa-
ratul nu poate fi aruncat împreună cu deşeuri-
le urbane şi cu gunoiul. Spuma izolatoare
conţine gaze inflamabile: aparatul trebuie eli-
minat conform reglementărilor aplicabile ale
autorităţilor locale. Evitaţi deteriorarea unităţii
de răcire, mai ales în spate, lângă schimbăto-
rul de căldură. Materialele folosite pentru
acest aparat marcate cu simbolul
sunt re-
ciclabile.
20
www.zanussi.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48

Zanussi ZRB836MW2 Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare

în alte limbi