Electrolux ESL46010 Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
Қолдану туралы
нұсқаулары
lietošanas instrukcija
informaþii pentru utilizator
Інструкція
Ыдыс жуғыш машина
Trauku mazgājamā mašīna
Maşină de spălat vase
Посудомийна машина
ESL 46010
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 4
Бұйым сипаттамасы 5
Бірінші қолданғанға дейін 6
Су жұмсақтайтын бұйымын салу 7
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
8
Шаю бұйымдары 8
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
10
Тазалау бұйымдарын қолдану 12
Мульти таб функциясы 13
Жуу программасын таңдау және бастау
14
Жуу программалар 16
Күту менен тазалау 17
Не істерсіңіз, егер... 18
Техникалық сиппатама 19
Орнату 20
Суға қосу 20
Электртоғына қосу 22
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 22
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз
бен құрылғыны дұрыс пайдалану
үшін, оны орнатып іске қоспас бұрын
мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты
әрқашан тіпті құрылғыны көшірсеңіз
не сатсаңыз да онымен бірге
қалдырыңыз. Пайдаланушылар
құрылғының қауіпсіздік функциясы
мен оны іске қосу жолдарын толық
білуге тиіс.
Дұрыс пайдалану
Құрылғы тек үйде пайдалануға ғана
арналған.
Құры л ғ ы н ы тек ы дыс жуғ ы ш маши н а д а
жууға болатын үйдегі ыдыс-аяқтарды
жуу үшін ғана қолданыңыз.
Құрылғыға ешбір еріткіш зат
салмаңыз. Жарылып кету қаупі бар.
Пышақ және өткір ұшты құралдардың
барлығын ас үй құралдары себетіне
төмен қаратып салыңыз. Не үстіңгі
себетке көлденең жатқызып салыңыз.
Тек ыдыс жуғышқа арналған
фирмалық заттарды(жуғыш зат,
тұз,шайғыш зат)ғана қолданыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғы есігін
ашсаңыз, ысты қ бу шығып ке т еді. Кү й і п
қалу қаупі бар.
Ыдыстарды ыдыс жуғыштан жуу
бағдарламасы аяқталмай тұрып
алмаңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде
розетканы электр желісінен суырып,
судың шүмегін жабыңыз.
Бұл құрылғыны тек уәкілетті қызмет
көрсету маманы ғана жөндеуге тиіс.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
Жарақат алып не құрылғыға зақым
келмес үшін құрылғыны өзіңіз
жөндемеңіз. Әрқашан жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Физиологиялық, сезімдік не қабілет
деңгейі төмен немесе пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімі аз
адамдар (балаларды қоса
алғанда)құрылғыны пайдаланбауға
тиіс. Олар құрылғыны міндетті түрде
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның нұсқауы не қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Көз, ауыз қуысы мен кеңірдек күйіп
қалмас үшін ыдыс жуғыш машинаға
арналған жуғыш заттарды пайдалану
туралы өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
2 electrolux
•Ыдыс жуғыш машинадағы суды
ішпеңіз. Жуғыш заттың қалдығы
құрылғы ішінде қалып қоюы мүмкін.
Жарақат алып не ашық тұрған есікке
соғылып қалмас үшін құрылғыны
пайдаланбаған кезде есігін әрқашан
жауып қойыңыз.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз
не үстіне шықпаңыз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек ересек адам ғана
қолдануға тиіс. Балаларды
құрылғымен ойнап қоймас үшін
қадағалап отыру қажет.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
кету қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын сенімді
жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш
затқа жолауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғы есігі ашық тұрған кезде
балаларды алыс ұстаңыз.
Орнату
Тасымалдау кезінде құрылғының еш
жеріне нұқсан келмегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан
қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
Құрылғыны электр желісіне білікті әрі
уәкілетті маман қосуға тиіс.
Құрылғыны құбыр желісіне білікті әрі
уәкілетті маман қосуға тиіс.
Бұл өнімнің құрылымын бұзбаңыз,
оған еш өзгерту енгізбеңіз. Жарақат
алуыңыз және құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
Құрылғыны пайдаланбаңыз, егер:
электр сымы не су құятын, төгетін
түтікшелері зақымдалса,
басқару панелі, жұмыс алаңы не
қабырғасына нұқсан келіп
құрылғының ішкі жағы қол
жетерліктей ашық қалса.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының гидравликалық не электр
бөлшектеріне зақым келмес үшін оның
қабырғасын бұрғымен теспеңіз.
Назарыңызда болсын! Электр және
су жүйелеріне қосқан кезде
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
electrolux 3
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
1 Үстіңгі себет
2 Су кермектігінің дискісі
3 Тұз сауыты
4 Жуғыш зат үлестіргіші
5 Шайғыш зат үлестіргіші
6 Техникалық ақпарат тақтайшасы
7 Сүзгілер
8 Астыңғы бүріккіш түтік
9 Үстіңгі бүріккіш түтік
Оптикалық сигнал
Жуу бағдарламасы басталғаннан кейін,
құрылғының астыңғы жағындағы еденде
оптикалық сигнал көрініс береді.
