Electrolux EOC66700X Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
Қолдану туралы
нұсқаулары
informaţii pentru utilizator
Інструкція
Тұмшапеш
Cuptor
Духова шафа
EOC66700
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 6
Бірінші қолданғанға дейін 6
Әркүндік қолдану 7
Сағат фунциялары 9
Керек-жарақтарды қолдану 10
Қосымша функциялар 12
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
13
Күту менен тазалау 18
Не істерсіңіз, егер... 21
Орнату 22
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 24
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, іске қосардың
алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
емес.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан
балалар мен денесіне, сезім жүйесіне
не ақыл-есіне зақым келген адамдар
не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы немесе
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе
қолдануына болады. Балалар
құрылғымен ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі
ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз.
Жарақат алу немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы
не түймешікті құрсаулау (Басқару
құралдарын құрсаулау) функциясы
болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал
балалар мен үй жануарларының
құрылғыны байқаусызда іске қосуына
жол бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз.
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін
әрдайым құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Құрылғыны тек білікті электрик
орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет
болса, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет
пайдаланардан бұрын барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
төсемдерін алып тастаңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасын
алмаңыз. Бұл кепілдікті заңды
күшінен айырады.
2 electrolux
Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен стандарттарды
(қауіпсіздік нұсқаулары, қалдықтарды
қайта өңдеу бойынша ережелер,
электр не газ қауіпсіздігі ережелері
т.с.с.) мұқият орындаңыз.
Құрылғыны орнатардың алдында,
ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны ешқашан
тұтқасынан тартпаңыз.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық полюстерде желіден
ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр қатерінен сақтандыратын
құралдарды, инструмент көмегінсіз
алынбайтын етіп бекітіңіз.
Құрылғының кейбір бөлшектерінде
кернеу болуы мүмкін. Құрылғыны
қаптамаға кіргізіп, ешбір бос орын
қалмағанына көз жеткізіңіз. Бұл
құрылғының қауіпті бөлшектеріне
кездейсоқ қол тиігізіп, электр қатеріне
ұшырамау үшін қажет.
Құрылғы орнатылатын қаптама
өлшемінің құрылғыға сай келетінін,
оны орнатпай тұрып тексеріңіз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының арт жағы мен бір жақ
жанын, биігірек құрылғыға
жанастырып орнатыңыз. Керісінше
екінші жағын, биіктігі бірдей жиһазға
қатарластыра орнату қажет.
•Бұл құрылғыны тағанның үстіне
орнатуға болмайды.
Кіріктірілген пештер мен пештің үсті,
арнаулы қосылым жүйелерінің
көмегімен орнатылады. Құрылғыға
нұқсан келудің алдын алу үшін, тек
бір өндіруші өндірген құрылғыларды
ғана бірге қолданыңыз.
Электр қосылымы
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қорек
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған
құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта
қолданбаңыз.
electrolux 3
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Бұл адам
жарақаттанып, мүлікке зиян келудің
алдын алу үшін қажет.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды және/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт
шығу қаупі бар.
Құрылғыны іске қосқан кезде іші ысып
кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-
жарақтар мен кәстрөлдерді алып-
салған кезде қолғап киіңіз.
Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас алмас үшін оның керек-
жарақтарын салып, не алып жатқан
кезде абай болыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін, әрқашан құрылғыдан алыс
тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар.
•Эмаль қаптаманың түсінің кетуі
құрылғының жұмысына еш әсер
етпейді, сондықтан да бұл кепілдік
заңы бойынша қарастырылатын
жағдай емес.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су
қолмен іске қоспаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тағамды пісіргенде, тіпті гриль
жасаған кезде де құрылғы есігін
әрқашан жауып отыру қажет.
Күту менен тазалау
Құрылғыны жөндердің алдында
сөндіріп, электр желісінен ағытыңыз.
Жөндердің алдында құрылғының
салқын тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар. Шыны панелі
сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғыны мерзімді түрде
тазаласаңыз, оның бетінің сапасы
түспейді.
