5.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Қуат параметрін таңдау үшін қуат тетігін
бұраңыз.
2.
Уақытты орнату үшін таймер тетігін
бұраңыз, сонда құрылғы автоматты түрде
қосылады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін:
– таймердің тетігі 0-ге келгенде, құрылғы
автоматты түрде сөнгенше күтіңіз
– таймердің тетігін 0-ге қойыңыз.
– есік ашқышты басыңыз. Құрылғы
автоматты түрде тоқтайды. Пісіруді
жалғастыру үшін есікті жабыңыз.
Тағамды қарау үшін осы функцияны
пайдаланыңыз.
Таймердің тетігі 0-ге келгенде дыбыстық
сигнал естіледі.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішінде тағам болмаса
іске қоспаңыз.
Таймерді 2 минуттан аз уақытқа қою
үшін, әуелі таймерді 2 минуттан
артық уақытқа қойып, содан кейін
тетікті қалаған уақытқа қойыңыз.
5.2 Құрылғыны пайдалануға
қатысты жалпылама ақпарат
Жалпы:
• Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз.
• Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру:
• Егер мүмкін болса, тағамды микротолқынға
сай келетін материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз келсе,
қақпақ жаппай пісіріңіз
• Қуат және уақыт параметрлерін тым
жоғары мәнге қойып, тағамды қатты пісіріп
жібермеңіз. Тағам кеуіп, күйіп кетуі немесе
оның кей жерлері жанып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны жұмыртқаны немесе шырышты
қабықтарымен пісіру үшін пайдаланбаңыз,
себебі жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаны
қуыру үшін әуелі сарысын тесіп алыңыз.
• "Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тәрізді тағамдарды
пісіретін кезде, жарылып кетпес үшін
бірнеше рет шанышқымен тесіп қойыңыз.
• Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
• Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
• Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ тәрізді
тығыз тағамдарды суға салып пісіру керек.
• Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
• Егер мүмкін болса, көкөністерді кішкенелеп
тураңыз.
• Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
• Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене тесігі
бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып жіберуі
мүмкін.
• Шыны пісіру науасы тағам мен сусындарды
қыздыруға арналған. Бұл микротолқынды
пештің жұмысы үшін қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
• Мұздатылған, оралмаған тағамды ыдыстың
үстіне төңкерілген кішкене табаққа
қойыңыз, сонда жібіген сөлі ыдысқа
жиналады.
• Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін болса,
жіби бастаған бөліктерін бөліңіз де, алып
қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін, кваркты
жібіту:
• Тағамды құрылғының ішінде әбден
жібітпеңіз, бөлме температурасында
жібітіңіз. Сонда барынша біркелкі жібиді.
Жібіту алдында темір немесе алюминий
орамдарының барлығын алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту:
• Пісірмей дайындалатын жемістер мен
көкөністерді құрылғыда әбден жібітпеңіз.
Бөлме температурасында жібітіңіз.
• Жемістер мен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ микротолқын
қуатын пайдалануға болады.
Дайын тағамдар:
• Дайын тағамдардың орамдары
микротолқынды пеште пайдалануға жараса
ғана, құрылғыда дайындауға болады.
8
www.electrolux.com