Electrolux EKC513517X Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare

Acest manual este potrivit și pentru

Қолдану туралы
нұсқаулары
lietošanas instrukcija
naudojimo instrukcija
informaţii pentru utilizator
Пеш
Plīts
Viryklė
Aragaz
EKC513517
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 5
Бірінші қолданғанға дейін 6
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану 7
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес 8
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау
8
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану 9
Сағат фунциялары 11
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес 12
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
21
Не істерсіңіз, егер... 23
Орнату 24
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 25
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан
бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
емес.
Балалар
мен дəрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан
балалар мен денесіне, сезім жүйесіне
не ақыл-есіне зақым келген адамдар
не тəжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы бойынша
немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп,
дұрыс қолданбау салдарын түсінген
жағдайда қолдануына болады.
Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз
. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі
ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз.
Жарақат алу немесе кемтар болып
қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы
не түймешікті құрсаулау тетігі болса,
соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар
мен үй жануарларының құрылғыны
байқаусызда іске қосуына жол
бермейді.
Қауіпсіздік туралы
жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз.
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін
əрдайым құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау
кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет
болса, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланар
алдында барлық орамдарын,
жапсырмалары мен төсемдерін
алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз. Бұл кепілдікті
заңды күшінен айырады.
2 electrolux
Құрылғы қолданылатын елдегі
заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар
мен талаптарды (қауіпсіздік
ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электр немесе газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның
қуат көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз (егер қажет болса).
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны тек білікті электрші
орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уəкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат
техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық магниттік полюстерде
желіден ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер
құралсыз ажыратуға
болмайтында
етіп орнатылуға тиіс.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдалану
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін қажет
.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін, əрқашан құрылғыдан алыс
тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су
қолмен іске пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді.
Күйіп қалу қаупі
бар. Пісіру алаңына темір заттарды,
мысалы ас құралдары мен кəстрөл
electrolux 3
қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар
қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтары мен кəстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда
болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз
.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт
шығу қаупі бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан
кейін əрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа
жəне
пештің үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз, себебі қызудың
əсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын
бүлдіріп алмас үшін, керек-
жарақтарды алып-салғанда абай
болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген ыдысты
əрі-бері сырғытсаңыз, пештің
үстіне
сызат түсуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
əсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы
есігіне күш
салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне
тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда
тек қызуға төзімді заттарды (егер
болса) ғана қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін
ала орналасқан (егер бар болса).
Бетіне сызат түскенін байқасаңыз,
дереу тоқтан ажыратыңыз. Электр
тоғына түсу қаупі бар.
Қызу өткізгіш материалдарды
(мысалы, жұқа темір тор немесе
металл жалатылған қызу өткізгіштер)
ыдыстың астына қоймаңыз. Аса көп
қызу шағылысынан, пештің шыны
бетіне нұқсан келуі мүмкін.
Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны
қолданбаңыз.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны
панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары
өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса,
оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек сабынды сумен
жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе
тот басуына себеп болатын заттарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын,
жоғары қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш
заттармен, түрпілі жөкелермен жəне
дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін
қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтер мен
термостат сенсорына (егер бар
болса) ешбір зат бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
4 electrolux
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынуы немесе
шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай
жарықтандыру үшін
қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі
бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп
қалу қаупі бар.
Каталитті эмальды тазаламаңыз.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты
жұмысты орындауына
болады. Уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкентай балалардың немесе
үй жануарларының құрылғының
ішіне кіріп, қамалып қалуына жол
бермейді. Тұншығып қалу
қаупі бар.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы шолу
1
11
2 4 5
7
6
1
2
3
4
3
8
9
10
1 Басқару панелі
2 Пеш үстін басқару тетіктері
3 Электрондық бағдарламалағыш
4 Тұмшапештің температурасын
басқару тетігі
5 Температура индикаторы
6 Қуат индикаторы
7 Тұмшапеш функциясын басқару
тетігі
8 Гриль
9 Тұмшапеш шамы
10 Желдеткіш
11 Сөре сырғытпасы
electrolux 5
Пеш бетінің көрінісі
140
mm
250
mm
140
mm
140
mm
120/180
mm
1 2 3
456
1 Бір шығырықты пісіру алаңы 1200
Вт
2 Пештің желдеткіш саңылауы
3 Бір шығырықты/Сопақ пісіру алаңы
(1100/900) 2000Вт
4 Бір шығырықты пісіру алаңы 1200
Вт
5 Қалдық қызуды көрсететін шам (4
шам)
6 Қос шығырықты пісіру алаңы
(1000/700) 1700Вт
Пеш жабдықтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру жəне қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
тұмшапештің ішіндегі жəне
сыртындағы орам
материалдарының барлығын
алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан
ұстаңыз.
Уақытты орнату
Пеш тек уақыт қойылған соң ғана
жұмыс жасайды.
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт
функциясын көрсететін шам автоматты
түрде жыпылықтай бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " + " не "
-" түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен соң
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тəулік уақыты көрсетіледі.
6 electrolux
Уақытты өзгерту үшін автоматты
функцияны (Ұзақтығы
немесе
Соңы
) қоса орнатуға бірге
болмайды.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау
жəне тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
1.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Пешті шамамен 1 сағат тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Пешті шамамен 10 минут тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
5.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Пешті шамамен 10 минут тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
Бұл құрылғының ішіндегі қалдықтарды
жағу үшін керек. Керек-жарақтар
əдеттегіден ыстығырақ болады.
Құрылғыны бірінші рет алдын ала
қыздырған кезде, одан иіс пен түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Ауа айналымының жеткілікті екенін
тексеріңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Қызу параметрлері
Пісіру алаңдарының
шамдары("Жалпы көрінісі") қай
алаңның іске қосылғанын көрсетеді.
Басқару түймешесі Функция
Қос алаңды қосатын түймеше
1-9 Қызу параметрлері
(1 = төмен қызу; 9 = жоғары қызу)
1 мен 9 арасындағы кез келген параметр мəнінің жартысын ғана
орнату мүмкіндігі бар.
1. Функцияны басқаратын түймешені
қажетті қызу параметріне қойыңыз.
2. Тағам пісіруді аяқтау үшін
функцияны басқаратын түймешені
"0" калпына койыңыз.
Қуатты аз шығындау үшін қалдық
қызуды қолданыңыз. Тағам пісіруді
аяқтардан 5-10 минут бұрын пісіру
алаңын сөндіріп қойыңыз.
Қос шығырықты алаңды іске қосу
Назарыңызда болсын! Қос
шығырықты алаңды іске қосу үшін,
функцияны басқаратын қос
шығырығы бар түймешені (оны
"тоқтату" қалпы арқылы
бұрамаңыз)оңға бұраңыз.
1. Басқару түймешесін оңға қарай 9
қалпына дейін бұраңыз да, қос
шығырық белгішесіне қойыңыз. Осы
уақытта сəл кедергі пайда болғанын
сезесіз.
2. Кері қарай бұрап, қажетті
параметрге қойыңыз.
3. Пісіріп болғаннан кейін OFF
қалпына қайтарыңыз.
Қос шығырықты алаңды кейін қайта
қолдану үшін үлкен шығырықты
қосыңыз.
Қалдық қызуды анықтайтын шам
Қалдық қызуды анықтайтын шам пісіру
алаңы ыстық тұрған кезде жанады.
Назарыңызда болсын! Қалдық
қызуға күйіп қалу каупі бар!
electrolux 7
Пісіру алаңы іске қосылып тұрғанда,
одан біраз уақыт сырылдаған
дыбыс естіледі. Бұл керамика
шынылы пісіру алаңдарының бəріне
тəн жағдай жəне құрылғы дұрыс
істемей тұр дегенді білдірмейді.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың,
əрі мүмкіндігінше тегіс болуға
тиіс.
Эмальмен қапталған темірден
жасалған, түбі алюминий не мыс
ыдыстар, пештің керамика бетінің
түсін өзгертеді.
Қуатты үнемдеу
Мүмкін болса, ыдыстардың
қақпақтарын əрқашан жауып
отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске
қосыңыз.
Қалдық жылуды пайдалану үшін
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
Ыдыстардың түбі мен пісіру
алаңдарының көлемі бірдей
болуға тиіс.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны əр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз.
Əрқашан табаны таза ыдыстарды
қолданыңыз.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1. Дереу тазалаңыз:балқыған
пластик, пластик фольга, қант
қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Шыныға
арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз. Қырғышты шыны
бетке сүйір бұрыш жасап қойып,
жылжыту арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде
суығаннан кейін келесіні
алыңыз:əк жолақтары, су
дақтары
, май дақтары жəне
металл дақтары. Шыны
керамикаға немесе тоттанбайтын
болатқа арналған арнайы
тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып
тазалаңыз.
3. Соңында, құрылғыны таза
шүберекпен əбден құрғатыңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Алдыңғы жағы темір құрылғыларды
тот баспайтын темірге арналған
жуғыш затпен тазалаңыз.
Жеміргіш əсері
бар тазалағыштар
мен түрпілі жөкелерді
пайдаланбаңыз.
8 electrolux
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Пешті қосу жəне өшіру
1. Пештің функциясын басқаратын
түймешесін пеш функциясына
қойыңыз.
2. Температура түймешесін
температурға қойыңыз.
Пеш жұмыс жасап тұрған кезде қуат
шамы жанады.
Температура шамы пештің
температурасы көбейе бастаған
кезде жанады.
3. Пешті өшіру үшін пештің
функцияларын басқаратын түймеше
мен температура түймешесін Off
қалпына қойыңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөніп тұр.
Пеш шамы Ешқандай пісіру функциясынсыз жанып тұрады.
Дəстүрлі пісіру
Жоғарғы жəне төменгі элементтен бірдей қыздырады. Пештің
бір деңгейінде пісіру жəне қызарғанша қуыру үшін.
Астыңғы
қыздырғыш
элемент
Қызу тек пештің астыңғы жағынан келеді. Күртілдек, əрі
қыртысы қатты торттарды пісіру үшін.
Ауамен желпіп
пісіру
Бірнеше əр түрлі тағамды бір уақытта пісіру үшін. Қолдан
жасалған сироп қосылған сусындарды қайнату жəне
саңырауқұлақтарды кептіру үшін.
Ауамен желпіп
пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей температурада
пісірілуге тиіс тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға
немесе қуырып-пісіруге арналған.
Кеңейтілген гриль
Бүтін қақтама элементі қосылады. Жалпақ етіп дайындалған
тағамдардан көп мөлшерде гриль дайындауға арналған. Тост
жасау үшін. Бұл функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C
Турбо гриль
Гриль элементі мен пештің желдеткіші кезек-кезек іске
қосылып, ыстық ауаны тағамның айналасына таратады. Еттің
үлкен кесектерін пісіруге арналған. Бұл функцияға арналған
ең үлкен температура: 210 °C.
Пицца функциясы
Астыңғы қыздырғыш элемент пицца, киш лорен немесе
бəліштердің астына қызуды тура жібереді де, желдеткіш
пицца мен бəліштің толтырмаларын пісіру үшін ыстық ауаны
айналдырып тұрады.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітеді. Температураны басқару тетігі
"сөндірулі" қалпына қойылуы керек.
electrolux 9
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу
үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
Сөренің телескопиялық тірегіштері
2-ші жəне 4-ші сөре қатарларына
телескопиялық сөре тірегіштер
орнатылған. Телескопиялық сөре
тірегіштер көмегімен сөрелерді оңай
кіргізіп, оңай алуға
болады.
1. Оң жəне сол жақтағы
телескопиялық сөре тірегіштерді
түгелдей тартып шығарып алыңыз.
°C
2. Сөрені телескопиялық сөре
тірегіштерге қойыңыз да, оларды
пештің ішіне қарай еппен итеріңіз.
°C
Назарыңызда болсын!
Телескопиялық сөре тірегіштер пеш
ішіне əбден кірігіп тұрмаса, пеш
есігін жаппаңыз. Бұл пеш есігінің
сыры мен шынысын бүлдіруі
мүмкін.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
іске қосылып тұрғанда,
телескопиялық сөре тірегіштер мен
басқа да керек-жарақтар қатты
қызып кетеді. Пешке арналған
қолғап киіңіз не сол сияқты затты
пайдаланыңыз.
10 electrolux
САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ
Бейнебет
1 2 3
456
1 Функция индикаторлары
2 Уақыт бейнебеті
3 Функция индикаторлары
4 "+" түймешігі
5 Функция таңдау тетігі
6 "-" түймешігі
Сағат функцияларын орнату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
Минут операторының
, Ұзақтық
немесе Соңы уақытын орнату
үшін, " +" немесе " -" түймешігін
қолданыңыз.
Тиісті функция шамы
жыпылықтайды.
Уақыт өтіп біткенде функция шамы
жыпылықтайды да, дыбысты сигнал
2 минут бойы беріліп тұрады.
Ұзақтық жəне Соңы
функциялары орнатылғанда пеш
автоматты түрде өшеді.
3. Дыбысты сигналды тоқтату үшін кез
келген түймешікті басыңыз.
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Уақытты көрсетеді. Уақытты орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне əсер етпейді.
Ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ жұмыс істеуге тиіс екенін көрсетуге
арналған.
Соңы Пеш функциясын өшіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық пен Соңы
функциясын, пеш кейінірек
автоматты түрде қосылып не
ажыратылуға тиіс болса қатар
пайдалануға болады. Бұндай
жағдайда алдымен Ұзақтық
electrolux 11
параметрін, содан кейін Соңы
параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. "-" түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің
екі деңгейінде пісіруге болады.
Сөрелерді 1-ші жəне 3-ші деңгейге
қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер
алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торттарды пісіру
Торт пісіруге 150°C мен 200°C
аралығындағы температура тамаша
сай келеді.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет
өте кебір болып піседі.
Қызыл еттің сырт жағын əбден, ішін
сөлімен пісіру үшін температураны
200 °C-250 °C аралығында
орнатыңыз
.
Үй құсының еті не балық тəрізді ақ
етті пісіру үшін температураны 150°C
- 175 °C аралығында орнатыңыз.
Өте майлы тағам пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға
аздап су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін, су кеуіп кеткен
сайын қосымшалап су құйыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
табыңыз.
12 electrolux
Дəстүрлі пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 эмальмен
қапталған
3 - 150 25-30
Жалпақ
торт
1000 эмальмен
қапталған
2 10 160-170 30-35
Алма
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 - 170-190 40-50
Алма
бəліші
1200+1200 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1 15 180-200 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
2 10 160-180 25-30
Майсыз
қопсыма
торт
350 Алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10 160-170 25-30
Құймақ 1500 эмальмен
қапталған
2 - 160-170
45-55
1)
Тауық,
тұтас
1350 2-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 200-220 60-70
Тауық,
жарты
1300 3-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
3 - 190-210 30-35
Шошқа
етінің
котлеті
600 3-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
3 - 190-210 30-35
Жеміс
қосылған
бəліш
800 эмальмен
қапталған
2 20 230-250 10-15
electrolux 13
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Толтырмас
ы бар
ашытылған
кекс
1200 эмальмен
қапталған
2 10-15 170-180 25-35
Пицца 1000 эмальмен
қапталған
2 10-15 200-220 30-40
Чизкейк 2600 эмальмен
қапталған
2 - 170-190 60-70
Швейцари
ялық алма
фланы
1900 эмальмен
қапталған
1 10-15 200-220 30-40
Кристмас
торты
2400 эмальмен
қапталған
2 10-15 170-180
55-65
2)
Киш лорен 1000 1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10-15 220-230 40-50
Шаруа
наны
750+750 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1
18
3)
180-200 60-70
Румын
қопсыма
торты
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
25 см)
2/2 10 160-170 40-50
Румын
қопсыма
торты -
дəстүрлі
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 160-170 30-40
Ашытылға
н тоқаштар
800 эмальмен
қапталған
2 10-15 200-210 10-15
Швейцари
я орамасы
500 эмальмен
қапталған
1 10 150-170 15-20
Меренга 400 эмальмен
қапталған
2 - 100-120 40-50
Үгітілмелі
торт
1500 эмальмен
қапталған
3 10-15 180-190 25-35
Қопсыма
торт
600 эмальмен
қапталған
3 10 160-170 25-35
14 electrolux
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Майлы
торт
600 эмальмен
қапталған
2 10 180-200 20-25
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут пеште ұстаңыз.
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут пеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температураны 250 °C градусқа қойыңыз.
Ауамен желпіп пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Өрме
тоқаш
250 эмальмен
қапталған
3 10 140-150 20-30
Өрме
тоқаш
250 + 250 эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 25-30
Өрме
тоқаш
250 + 250
+ 250
эмальмен
қапталған
1/2/3 10 150-160 30-40
Жалпақ
торт
500 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 30-35
Жалпақ
торт
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-160 35-45
Жалпақ
торт
500 + 500
+ 500
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
10 155-165 40-50
Алма
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 - 170-180 40-50
Алма
бəліші
1200 +
1200
Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 165-175 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 20-30
Кішкене
кекстер
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-160 30-40
Кішкене
кекстер
500 + 500
+ 500
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
10 150-160 35-45
Майсыз
қопсыма
торт
350 Алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
1 10 150-160 20-30
electrolux 15
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Құймақ 1200 эмальмен
қапталған
2 - 150-160
30-35
2)
Тауық,
тұтас
1300 2-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 170-180 40-50
Шошқаның
қуырылған
еті
800 2-деңгейде
пеш
сөресі, 1-
деңгейде
қуыру
сөресі
2 - 170-180 45-50
Толтырмас
ы бар
ашытылған
кекс
1200 эмальмен
қапталған
2 20-30 150-160 20-30
Пицца 1000 +
1000
эмальмен
қапталған
1/3 - 180-200 30-40
Пицца 1000 эмальмен
қапталған
2 - 190-200 25-35
Чизкейк 2600 эмальмен
қапталған
1 - 160-170 40-50
Швейцари
ялық алма
фланы
1900 эмальмен
қапталған
2 10-15 180-200 30-40
Кристмас
торты
2400 эмальмен
қапталған
2 10 150-160
35-40
2)
Киш лорен 1000 1 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
26 см)
2 10-15 190-210 30-40
Шаруа
наны
750+750 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
1
15-20
3)
160-170 40-50
Румын
қопсыма
торты
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
25 см)
2/2 10-15 155-165 40-50
16 electrolux
Тағам
Салмағы
(г)
Сөре түрі
Сөре
деңгейі
Алдын
ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Румын
қопсыма
торты -
дəстүрлі
600+600 Алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
сөре
(диаметрі:
20 см)
2/2 - 150-160 30-40
Ашытылға
н тоқаштар
800 эмальмен
қапталған
3 15 180-200 10-15
Ашытылға
н тоқаштар
800 + 800 эмальмен
қапталған
1/3 15 180-200 15-20
Швейцари
я орамасы
500 эмальмен
қапталған
3 10 150-160 15-25
Меренга 400 эмальмен
қапталған
2 - 110-120 30-40
Меренга 400 + 400 эмальмен
қапталған
1/3 - 110-120 45-55
Меренга 400 + 400
+ 400
эмальмен
қапталған
1/2/4
1)
- 115-125 55-65
Үгітілмелі
торт
1500 эмальмен
қапталған
3 - 160-170 25-35
Қопсыма
торт
600 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 25-35
Майлы
торт
600 + 600 эмальмен
қапталған
1/3 10 160-170 25-35
1) 4-деңгейдегі торт дайын болғаннан кейін, оны алыңыз да, орнына 1-деңгейдегі тортты қойыңыз.
Тағы он минут пісіріңіз.
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут пеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температураны 250 °C градусқа қойыңыз.
Ауамен желпіп пісіру
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңг
ейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Тəтті таспа 250 эмальмен
қапталған
3 10 150-160 20-30
Тəтті таспа 250 + 250 эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 25-30
Тəтті таспа 250 + 250 +
250
эмальмен
қапталған
1/2/4 10 150-160 30-35
Шелпек 1000 эмальмен
қапталған
2 10 150-160 30-40
electrolux 17
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңг
ейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Шелпек 1000 +
1000
эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 45-55
Шелпек 1000 +
1000 +
1000
эмальмен
қапталған
1 /2/
4
10 140-150 55-65
Алма
қосылған
ашыған
қамыр
торты
2000 эмальмен
қапталған
3 10 170-180 40-50
Алма
бəліші
1200 +
1200
Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см)
2/3 10 170-180 50-60
Кішкене
кекстер
500 эмальмен
қапталған
3 10 140-150 30-35
Кішкене
кекстер
500 + 500 эмальмен
қапталған
1/3 10 140-150 25-30
Кішкене
кекстер
500 + 500 +
500
эмальмен
қапталған
1/2/4 10 150-160 25-30
Майсыз
бисквит
торт
350 Алюминиймен
қапталған 1
дөңгелек табақ
(диаметрі: 26 см)
3 10 150-160 30-40
Құймақ 1200 эмальмен
қапталған
3 - 150-160
40-50
1)
Тұтас
тауық еті
1400 пеш сөресі 1-ші
қатарда, қуыру
табасы 2-ші
қатарда
2 - 170-190 50-60
Қуырылған
шошқа
котлеті
600 пеш сөресі 1-ші
қатарда, қуыру
табасы 3-ші
қатарда
3 - 180-200 30-40
Ашық
бəліш
800 эмальмен
қапталған
2 15 230-250 10-15
Толтырылғ
ан ашыған
қамыр кексі
1200 эмальмен
қапталған
3 20-30 160-170 20-30
Пицца 1000 +
1000
эмальмен
қапталған
1/3 - 180-200 50-60
Сүзбе
торты
2600 эмальмен
қапталған
2 - 150-170 60-70
18 electrolux
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңг
ейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Температ
ура (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Алма
қосылған
ашық
бəліш
1900 эмальмен
қапталған
3 15 180-200 30-40
Рождество
торты
2400 эмальмен
қапталған
3 10 150-170
50-60
2)
Киш лорен 1000 1 дөңгелек табақ
(диаметрі: 26 см)
2 15 210-230 35-45
Шаруа
наны
750+750 Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см)
3
15
3)
180-190 50-60
Румын
бисквит
торты
600+600 Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 25 см)
2/2 10 150-170 40-50
Румын
бисквит
торты -
дəстүрлі
600+600 Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см)
2/2 - 160-170 30-40
Ашытып
пісірілген
тоқаш
800 эмальмен
қапталған
3 10 180-200 10-15
Ашытып
пісірілген
тоқаш
800 + 800 эмальмен
қапталған
1/3 10 180-200 15-20
Швейцария
орамасы
500 эмальмен
қапталған
3 10 150-170 10-15
Меренга 400 эмальмен
қапталған
2 - 100-120 50-60
Меренга 400 + 400 эмальмен
қапталған
1/3 - 100-120 55-65
Меренга 400 + 400 +
400
эмальмен
қапталған
1/2/4 - 115-125 65-75
Үкпе торт 1500 эмальмен
қапталған
2 10 170-180 20-30
Бисквит
торт
600 эмальмен
қапталған
2 10 150-170 20-30
Майлы
торт
600 + 600 эмальмен
қапталған
1/3 10 150-170 20-30
1) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут пеште ұстаңыз.
2) Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут пеште ұстаңыз.
3) Алдын ала қыздыру үшін температураны 230 °C мəніне орнатыңыз.
electrolux 19
Кеңейтілген гриль
Тағам Салмағы (г)
Сөре
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температур
а (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Қыздырылға
н нан
500 3 4 250 2-4
Тауықтың
жарты еті
1200 2 - 230 30+30
Бифштекстер 1000 3 10 250 15+15
Қуырылған
шошқа
котлеті
500 3 - 230 25+25
Турбо гриль
Тағам Салмағы (г)
Сөре
деңгейі
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Температур
а (°C)
Пісіру
уақыты
(минут)
Қыздырылға
н нан
500 3 10 230 3-5
Тауықтың
жарты еті
1200 2 - 200 25+25
Қуырылған
шошқа
котлеті
500 2 - 230 20+20
Пицца функциясы
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі Сөре деңгейі
Алдын
ала
қыздыр
у
уақыты
(минут)
Темпер
атура
(°C)
Пісір
у
уақы
ты
(мин
ут)
Алма
бəліші
1200 +
1200
Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20 см)
2/2 - 170-180 50-60
Тұтас
тауық еті
1400 2 - 165-175 55-65
Тауықтың
жарты еті
1350 2 - 165-175 30-35
Пицца 1000 +
1000
эмальмен
қапталған,
алюминиймен
қапталған
1/2
1)
- 180-200 30
Пицца 1000 эмальмен
қапталған
2 - 190-200 25-35
Киш лорен 1000 2 10-15 210-220 20-30
1) 20 минуттан кейін сөрелердегі табақтардың орнын ауыстырыңыз.
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92

Electrolux EKC513517X Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
Acest manual este potrivit și pentru