Өте сұйық қоспадан жасалған
торттарды пісірген кезде, жеміс
шырыны кетпейтін дақ қалдырмас
үшін терең пісіру науаларын
қолданыңыз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
және мүлікке зиян келтірмеу үшін,
құрылғыны тек су мен сабынды
қолданып тазалаңыз. Тұтанғыш
заттар немесе тот бастыратын
заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бу құрылғылары, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдар,
өткір, түрпілі тазалағыш заттар,
түрпілі жөке және дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынып, жарылып
кетуі мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Каталитті эмальды тазаламаңыз
(егер бар болса).
Пиролитпен тазалау
Пиролитпен тазалаған кезде
құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Пиролитпен тазалап жатқан кезде
есікті ашпаңыз, құрылғыны электр
желісінен ағытпаңыз.
Пиролитпен тазалаған кезде
балаларды жақындатпаңыз. Құрылғы
қатты қызып кетеді. Күйіп қалу қаупі
бар.
4 electrolux
Пиролитпен тазалаған кезде, қатып
қалған қоқыс эмаль қаптаманың түсін
кетіруі мүмкін. Құрылғының эмаль
қаптамасының түсінің өзгеруі
құрылғының жұмысына әсер етпейді.
Өрт қатері
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда
болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды және/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз.
Тұмшапештің шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін
қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дәл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі
бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уәкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
•Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қорек сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне
кіріп, қамалып қалуына жол бермеу
үшін қажет. Тұншығып кету қатері
бар.
electrolux 5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы шолу
1
8
3
2
4
5
6
7
1 Басқару панелі
2 Электрондық бағдарламалағыш
3 Желдеткіш саңылаулары
4 Гриль
5 Тұмшапештің шамы
6 Бұрылмалы істіктің тесігі
7 Желдеткіш
8 Техникалық ақпарат тақтайшасы
Пеш жабдықтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру және қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
Бұрылмалы істік
Еттің үлкен кесектері мен құс етін
қуыруға арналған.
Алмалы сырғытпа жолдар
Сөрелерді немесе науаларды қоюға
арналған.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды
қолданбаңыз! Бұндай заттар
құрылғының бетін бүлдіруі мүмкін.
"Күтім көрсету және тазалау"
тарауын қараңыз.
Уақытты орнату және өзгерту
Тұмшапешті іске қосу үшін алдымен
уақытты орнатыңыз.
Тұмшапешті тоққа қосқаннан кейін
немесе тоқ сөнгеннен кейін
және
белгілері автоматты түрде
жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты
немесе арқылы
орнатыңыз.
Уақытты өзгерту
1.
түймешігін және
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
Дұрыс уақытты
немесе арқылы
орнатыңыз.
6 electrolux
1
2
Сағат уақытты көрсетеді де, 5
секундтан кейін жыпылықтау тоқтайды.
Алдын ала қыздыру
1.
Функцияны
және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Пешті шамамен 1 сағат тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Пешті шамамен 10 минут тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
5.
Функцияны
және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Пешті шамамен 10 минут тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
Бұл құрылғының ішіндегі қалдықтарды
жағу үшін керек. Керек-жарақтар
әдеттегіден ыстығырақ болады.
Құрылғыны бірінші рет алдын ала
қыздырған кезде, одан иіс пен түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауа
айналымының жеткілікті екенін
тексеріңіз.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Бейнебет
1 2 3
1 Пісіру функциясы
2 Температура
3 Уақыт
Түймешік Функциясы Сипаттама
ҚОСУ/ӨШІРУ Құрылғыны қосуға не өшіруге арналған.
ТАҢДАУ ТЕТІГІ Тұмшапеш функциясын орнатуға арналған.
ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ
Жылдам қыздыру функциясын қосуға
арналған.
ПИРОЛИТ КӨМЕГІМЕН
ТАЗАЛАУ
Пиролитпен тазалауды бастау үшін.
/
ПЛЮС, МИНУС
Мәндерді (температура және уақыт) реттеуге
арналған.
САҒАТ Сағат функциясын орнатуға арналған.
Батырма түймешік
Пештің барлық функциялары батырма
түймешіктер арқылы басқарылады.
Батырма түймешіктерді пісіру
функцияларының комбинациясын,
пісіру температурасын және уақытты
автоматты түрде есептеу үшін
қолдануға болады.
Бір мезетте тек бір ғана басқару
түймешігін басуды мұқият ескеріңіз.
Пісіру функциясын орнату үшін
түймешікті басып ұстап тұрыңыз.
electrolux 7
Тұмшапеш функциясын орнату
1
2
1.
түймешігін тұмшапештің қажетті
функциясының белгісі
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
Бейнебетте автоматты температура
көрсетіледі. Егер температураны 5
секунд ішінде өзгертіп үлгермесеңіз,
құрылғы жұмыс істей бастайды.
2.
Температураны өзгерту үшін
немесе түймешігін басыңыз.
Тұмшапештің функциясын іске қоса
бастасаңыз, температура белгісі
жыпылықтайды.
Белгі құрылғы ішіндегі
температураның жоғарылай
бастағанын көрсетеді.
Құрылғы орнатылған температураға
келген кезде, дыбыстық сигнал
естіліп, температура белгісі
жыпылықтағанын тоқтатады.
Тоқ сөніп қалса, бағдарламалағыш
барлық параметрлерді шамамен 3
минут сақтап тұрады. Тоқ 3
минуттан астам уақыт өткенше
қосылмаса, параметрлерді қайта
орнату (тәулік уақытын да қоса)
керек.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Дәстүрлі пісіру
Жоғарғы және төменгі элементтен бірдей
қыздырады. Тұмшапештің бір деңгейінде
пісіру және қуыру үшін.
Ауамен желпіп пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей
температурада пісірілуге тиіс тағамдарды
иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға немесе
қуырып-пісіруге арналған.
Бүтін қақтама
Бүтін қақтама элементі қосылады. Жалпақ
етіп дайындалған тағамдардан көп
мөлшерде гриль дайындауға арналған. Тост
жасау үшін.
Бұрылмалы істік
Грильденген ет немесе кәуап және еттің
кішкене кесектері үшін.
Ет пісіру
Ет қуыруға арналған. Қызу үстіңгі және
астыңғы элементтерден келеді.
Қызумен қақтау
Гриль элементі мен тұмшапештің желдеткіші
ыстық ауаны тағамның айналасына
таратады. Еттің үлкен кесектерін пісіруге
арналған.
Өте маңызды! Бұл функцияға арналған ең
үлкен температура: 200 °C.
Жылы ұстау Тағамды жылы күйде ұстауға арналған.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Крем толтырылған пирог, безендірілген торт,
кондитер өнімдері, нан және басқа да
ашытқыдан жасалған тағамды жібітуге сай
келеді.
8 electrolux
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Пиролитпен тазалау Қоқысты тазалау үшін.
Қалдық қызу функциясы
Қалдық қызу функциясы қосылғанда,
тұмшапеш уақыт аяқталардан бірнеше
минут автоматты түрде сөнеді.
Тұмшапеш қалдық қызуды тағамды
ешбір қуат жұмсамай аяқтап пісіру үшін
қолданады.
Өте маңызды! Қалдық қызу функциясын
тек Ұзақтық функциясы 15 минуттан
ұзақ болса ғана қолдануға болады.
Жылдам қыздыру функциясы
Жылдам қыздыру функциясы алдын
ала қыздыру уақытын қысқартады. Бұл
функцияны кез келген пісіру
функциясымен бірге қолдануға болады.
Өте маңызды! Тағамды тұмшапештің
ішіне жылдам қыздыру функциясы
аяқталғанша қоймаңыз.
1. Тұмшапеш функциясын орнатыңыз.