Егер құрылғы есігі нығыз жабылатын ас
үй қаптамасына биіктете орнатылса,
оптикалық сигнал көрінбейді.
Оптикалық сигнал
Жанып
тұрған
қызыл
шам.
Жуу бағдарламасының
басталғанын көрсетеді. Жуу
бағдарламасы орындалып
тұрғанда, қызыл шам жанған
қалпы тұрады.
Жыпылы
қтап
тұрған
қызыл
шам.
Ақаулық орын алғанын
көрсетеді.
Қызыл
шам өшіп
қалса.
Жуу бағдарламасының
аяқталғанын білдіреді.
4 electrolux
Бұйым сипаттамасы
1 Қосу/Өшіру түймешігі
2 Сандық бейнебет
3
Кешіктіріп бастау түймешігі
4 Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
5 Анықтағыш шамдар
6 Функция түймешіктері
Анықтағыш шамдар
Тұз
1)
Анықтағыш шам тұз сауытын толтыру қажет
болғанда жанады. 'Ыдыс жуғыш машина
тұзын қолдану' тарауын қараңыз.
Сауытты толтырып болған соң, тұздың
анықтағыш шамы бірнеше сағат жанған
қалпы тұрады. Бұның құрылғы жұмысына еш
зиянды әсері жоқ.
Шайғыш зат
1)
Шайғыш заттан салу қажет болғанда
анықтағыш шам жанады. 'Шайғыш затты
қолдану' тарауын қараңыз.
Multitab Анықтағыш шам multitab функциясының
қосылғанын/ажыратылғанын көрсетеді.
'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде, тұз және/не шайғыш зат үлестіргіштері босап
қалса, тиісті анықтағыш шамдар жанбайды.
Сандық бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың орнатылған
деңгейі.
Шайғыш зат үлестіргіштің қосулы/
өшірулі (тек multitab функциясы
қосылып тұрғанда) тұрғандығы.
Бағдарламаның соңына дейін қалған
уақыт.
Жуу бағдарламасының соңы.
Бейнебетте нөл пайда болады.
Кешіктіріп бастаудың сағаттық мәні.
Ақаулық кодтары.
•Дыбысты сигналдарды қосу/өшіру.
Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
Осы түймешіктермен жуу
бағдарламасын таңдауыңызға болады.
Бағдарлама түймешігін басыңыз, тиісті
анықтағыш шам жанады. Жуу
бағдарламалары туралы толығырақ
ақпаратты 'Жуу бағдарламалары'
тарауынан қараңыз.
electrolux 5
Кешіктіріп бастау түймешігі
Кешіктіріп бастау түймешігін жуу
бағдарламасын 1 мен 19 сағат
арасындағы интервал бойынша
кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу
бағдарламасын орнату және бастау'
тарауын қараңыз.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына әрекеттер
үшін қолданыңыз:
Су жұмсартқышты орнату үшін. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
Дыбысты сигналдарды қосу/өшіру
үшін. 'Дыбысты сигналдар' тарауын
қараңыз.
Multitab функциясы қосылып тұрғанда,
шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажырату
үшін. 'Multitab функциясы' тарауын
қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Барлық бағдарламалардың шамдары
жанса, машина параметрлерді орнату
режимінде тұрады.
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс:
Жуу бағдарламасын орнату үшін.
Су жұмсартқыштың деңгейін орнату
үшін.
Дыбысты сигналдарды қосу/өшіру
үшін.
Шайғыш зат үлестіргішін ажырату/қосу
үшін.
Тек бір ғана бағдарламаның шамы
жанса, машина параметрлерді орнату
режимінде тұрмайды. Параметрлерді
орнату режиміне оралу үшін
бағдарламаны біржола тоқтатыңыз. 'Жуу
бағдарламасын орнату және бастау'
тарауын қараңыз.
Дыбысты сигналдар
Дыбысты сигналды:
Жуу бағдарламасының соңында.
Су жұмсартқыштың деңгейін орнату
барысында.
Құрылғыда ақау пайда болғанда
естисіз.
Дыбысты сигналдар зауытта қосылатын
етіп бапталған.
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін A, B
және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары жыпылықтай
бастағанша басып ұстап тұрыңыз.
4. А және В функция түймешігін
босатыңыз.
5. C функция түймешігін басыңыз.
А және В функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары өшеді.
C функция түймешігінің анықтағыш
шамы жыпылықтайды.
Сандық бейнебетте параметр
пайда болады.
Дыбысты сигналдар
ажыратылған
Дыбысты сигналдар
қосылған
Дыбысты сигналдар қосылады.
6. C функция түймешігін қайта басыңыз.
Сандық бейнебетте жаңа параметр
пайда болады.
Дыбысты сигналдар өшеді.
7. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
Дыбысты сигналдарды қосу үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Жоғарыдағы әрекетті сандық
бейнебетте қажетті параметр пайда
болғанша орындаңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
Процедураның әр сатысы үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
1. Су кермектігінің деңгейінің
аймағыңыздағы судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Қажет
болса су жұмсартқышты орнатыңыз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
6 electrolux
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш
заттан салыңыз.
4. Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары
мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.
5. Жуу бағдарламасын ыдыстың
қаншалықты салынғандығына және
ластанғанына қарап дұрыс
орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш затты
тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуу таблеткаларын('3 in
1', '4 in 1', '5 in 1' т.с.с.) қолдансаңыз,
'Multitab функциясы' тарауын
қараңыз.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Су жұмсартқыш суды құрамындағы
минералдар мен тұздардан тазартады.
Минералдар мен тұздар құрылғы
жұмысына теріс әсер етеді.
Судың кермектігі эквивалент мәндермен
есептеледі:
•Германия,(dH°).
•Франция,(°TH).
ммоль/л (бір литрдегі миллимоль - су
кермектігін анықтайтын халықаралық
бірлік).
•Кларк.
Су жұмсартқыштың деңгейін өзіңіз
тұратын жердегі судың кермектігіне
лайықтаңыз. Қажет болса, суды
басқаратын жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
Судың кермектігі Судың кермектігін баптау
°dH °TH ммоль/л Кларк қолмен электрондық
тәсілмен
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88 2 10
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63 2 9
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52 2 8
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45 2 7
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35 2 6
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27 2 5
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1
1)
1
1)
1) Тұзды пайдаланудың еш қажеті жоқ.
Су жұмсартқышты қолмен және
электронды тәсілмен орнатуыңыз
қажет.
Қолмен баптау
Құрылғының зауытта орнатылған
деңгейі - 2.
1. Есікті ашыңыз.
2. Астыңғы себетті алыңыз.
3. Су кермектігі дискісін 1-ші не 2-ші
орынға орнатыңыз (кестеге қараңыз).
4. Астыңғы себетті салыңыз.
5. Есікті жабыңыз.
electrolux 7
Электронды жолмен баптау
Ыдыс жуғыш машинаның зауытта
орнатылған деңгейі - 5.
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін A, B
және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары жыпылықтай
бастағанша басып ұстап тұрыңыз.
4. B және C функция түймешігін
босатыңыз.
5. A функция түймешігін басыңыз.
B және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары өшеді.
A функция түймешігінің анықтағыш
шамы жыпылықтауын
жалғастырады.
Сандық бейнебетте ағымдық
деңгей пайда болады.
Дыбысты сигналды естисіз.
Мысалы: сандық бейнебетте
/ 5
үзік-үзік дыбысты сигнал = 5-ші
деңгей көрсетіледі.
6. Су жұмсартқыштың деңгейін бір
сатыға көтеру үшін A түймешігін бір
рет басыңыз.
7. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін
қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Сақтандыру туралы ескерту! Тек
ыдыс жуғыш машина тұзын
қолданыңыз. Ыдыс жуғыш машинаға
арналмаған тұздар су
жұмсартқышқа нұқсан келтіреді.
Сақтандыру туралы ескерту! Тұз
түйірлері мен машина түбіндегі
тұзды су машинаны тоттандырады.
Машинаны тоттандырмау үшін
тұзды тұз сауытына жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз.
Тұз сауытын толтыру үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Тұз сауытын ашу үшін қақпағын сағат
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз(тек
ең алғаш іске қосқанда).
3. Тұз сауытына тұз салу үшін құйғышты
пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұздарды тазалап
алыңыз.
5. Тұз сауытын жабу үшін қақпағын
сағат бағыты бойынша бұраңыз.
Сауытқа тұз салған кезде судың тұз
сауытынан асып төгіліп кетуі
қалыпты жағдай.
Су жұмсартқыштың деңгейін электронды
тәсілмен 1-ге қойғанда тұзды
анықтайтын шам жанып тұрмайды.
Шаю бұйымдары
Сақтандыру туралы ескерту! Тек
ыдыс жуғышқа арналған фирмалық
шайғыш заттарды ғана
пайдаланыңыз.
8 electrolux
Шайғыш зат сауытына ешбір басқа
зат (мысалы, ыдыс жуғышты
тазалағыш зат, сұйық
тазалағыш)салмаңыз. Бұл
құрылғыға нұқсан келтіреді.
Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ
не дақ қалдырмай кептіреді.
Шайғыш зат ең соңғы шаю кезеңінде
автоматты түрде қосылады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Шайғыш зат үлестіргішін ашу
үшін(A)түймешігін басыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш
заттан салыңыз. 'max. ' белгішесі
максимум деңгейді көрсетеді.
3. Төгіліп қалған шайғыш затты жуу
бағдарламасын келесі жолы бастаған
кезде көбік пайда болмас үшін
сорғыш матамен сүртіп алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
белгілеу
Шайғыш зат параметрі зауытта 4-ші
деңгейге қойылған.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1
(ең төменгі) мен 6 (ең жоғары)
аралығында орнатуыңызға болады.
1. Үлестірілетін мөлшерді көбейту не
азайту үшін шайғыш зат түймешесін
бұраңыз.
Ыдыстарда су тамшысы не әк түйірі
қалып қойса, шайғыш зат мөлшерін
көбейтіңіз.
Ыдыста жолақ, ақшыл дақтар
қалып не беті көкшіл тартса,
үлестіру мөлшерін азайтыңыз.
electrolux 9
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Ақыл-кеңес
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш
машинада жууға болатын үйдегі
ыдыс-аяқтарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Құрылғыны су тартқыш заттарды (жөке,
майлық-сулықтар, т.с.с) жуу үшін
пайдаланбаңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
салмас бұрын мына қадамдарды
орындаңыз:
Тағам қалдықтары мен ластықтарды
толық кетіріңіз.
Жанған, ыдысқа жабысқан
тағамдарды жұмсартыңыз.
Ас құралдары мен ыдыстарды мына
қадамдарды орындап салыңыз:
Шұңғыл заттарды(мысалы
кесе,стакан және кәстрөл) төңкеріп
салыңыз.
Сауыт не өте шұңғыл ыдыстың ішіне
су жиналып қалмағанын тексеріңіз.
Ас құралдары мен ыдыстардың
бірінің ішіне бірі кіріп қалмағанын
тексеріңіз.
Ас құралдары мен ыдыстардың
басқа ас құралдары мен ыдыстарды
далдалап қалмағанын тексеріңіз.
Стакандардың бір-біріне тимей
тұрғандығын тексеріңіз.
Кішкене заттарды ас құралдары
себетіне салыңыз.
•Пластик заттар мен жабысқақ емес
қаптамасы бар кәстрөлдерге су
тамшылары тұрып қалады. Пластик
заттар фарфор және темір заттар
сияқты тез құрғамайды.
Жеңіл заттарды жоғарғы себетке
салыңыз. Заттар жылжып кетпесін.
Сақтандыру туралы ескерту!
Бүріккіш түтіктердің еркін
айналатындығын жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
тексеріңіз.
Назарыңызда болсын! Ыдысты
салып не алып болған соң есікті
әрқашан жауып жүріңіз. Ашық есік
қауіпті болуы мүмкін.
Астыңғы себет
Кәстрөл, қақпақ, табақ, салат сауыттары
мен ас құралдарын астыңғы себетке
салыңыз. Тәрелкелер мен жалпақ
қақпақтарды себеттің шетін жағалата
орналастырыңыз.
Кәстрөлдер, бақыр мен шыныаяқтарды
салу үшін астыңғы себеттегі ілгек
қатарларын жиып қоюға болады.
10 electrolux
Ас құралдарының қорапшасы
Назарыңызда болсын! Ұзын жүзді
пышақтарды адам жарақаттанып
қалмас үшін тігінен қоймаңыз. Ұзын
және өткір ас құралдарын үстіңгі
себетке көлденең жатқызып
салыңыз. Өткір заттарды абайлап
ұстаңыз.
Шанышқы мен қасықтардың сабын
төмен қаратып салыңыз.
Пышақтардың сабын жоғары қаратып
салыңыз.
Пышақтардың ұшы себеттің түбінен
шығып қалса астыңғы бүріккіш түтікке
кедергі келеді. Пышақтардың сабын
төмен қаратып салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмау
үшін оларды басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Ас құралдарын ас құралдары себетіне
сабын төмен қаратып салыңыз.
Ас құралдары торын пайдаланыңыз.
Құралдың үлкендігі торды пайдалануға
кедергі жасаса, оны оңай алып қоюға
болады.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет табақ(диаметрі максимум
24 см), табақшалар, салат сауыттары,
шыныаяқ, стакан, кәстрөл мен
қақпақтарды салуға арналған. Заттарды
су барлығына біркелкі тиетіндей
орналастырыңыз.
electrolux 11
Ұзын бокалдарды шыныаяқ торына
сирағын жоғары қаратып салыңыз. Ұзын
заттарды шыныаяқ торын жиып барып
салыңыз.
Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу
Астыңғы себетке үлкен табақтарды салу
үшін, алдымен үстіңгі себетті ең жоғарғы
орынға қойыңыз.
Ыдыстың ең үлкен биіктігі
үстіңгі
себеттегі
астыңғы
себеттегі
Ыдыстың ең үлкен биіктігі
Үстіңгі орын 20 см 31 см
Астыңғы орын 24 см 27 см
Үстіңгі себетті жоғарғы орынға қою үшін
мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Себетті тоқтап қалғанша сыртқа
қарай тартыңыз.
2. Механизмі өз орнына орнығып себет
тұрақтанғанға дейін оның екі жағынан
еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз.
Үстіңгі себетті төменгі орынға қою үшін
мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Себетті тоқтап қалғанша сыртқа
қарай тартыңыз.
2. Екі жағынан ұстап еппен көтеріңіз.
3. Механизмін ұстап тұрыңыз да,
орнына еппен түсіріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Себетті ешқашан тек бір жағынан
ұстап көтеруге не түсіруге
болмайды.
Егер себет үстіңгі орында тұрса,
кеселерді шыныаяқ торына
қоймаңыз.
Тазалау бұйымдарын қолдану
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттарды (ұнтақ, сұйық не
таблетка)ғана қолданыңыз.
Орамындағы нұсқауларды
орындаңыз:
Өндіруші көрсеткен мөлшерде
ғана пайдаланыңыз.
Сақтауға қатысты ұсыныстарды
қараңыз.
Қоршаған ортаға зиян тигізбес үшін
көрсеткен мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын
ашыңыз.
12 electrolux
2. Жуғыш зат үлестіргішіне( A) жуғыш
заттан салыңыз. Белгіше мөлшерді
көрсетеді:
20 = шамамен 20 г жуғыш затқа тең
30 = шамамен 30 г жуғыш затқа тең.
3. Алдын ала жуу циклі бар жуу
бағдарламасын пайдалансаңыз,
алдын ала жуғыш зат
үлестіргішіне( B)жуғыш заттан
көбірек салыңыз.
A
B
4. Жуғыш таблеткаларды
пайдалансаңыз, жуғыш таблетканы
жуғыш зат үлестіргішке салыңыз( A).
5. Жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын
жабыңыз. Қақпақты өз орнына
түскенше басыңыз.
Әртүрлі фирма өндірген жуғыш
заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді.
Кей жуғыш заттарды қысқа мерзімді
жуу бағдарламасы үшін қолданғанда
нәтижесі сондай жақсы болмайды.
Таблеткаларды жуғыш зат әбден
жуылып кету үшін ұзақ жуу
бағдарламасы үшін таңдаңыз.
Мульти таб функциясы
Multitab функциясы аралас
таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш,
шайғыш зат және ыдыс жуғыш машина
тұзы тәрізді заттар бар. Кей
таблеткалардың құрамында басқа да
заттар болады.
Бұл таблеткалардың жергілікті жердің
суының кермектігіне сай келетін-
келмейтінін тексеріңіз. Өндіруші
нұсқауларын орындаңыз.
Мultitab функциясын орнатсаңыз, ол
қайта ажыратқанша қосылып тұрады.
Мultitab функциясы шайғыш зат пен
тұздың ағуын автоматты түрде
тоқтатады. Шайғыш зат пен тұздың
анықтағыш шамдары өшеді.
electrolux 13
Мultitab функциясын қолдансаңыз,
бағдарлама ұзаққа созылуы мүмкін.
Multitab функциясын жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
қосыңыз не өшіріңіз.
Бағдарлама жұмыс жасап тұрған
кезде multitab функциясын қосып не
өшіре алмайсыз. Жуу
бағдарламасын өшіріңіз де, содан
соң бағдарламаны қайта орнатыңыз.
Multitab функциясын қосу үшін:
Екі multitab түймешігін (D және E
функция түймешіктері) қатар басып
ұстап тұрыңыз. Multitab анықтағыш
шамы жанады.
Multitab функциясын ажырату үшін:
Екі multitab түймешігін (D және E
функция түймешіктері) қатар басып
ұстап тұрыңыз. Multitab анықтағыш
шамы өшеді.
Құрғату нәтижесі
қанағаттандырмаса мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Шайғыш зат үлестіргішіне
шайғыш заттан салыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішін
белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шайғыш затты үлесті ру мөлшерін
2-ші орынға қойыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін тек
multitab функциясы белсенд і күйде
тұрғанда ғана қосуға не өшіруге
болады.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру
үшін:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін
басып, ұстап тұрыңыз.
A, B, және C функция
түймешіктерінің анықтағыш
шамдары жыпылықтай бастайды.
4. B және C функция түймешігін
босатыңыз.
5. В функция түймешігін басыңыз.
А және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары өшеді.
В функция түймешігінің анықтағыш
шамы жыпылықтауын
жалғастырады.
Сандық бейнебетте параметр
пайда болады.
Шайғыш зат
үлестіргіші
ажыратылған
Шайғыш зат
үлестіргіші қосылған
6. В функция түймешігін қайта басыңыз.
Сандық бейнебетте жаңа параметр
пайда болады.
7. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
Қалыпты жуғыш затты қайта
пайдалану үшін:
1. Multitab функциясын
ажыратыңыз.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
3. Су кермектігі параметрін ең
жоғарғы деңгейге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын еш ыдыссыз
орындаңыз.
5. Су жұмсартқыштың деңгейін
өзіңіз тұратын жердегі судың
кермектігіне лайықтаңыз.
6. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
белгілеңіз.
Жуу программасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасын есікті
ашыңқырап қойып орнатыңыз. Жуу
бағдарламасы тек есік жабылған соң
ғана басталады. Осыған дейін
параметрлерді өзгертуіңізге
болады.
Жуу бағдарламасын орнатып, бастау
үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. Бағдарлама түймешіктерінің бірін
басыңыз. 'Жуу бағдарламалары'
тарауын қараңыз.
14 electrolux
Бағдарламаның анықтағыш шамы
жанады.
Сандық бейнебетте бағдарлама
ұзақтығы пайда болады.
4. Есікті жабыңыз.
Жуу бағдарламасы басталады.
Жуу бағдарламасы орындалып
тұрған кезде бағдарламаны өзгерте
алмайсыз. Жуу бағдарламасын
біржола тоқтатыңыз.
Назарыңызда болсын! Жуу
бағдарламасын тек қажет жағдайда
ғана үзіңіз не біржола тоқтатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Есікті
абайлап ашыңыз. Ыстық бу шығып
кетуі мүмкін.
Жуу бағдарламасын үзу
Есікті ашыңыз.
Бағдарлама тоқтайды.
Есікті жабыңыз.
Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
1. B және C функция түймешіктерін
барлық бағдарламалардың шамдары
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
2. Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
үшін B және C функция түймешіктерін
босатыңыз.
Осы кезде мына қадамдарды орындауға
болады:
1. Құрылғыны өшіру.
2. Жаңа жуу бағдарламасын орнату.
Жаңа жуу бағдарламасын орнатпай
тұрып жуғыш зат үлестіргішке жуғыш
заттан салыңыз.
Бағдарламаға кешіктіріп бастау
функциясын қосып орнату және бастау
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
4. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте жуу бағдарламасын
кешіктіру уақыты көрсетілгенше
басыңыз.
–Кешіктіріп бастау функциясының
анықтағыш шамы жанады.
5. Есікті жабыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясының
кері санағы басталады.
Кешіктіріп бастау функциясының
кері санағы 1 сағаттық қадам
бойынша кеми бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кері санақ тоқтап қалмас үшін кері
санақ орындалып тұрған кезде есікті
ашпаңыз. Есікті қайта жапқан кезде
кері санақ тоқтаған жерінен бастап
жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын
болдырмау
1. B және C функция түймешіктерін
барлық бағдарламалардың шамдары
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатқан кезде жуу
бағдарламасы да тоқтайды.
2. Жаңа жуу бағдарламасын
орнатыңыз.
Жуу бағдарламасының соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Бағдарламаның аяқталғанын
білдіретін дыбысты сигнал естіледі.
Кептіру жүйесінің ыдыс жуғыш
корпусындағы судың будын
кептіретін желдеткіші бар. Бұл
кептіру циклінің жұмысын барынша
тиімді етеді және қалдық будың
қайтадан ыдыстың бетіне су
тамшылары ретінде тұрып қалуына
жол бермейді.
Кептіру циклі кезінде есікті ашсаңыз,
құрал жұмыс істеуін тоқтатады.
1. Есікті ашыңыз.
Сандық бейнебетте 0 пайда
болады.
Аяқталған бағдарламаның
анықтағыш шамы жанған қалпы
тұрады.
2. Құрылғыны өшіріңіз.
3. Қептіру нәтижесін жақсарту үшін
есікті ыдыстарды шығармай тұрып
бірнеше минут ашып қойыңыз.
Ыдыстарды машинадан алмай тұрып
суытып алу үшін қоя тұрыңыз. Ыстық
ыдыс осал келеді.
electrolux 15
Ыдыс-аяқтарды алу
•Алдымен астыңғы себеттегі, содан соң
үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз.
Құрылғының қабырғасы мен есігі
суланып тұруы мүмкін. Тоттанбайтын
болат, ыдыстарға қарағанда тез суып
қалуы мүмкін.
Жуу программалар
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі Бағдарлама сипаттамасы
Қарқынды Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 70°C дейін
2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
Автоматты
1)
Кез келген Ыдыс-аяқтар, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 45°C не 70°C дейін
1 не 2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
Жылдам
2)
Қалыпты не
аздап кірлеген
Ыдыс-аяқтар мен ас
құралдары
Негізгі жуу, 60°C дейін
Соңғы шаю
Үнемді
3)
Қалыпты
кірлеген
Ыдыс-аяқтар мен ас
құралдары
Алдын ала жуу
Негізгі жуу, 50°C дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
Шыны ыдыс Қалыпты не
аздап кірлеген
Морт сынғыш ыдыс-
аяқтар мен шыны
ыдыстар
Негізгі жуу, 45°C дейін
1 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
1) Автоматты бағдарлама орындалып тұрғанда, ыдыстардың қаншалықты ластанғаны, судың
қаншалықты лайланғанына қарап анықталады. Бағдарлама ұзақтығы мен тұтынылатын
ресурстар шығыны өзгереді. Бұл ыдыстарды құрылғыға толтыра не толтырмай салғанға
және ыдыстардың қаншалықты ластанғанына байланысты. Құрылғы негізгі жуу циклі кезінде
судың температурасын автоматты түрде реттейді.
2) Бұл жартылай толтырылған машинаға бірден-бір сай келетін, күнделікті қолдану үшін тамаша
бағдарлама. Тек таңғы және кешкі ас ыдыстары мен ас құралдарын жуғысы келетін 4 адамы
бар жанұя үшін тамаша бағдарлама.
3) Сынақ мекемелеріне арналған сынақ бағдарламасы. Сынаққа қатысты ақпараттарды
қосымша кітапшадан алыңыз.
Тұтыну параметрлері
Бағдарлама
Ұзақтығы (минут)
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
Қарқынды - 1,6 - 1,8 19 - 21
Автоматты - 0,8 - 1,3 10 - 19
Жылдам - 0,8 8
Үнемді - 0,8 - 0,9 12 - 13
16 electrolux
Бағдарлама
Ұзақтығы (минут)
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
Шыны ыдыс
- 0,6 - 0,7 11 - 12
1) Сандық бейнебетте бағдарлама ұзақтығы пайда болады.
Судың қысымы мен температурасы,
электр қуатының ауытқып берілуі
мен ыдыстардың саны бұл мәндерді
өзгертуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
өшіріп барып тазалаңыз.
Сүзгілерді тазалау
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны еш сүзгісіз
пайдаланбаңыз. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс
орнатсаңыз жуу нәтижелері
қанағаттанғысыз болып, құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін.
Сүзгілерді қажетінше тазалап отырыңыз.
Кірлеген сүзгілер жуу нәтижесін
төмендетеді.
Ыдыс жуғыш машинаның үш сүзгісі бар:
1. ірі көзді сүзгі(A)
2. микросүзгі (B)
3. тегіс сүзгі (C)
A
B
C
Сүзгілерді тазалау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Есікті ашыңыз.
2. Астыңғы себетті алыңыз.
3. Сүзгі жүйесінің бекітпесін ашу үшін
микросүзгі (B) ұстағышын сағат
бағытына қарсы 1/4 мөлшерде
бұраңыз.
4. Сүзгілерді алыңыз.
5. Ірі көзді сүзгіні(A)тесігі бар
ұстағышынан ұстаңыз.
6. Ірі көзді сүзгіні(A)
микросүзгіден(B)алыңыз.
7. Тегіс сүзгіні (C) құрылғы түбінен
шығарыңыз.
8. Сүзгілерді ағып тұрған суға жуыңыз.
9. Тегіс сүзгіні (C) құрылғы түбіне
салыңыз.
10. Ірі көзді
сүзгіні(A)микросүзгіге(B)салып,
екеуін қатар басыңыз.
11. Сүзгі жүйесін орнына қойыңыз.
12. Сүзгі жүйесін бекіту үшін микросүзгі
(B)ұстағышын өз орнына түскенше
сағат бағытымен бұраңыз.
13. Астыңғы себетті салыңыз.
electrolux 17
14. Есікті жабыңыз.
Бүріккіш түтіктерді алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, оны жіңішке шырпымен
тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару
панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Тек нейтрал тазалағыш
заттарды қолданыңыз. Түрпілі не қатты
тазалағыш заттарды, еріткіштерді
(ацетон, трихлорэтилен, т.с.с.)
пайдаланбаңыз.
Мұздап кетуден сақтау
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен түсетін жерге
орнатпаңыз. Өндіруші құрылғыға
мұздап қалудан келген зиян үшін
жауапты емес.
Басқа мүмкіндік болмаса, құрылғыны
босатыңыз да, есігін жабыңыз. Су құятын
түтікшені ағытып, су құятын түтікшедегі
суды төгіңіз.
Не істерсіңіз, егер...
Құрылғы жұмыс істей бастамайды не
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Құрылғыда ақау бар болса, оны алдымен
өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.
Мәселенің шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықты төменде көрсетілген
ұсыныстар бойынша түзетуді
бастамай тұрып, құрылғыны
өшіріңіз.
Қателер коды және дұрыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары
үзік-үзік дыбысты сигнал
сандық бейнебетте
пайда
болады
Ыдыс жуғыш машинаға су толмай
тұр
Су құятын шүмек бітелген не оған қақ тұрған.
Су құятын шүмекті тазалаңыз.
Су құятын шүмек жабық.
Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған.
Сүзгіні тазалаңыз.
Су құятын түтікше дұрыс жалғанбаған. Түтікше
шиеленісіп не жаншылып қалуы мүмкін.
Түтікшенің дұрыс жалғанғанын тексеріп алыңыз.
үзік-үзік дыбысты сигнал
сандық бейнебетте
көрсетіледі
Ыдыс жуғыш машинаның суы
төгілмей жатыр
Раковина түтігі бітеліп қалған.
Раковинаның түтігін тазалаңыз.
Су төгетін түтікше дұрыс жалғанбаған. Түтікше
шиеленісіп не жаншылып қалуы мүмкін.
Түтікшенің дұрыс жалғанғанын тексеріп алыңыз.
үзік-үзік дыбысты сигнал
сандық бейнебетте пайда
болады
Тасқынға қарсы құрал қосылып
кетеді
Су құятын шүмекті жауып, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
18 electrolux
Қателер коды және дұрыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Бағдарлама басталмай тұр Құрылғы есігі жабылмаған.
Есікті жабыңыз.
Аша розеткаға сұғылмаған.
Ашаны қосыңыз.
Үйдегі сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғыш
күйіп кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Кешіктіріп бастау орнатылған.
Бағдарламаны дереу бастау үшін кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтатыңыз.
Тексеріп болған соң құрылғыны қосыңыз.
Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады. Құрылғы ақауы қайта орын
алса, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Мына деректер сізге жылдам да дұрыс
көмек көрсету үшін қажет:
•Үлгісі(Mod.)
Өнім нөмірі (PNC)
Сериялық нөмірі(S.N.)
Бұл деректерді техникалық ақпарат
тақтайшасынан алыңыз.
Қажетті деректерді мына жерге жазып
қойыңыз:
Құрылғы үлгісінің сипаттамасы: ..........
Өнім нөмірі: ..........
Сериялық нөмірі: ..........
Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес
Ыдыстар таза емес Таңдалған бағдарлама ыдыстардың салыну түріне және
кірлеу ауқымына сай келмейді.
Себеттер дұрыс толтырылмаған, сондықтан да су барлық
ыдыстардың беттеріне біркелкі тимей тұр.
Ыдыстар дұрыс салынбағандықтан бүріккіштер еркін айнала
алмай тұр.
Сүзгілер ластанған не теріс салынған.
Жуғыш зат салынбаған не өте аз мөлшерде салынған.
Ыдыстардың үстінде әк
түйірлері қалған
Тұз сауыты босап қалған.
Су жұмсартқыштың теріс деңгейі орнатылған.
Тұз сауытының қақпақшасы дұрыс жабылмаған.
Ыдыс-аяқ сулы және түсі
жақсы емес
Ешбір шайғыш зат пайдаланылмаған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Ыдыстар мен
стакандардың беті
айғыздалған не оларға
ақшыл дақтар түскен не
беті көкшіл тартқан
Шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Стакандар мен ыдыстарда
кепкен су тамшысының ізі
қалған
Шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.
Бұның себебі жуу заттары болуы мүмкін.
Техникалық сиппатама
Өлшемдері Ені, см 44,6
Биіктігі,см 81,8 - 87,8
Тереңдігі, см 55
electrolux 19
Электр желісіне қосылым -
Кернеу - Жалпы қуат -
Сақтандырғыш
Құрылғыны электр желісіне қосу туралы мәлімет, жуғыш
есігінің ішкі бетінің шетіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген.
Құйылатын судың қысымы Минимум 0,5 бар (0,05 MПa)
Максимум 8 бар (0,8 MПa)
Сыйымдылығы Орын параметрлері 9
Орнату
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
ашаның розеткадан алынып
тұрғанын тексеріп барып орнатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны нұсқауларды
орындай отырып кіріктіріп орнатыңыз:
Құрылғыны кіріктіріп орнатыңыз.
Шкафтың қабырғасын орнатыңыз.
Су құятын және төгетін жүйеге
қосыңыз.
Құрылғыны жиһаз астына орнату (ас үй
үстелі не раковина)
Жөндеу жұмысын жүзеге асыру қажет
болса, құрылғыға арнайы маманның
қолы оңай жетуге тиіс.
Құрылғыны су құятын шүмек пен суды
төгетін құбырлардың қасына
орналастырыңыз.
Ыдыс жуғышты су құятын, төгетін жүйеге
және электр желісіне қосу үшін тек
осыларға ғана арналған тесіктерді тесіп
жасау керек.
Ыдыс жуғыштың биіктікті реттеуге
арналған өзгермелі сирақтары бар.
Машинаны кіріктіріп орнатқан кезде су
құятын, төгетін түтікшелері мен электр
желісіне қосатын сымының шиеленісіп
не жаншылып қалмағанын тексеріңіз.
Құрылғыны іргелес заттарға жанастыра
орналастыру
Астына құрылғы орнатылатын шкаф
конструкциясының (іргелес құрылғылар,
шкафтар,қабырға)берік
жасалғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғы деңгейін лайықтап орнату
Құрылғының есікке өте жақын әрі еш
саңылаусыз орнатылуын қамтамасыз
етіңіз. Деңгейі дұрыс орнатылған
құрылғының есігі шкаф қабырғасына
соғылмайды. Есік дұрыс жабылмаса,
өзгертпелі сирақтарды босату не қатайту
арқылы машинаның деңгейін реттеп
қойыңыз.
Суға қосу
Су құятын түтікше
Құрылғыны ыстық (макс. 60°) немесе
суық суға қосуға болады.
Егер ыстық су қоршаған ортаға зияны
жоқ басқа қуат көздерінен (мысалы күн
көзінің қуатынан, фотоэлектрлі панель
не жел қуатынан)алынса, қуат шығынын
азайту үшін ыстық суды пайдалануды
ұсынамыз.
Су құятын түтікшені сыртқы резьбасы 3/4
дюйм болатын су шүмегіне қосыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Ескі
құрылғылардың қосылым
түтікшелерін пайдаланбаңыз.
Су қысымы көрсетілген шектерден
аспауға тиіс ("Техникалық деректер"
тарауын қараңыз). Жергілікті су
басқармасынан тұратын жеріңіздегі
құбырлардың орташа қысымын беруін
талап етіңіз.
Су құятын түтікшенің еш жерінің
түйнектелмей, не жаншылып не болмаса
шиеленіспей тұрғандығын тексеріңіз.
Су жылыстап ағып кетпес үшін
контргайканы дұрыс орнатыңыз.
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84

Electrolux ESL46010 Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare