• Су жұмсартқышты орнату үшін. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
• Дыбысты сигналдарды қосу/өшіру
үшін. 'Дыбысты сигналдар' тарауын
қараңыз.
• Multitab функциясын қосу/ажырату
үшін: 'Multitab функциясы' тарауын
қараңыз.
• Multitab функциясы қосылып тұрған
кезде, шайғыш зат үлестіргішті қосу/
ажырату. 'Multitab функциясы' тарауын
қараңыз.
• Орындалып тұрған жуу
бағдарламасын не кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату үшін.
'Жуу бағдарламасын орнату және
бастау' тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс:
• Жуу бағдарламасын орнату үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін орнату
үшін.
• Дыбысты сигналдарды қосу/өшіру
үшін.
• Шайғыш зат үлестіргішін ажырату/қосу
үшін.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
Құрылғы мына жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрады:
• Барлық бағдарлама шамдары
жанғанда.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
Құрылғы мына жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрмайды:
• Тек бір ғана бағдарлама шамы
жанғанда.
• Жуу бағдарламасы орнатылып
тұрғанда. Параметрлерді орнату
режиміне оралу үшін бағдарламаны
біржола тоқтату қажет. 'Жуу
бағдарламасын орнату және бастау'
тарауын қараңыз.
Дыбысты сигналдар
Дыбысты сигналды:
• Жуу бағдарламасының соңында.
• Су жұмсартқыштың деңгейін орнату
барысында.
• Құрылғыда ақау пайда болғанда
естисіз.
Дыбысты сигналдар зауытта қосылатын
етіп бапталған.
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін A, B
және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары жыпылықтай
бастағанша басып ұстап тұрыңыз.
4. C функция түймешігін басыңыз.
– А және В функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары өшеді.
– C функция түймешігінің анықтағыш
шамы жыпылықтай бастайды.
– Бағдарламаның соңы анықтағыш
шамы жанады.
Дыбысты сигналдар қосылады.
5. C функция түймешігін қайта басыңыз.
– Бағдарламаның соңы анықтағыш
шамы өшеді.
Дыбысты сигналдар өшеді.
6. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
Дыбысты сигналдарды қосу үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Жоғарыдағы әрекеттерді
бағдарламаның соңы анықтағыш
шамы жанғанша қайталаңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
Процедураның әр сатысы үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
1. Су кермектігінің деңгейінің
аймағыңыздағы судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Қажет
болса су жұмсартқышты орнатыңыз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш
заттан салыңыз.
4. Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары
мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.
5. Жуу бағдарламасын ыдыстың
қаншалықты салынғандығына және
ластанғанына қарап дұрыс
орнатыңыз.
6 electrolux