Қажет болса, ұсынылған
температураны өзгертіңіз.
2.
түймешігін басыңыз. Бейнебетте
"FHU" көрсетіледі де, жылдам
қыздыру функциясы жұмыс істейді.
3. Жылдам қыздыру функциясы
аяқталған кезде, дыбыстық сигнал
естіліп, "FHU" көрінбей қалады.
Осы кезде құрылғы орнатылған
тұмшапеш функциясы мен
температурасына сай қыздыра
түседі.
4. Тағамды тұмшапешке қойыңыз.
САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ
Сағат функциясы Қолданылуы
Тәулік уақыты Уақытты көрсетеді. Уақытты орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне әсер етпейді.
Ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ жұмыс істеуге тиіс екенін көрсетуге
арналған.
Соңы Пеш функциясын өшіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық пен Соңы
функциясын, пеш кейінірек
автоматты түрде қосылып не
ажыратылуға тиіс болса қатар
пайдалануға болады. Бұндай
жағдайда алдымен Ұзақтық
параметрін, содан кейін Соңы
параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын орнату
1
2
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз (Минут
операторы үшін қажет емес).
electrolux 9
"Тұмшапеш функциясын орнату"
тарауын қараңыз.
2.
түймешігін қажетті сағат
функциясының белгісі
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
3.
Минут операторын
, Ұзақтық
немесе Аяқтау функциясын
орнатыңыз,
немесе түймешігін
басыңыз.
Тиісті сағат функциясының белгісі
пайда болады.
Уақыт аяқталған кезде, сағат
функциясының белгісі
жыпылықтайды да, дыбыстық сигнал
2 минут естіледі. Дыбыстық
сигналды тоқтату үшін кез келген
сенсор өрісін басыңыз.
Ұзақтық және Аяқтау
функциялары орнатылғанда,
құрылғы автоматты түрде сөнеді.
4.
Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін басыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1.
түймешігін қажетті сағат
функциясының белгісі мен
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
"
" түймешігін уақыт мәні "00:00"
болғанша қайта-қайта басыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Сөре сырғытпалары
Сөре сырғытпаларын орнату
Сөре сырғытпаларын әрбір деңгейге
қоюыңызға болады.
Бір деңгейге екі сөре сырғытпасының
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Сөре сырғытпасының бір ұшындағы
тоқтату элементі жоғары қарап тұруға
тиіс.
1
2
Сөре сырғытпасын қолдану
Сөре сырғытпаларын қолданғанда,
сөрелерді барынша оңай салуға және
алуға болады.
10 electrolux
1. Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып шығарыңыз.
°C
2. Тұмшапеш сөрелерін сөре
сырғытпаларына салыңыз да,
құрылғыға қарай абайлап итеріңіз.
Сөре сырғытпаларын тұмшапеш
есігін жаппай тұрып, құрылғыға
әбден итеріп кіргізгеніңізге көз
жеткізіңіз.
°C
Сақтандыру туралы ескерту!
Сырғытпаларды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
Сырғытпаларды майламаңыз.
Бұрылмалы істік
31 2 4
1 Ұстағыш
2 Істік
3 Шанышқылар
4 Бұрылмалы істік жақтауы
Назарыңызда болсын!
Шанышқылар мен бұрылмалы
істіктің істігі (жинақта бар болса)
өткір болады. Оны іске қосқанда
абай болыңыз.
1. Тағам қуыруға арналған табаны
астынан санағанда бірінші деңгейге
қойыңыз.
2. Бұрылмалы істіктің жақтауын
астынан санағанда екінші деңгейге
қойыңыз.
3. Бұрылмалы істікке бірінші
шанышқыны орнатыңыз.
4. Гриль жасағыңыз келген тағамды
салыңыз.
5. Екінші шанышқыны салыңыз.
Шанышқыларды бұрандалармен
қатайтыңыз.
6. Істіктің ұштығын бұрылмалы істікке
арналған саңылауға орнатыңыз
("Өнім сипаттамасы" тарауына
қараңыз).
7. Істіктің алдыңғы бөлігін істіктің
жақтауына қойыңыз.
8. Ұстағышты алыңыз.
9. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз ("Пісіру
кестелері" тарауын қараңыз).
electrolux 11
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы
орнатылып тұрғанда, құрылғыны
іске қоса алмайсыз.
Бала қауіпсіздігінің құралын қосу
1.
Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін басыңыз.
2.
және түймешігін бейнебетте
“SAFE” көрсетілгенше бір уақытта
басыңыз. Бала қауіпсіздігінің
құралын қосулы.
Бала қауіпсіздігінің құралын ажырату
Бала қауіпсіздігінің құралын ажырату
үшін көрсетілген қадамдарды қайта
орындаңыз.
Дыбыстық сигнал
Дыбыстық сигналды ажырату
1.
Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін басыңыз.
2.
және түймешіктерін сигнал
естілгенше қатар басып ұстап
тұрыңыз (шамамен 2 секунд).
Дыбыстық сигнал қосылмайды.
Дыбыстық сигналды қосу
1.
және түймешіктерін сигнал
естілгенше қатар басып ұстап
тұрыңыз (шамамен 2 секунд).
2. Дыбыстық сигнал қайта іске
қосылады.
Автоматты түрде өшіру
Құрылғы белгілі бір уақыттан кейін
автоматты түрде сөнеді:
Егер құрылғыны сөндірмесеңіз
Егер тұмшапештің
температурасын өзгертпесеңіз.
Тұмшапеш келесі температурада
сөнеді:
30 - 115 °C 12.0
сағаттан
кейін
120 - 195 °C 8.5 сағаттан
кейін
200 - 245 °C 5.5 сағаттан
кейін
250 - макс.
°C
3.0 сағаттан
кейін
Тұмшапеш автоматты түрде сөнгеннен
кейін оны біржола сөндіріңіз. Содан
кейін қайта қосуға болады.
Ақаулық коды
Параметрлердің кейбірі дұрыс болмаса,
басқару құралы қосылып тұрған
функцияларды тоқтатады да, ақаулыққа
қатысты кодты көрсетеді. “Төмендегі
жағдайларда не істеу керек…” тарауын
қараңыз.
Желдеткіш
Құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде іске
қосылады. Егер құрылғыны өшірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс жасап тұра береді.
12 electrolux
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тәрізді қатерлі жағдайдың алдын алу
үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Құрылғы ауаны айналдыруға және
буды үздіксіз айналдыруға арналған
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы
ортада, ішін жұмсақ, сыртын
қытырлақ етіп пісіре аласыз. Бұл
функция пісіру уақыты мен қуат
шығынын барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті әрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және құрылғының
бөлшектерін тағам пісірген кезде
алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
кіреуке қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торттарды пісіру
Торт пісіруге 150°C мен 200°C
аралығындағы температура тамаша
сай келеді.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың
арасындағы бір қатарды ашық
қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет
өте кебір болып піседі.
Қызыл еттің сырт жағын әбден, ішін
сөлімен пісіру үшін температураны
200 °C-250 °C аралығында
орнатыңыз.
Үй құсының еті не балық тәрізді ақ
етті пісіру үшін температураны 150°C
- 175 °C аралығында орнатыңыз.
Өте майлы тағам пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін, су кеуіп кеткен
сайын қосымшалап су құйыңыз.
Пісіру уақыты
Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына
және мөлшеріне қарай әртүрлі болады.
Алғаш тағам пісірген кездері пісіру
үрдісіне жақсы назар аударып
отырыңыз. Осы құрылғы арқылы
пісіргенде ыдыстарыңызға, рецепт және
тағам мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді(қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с) тауып алыңыз.
electrolux 13
Пісіру және қуыру кестесі
ТОРТТАР
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру
Желдеткіш
арқылы пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңгей
Темп.
[°C]
Деңгей
Темп.
[°C]
Шайқап пісіру
рецептері
2 170 2 (1
және
3)
165 45-60 Тортқа арналған
қалыпта
Үгілмелі
қамыр
2 170 2 (1
және
3)
160 24-34 Тортқа арналған
қалыпта
Майсу
қосылған
сүзбелі торт
1 170 2 165 60-80 Тортқа арналған 26 см-
лік қалыпта
Алма торты
(Алма бәліші)
1 170 2 (1
және
3)
160 100-120 Сөреге қойылған 20 см-
лік 2 торт қалыбы
Штрудель 2 175 2 150 60-80 Пісіру табағында
Джем
қосылған
пирожныйлар
2 170 2 (1
және
3)
160 30-40 Тортқа арналған 26 см-
лік қалыпта
Жеміс торты 2 170 2 155 60-70 Тортқа арналған 26 см-
лік қалыпта
Бисквит торт
(майсыз
бисквит торт)
2 170 2 160 35-45 Тортқа арналған 26 см-
лік қалыпта
Рождество
торты/
шырынды
жеміс-жидек
торты
2 170 2 160 50-60 Тортқа арналған 20 см-
лік қалыпта
Қара өрік
торты
2 170 2 165 50-60
Нан қалыбында
1)
Кішкене
кекстер
3 170 3 (1
және
3)
165 20-30 Жайпақ пісіру табағында
Печеньелер 3 150 3 (1
және
3)
140 20-30 Жайпақ пісіру табағында
1)
Меренга 3 100 3 115 90-120 Жайпақ пісіру табағында
Мейізді тоқаш 3 190 3 180 15-20 Жайпақ пісіру табағында
1)
Кремді
пирожный
3 190 3 (1
және
3)
180 25-35 Жайпақ пісіру табағында
1)
Тарталетка 3 180 2 170 45-70 Тортқа арналған 20 см-
лік қалыпта
14 electrolux
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру
Желдеткіш
арқылы пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңгей
Темп.
[°C]
Деңгей
Темп.
[°C]
Виктория
сэндвичі
1 не 2 180 2 170 40-55 20 см-лік торт
қалыбының сол + оң
жағында
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
НАН ЖӘНЕ ПИЦЦА
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңгей
Темп.
[°C]
Деңгей
Темп.
[°C]
Ақ нан 1 190 1 195 60-70 1-2 бөлке, бір бөлкесі
500 г
1)
Қарабидай
наны
1 190 1 190 30-45 Нан пісіретін қалбырда
Тоқаш 2 190 2 (1
және
3)
180 25-40 6-8 тоқаш, жайпақ пісіру
табағында
1)
Пицца 1 190 1 190 20-30 Қуыруға арналған
шұңғыл табада
1)
Шелпек 3 200 2 190 10~20 Жайпақ пісіру табағында
1)
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
АШЫҚ БӘЛІШ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңгей
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Макаронды
ашық бәліш
2 180 2 180 40-50 Қалыпта
Көкөністі ашық
бәліш
2 200 2 200 45-60 Қалыпта
Бәліш 1 190 1 190 40-50 Қалыпта
Лазанья 2 200 2 200 25-40 Қалыпта
Қамыр
түтікшелер
2 200 2 200 25-40 Қалыпта
Йоркшир
пуддингі
2 220 2 210 20-30
6 пуддинг қалыбы
1)
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
electrolux 15
ЕТ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру
Желдеткіш
арқылы пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңгей
Темп.
[°C]
Деңгей
Темп.
[°C]
Сиыр еті 2 200 2 190 50-70 Пеш сөресі мен қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Шошқа еті 2 180 2 180 90-120 Пеш сөресі мен қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Бұзау еті 2 190 2 175 90-120 Пеш сөресі мен қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Шала
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 44-50 Пеш сөресі мен қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Орташа
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 51-55 Пеш сөресі мен қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Жақсы
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 55-60 Пеш сөресі мен қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Шошқаның
қол
омыртқасы
2 180 2 170 120-150 Қуыруға арналған
шұңғыл табада
Шошқаның
жіліншігі
2 180 2 160 100-120 2 кесек, қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Қой еті 2 190 2 190 110-130 Қол еті
Тауық еті 2 200 2 200 70-85 Тұтас пісірілген, қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Күркетауық еті 1 180 1 160 210-240 Тұтас пісірілген, қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Үйрек еті 2 175 2 160 120-150 Тұтас пісірілген, қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Қаз еті 1 175 1 160 150-200 Тұтас пісірілген, қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Қоян еті 2 190 2 175 60-80 Кесектеп туралған
Қоян еті 2 190 2 175 150-200 Кесектеп туралған
Қырғауыл 2 190 2 175 90-120 Тұтас пісірілген, қуыруға
арналған шұңғыл
табада
16 electrolux
БАЛЫҚ ЕТІ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дәстүрлі пісіру
Желдеткіш
арқылы пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңгей
Темп.
[°C]
Деңгей
Темп.
[°C]
Бақтақ/Теңіз
мөңкесі
2 190 2 (1
және
3)
175 40-55 3-4 балық
Тунец/Албырт
балық
2 190 2 (1
және
3)
175 35-60 4-6 кесек қоң еті
Грильдеу
Пісіруді бастамай тұрып, бос пешті
10 минут қыздырып алыңыз.
Мөлшері Грильдеу Минутқа шаққандағы
пісіру уақыты
ТАҒАМ ТҮРІ Бөлікте
р
г
деңгейі
Темпера
тура (°C)
1-ші жағы 2-ші жағы
Филе стейкі 4 800 3 250 12-15 12-14
Сиыр еті стейкі 4 600 3 250 10-12 6-8
Шұжықтар 8 / 3 250 12-15 10-12
Шошқа етінің
бөлігі
4 600 3 250 12-16 12-14
Тауық еті (2-ге
бөлінген)
2 1000 3 250 30-35 25-30
Кебаб 4 / 3 250 10-15 10-12
Тауықтың кеудесі 4 400 3 250 12-15 12-14
Гамбургер 6 600 3 250 20-30
Балық филесі 4 400 3 250 12-14 10-12
Қызартылған
сендвич
4-6 / 3 250 5-7 /
Тост 4-6 / 3 250 2-4 2-3
Қызу арқылы грильдеу
Назарыңызда болсын! Осы
функцияны пайдаланған кезде
максимум 200°C температураны
таңдаңыз.
Мөлшері Грильдеу
Пісіру уақыты, минут
ТАҒАМ ТҮРІ Данасы г
қатары
Темп.
(°C)
1-ші жағы 2-ші жағы
Рулет (күркетауық) 1 1000 3 200 30-40 20-30
Тауық еті (екіге
бөлінген)
2 1000 3 200 25-30 20-30
Тауық етінен
жасалған таяқша
6 - 3 200 15-20 15-18
Бөдене 4 500 3 200 25-30 20-25
electrolux 17
Мөлшері Грильдеу
Пісіру уақыты, минут
ТАҒАМ ТҮРІ Данасы г
қатары
Темп.
(°C)
1-ші жағы 2-ші жағы
Көкөніс гратині - - 3 200 20-25 -
данасы Эскалоп - - 3 200 15-20 -
Скумбрия 2-4 - 3 200 15-20 10-15
Балық тіліктері 4-6 800 3 200 12-15 8-10
Бұрылмалы істік
Пісіруді бастамай тұрып, бос пешті
10 минут қыздырып алыңыз.
ТАҒАМ ТҮРІ Мөлшері темп.°C Пісіру уақыты, минут
Құс еті 1000 2 250 50-60
Қуырма тағамдар 800 2 250 50-60
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мәліметтерге сәйкес, тағамды (әсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды
ең төмен температурада пісіруді және
тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын сабын
мен ыстық суды пайдаланып, жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тазалаңыз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш есігінің айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келген жағдайда құрылғыны
іске қоспаңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпы ақпаратты
қараңыз.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғы
қатты қызып кетеді. Күйіп қалу қаупі
бар.
Өте маңызды! Пиролитпен тазалау
функциясы мен пештің үстін бір уақытта
(егер құрылғыға орнатылса)
қолданбаңыз. Құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
Пиролитпен тазалардың алдында:
1. Құрылғы ішіндегі алмалы керек-
жарақтардың барлығын алыңыз.
2. Қатты ластанған жерлерді қолмен
тазалап алыңыз.
3. Тұмшапештің есігін дұрыс жабыңыз.
Пиролитпен тазалау функциясын
қолдану
1.
түймешігін бейнебетте
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
18 electrolux
Бейнебетте PYRO 1 немесе PYRO
2 көрсетіледі.
3 секунд ішінде құрылғыдан
барлық алмалы керек-жарақтарды
алу қажет деген хабар көрсетіледі.
2.
Ұзақтық
жыпылықтаған кезде
немесе басып, Пиролитпен
тазалау ұзақтығын орнатыңыз:
2:00 жеңіл-желпі ластықты
тазалауға арналған
2:30 қатты ластанған құрылғыны
тазалауға арналған.
3. Пиролитпен тазалауды бастау үшін
түймешігін басыңыз.
белгісіндегі жолақтар бір-бірден
жанып, құрылғы ішіндегі
температураның жоғарылап келе
жатқанын көрсетеді.
Құрылғы алдын ала орнатылған
температураға жеткен кезде, есік
құлыпталып, бейнебетте
көрсетіледі.
Пиролитпен тазалау аяқталған кезде
бейнебетте тәулік уақыты көрсетіледі.
Тұмшапеш есігі құлыпталған. Құрылғы
салқындаған кезде, дыбыстық сигнал
естіліп, есіктің құлыбы ашылады.
Пиролитпен тазалау циклін кез
келген уақытта тоқтату үшін
түймешігін басыңыз.
Пиролитпен тазалау циклін аяқтау
Пиролитпен тазалау циклін аяқтау
уақытын Аяқтау
функциясы
арқылы орнатасыз.
1. Жоғарыда көрсетілген әрекеттің
1, 2 және 3-ші қадамдарын
орындаңыз.
2.
түймешігін басыңыз.
3.
Бейнебетте көрсеткі
мен
белгісі көрсетіледі. Бейнебетте
пиролит көмегімен тазалау
уақыты көрсетіледі.
4. Пиролитпен тазалау циклін
аяқтау уақытын
немесе
арқылы реттеңіз.
Сөре жолдары
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды аталмыш
әрекеттерді кері ретпен орындай
отырып салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Абай
болыңыз! Электр тоғына түсу қаупі
бар!
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамы мен шыны
қақпағын қорғау үшін тұмшапештің
табанына шүберек төсеңіз.
1. Шыны қақпақты алу үшін оны сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
electrolux 19
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамын 300°C қызуға
төзімді, параметрлері дәл келетін
тұмшапеш шамымен ауыстырыңыз.
Тұмшапештің шамындай шамды
қолданыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі үш шыны қабаттан
тұрады. Тұмшапештің есігін және ішкі
панельдерін алып тазалауыңызға
болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, ішкі шыны панельді алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып
қалуы мүмкін.
Тұмшапештің есігі мен шыны панельді
алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
3. Тұмшапештің есігін бірінші ашу
күйіне (жартылай) қарай жабыңыз.
Алға қарай тартып, оны ұясынан
шығарып алыңыз.
4. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты
жерге қойыңыз.
5. Ішкі шыны панельді алу үшін бекіту
жүйесін босатыңыз.
6. Екі бекіткіш тетікті 90° градусқа
бұраңыз да, ағытып алыңыз.
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68

Electrolux EOC66700X Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare