16
– Егер үтіктеу кезінде суды үстемелеу керек
болса, онда үтікті сөндіріңіз де, желілік бау
ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
– Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз,
оның толық салқындауын күтіңіз, содан кейін
су құятын саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз,
үтікті төңкеріңіз және қалған суды төгіңіз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Қолдану алдында, үтіктің табаны (13) және суға
арналған сауыт (10) таза екеніне көз жеткізу
үшін қызған үтікті матаның кішкентай бөлігінде
тексеріңіз.
•
Заттарды үтіктеу алдында әрбір кезде үтіктеудің
ұсынылған температурасы көрсетілген бұйым
заттаңбасына көңіл аударыңыз.
•
Егер бұйым заттаңбасында таңбасы болса,
онда берілген бұйымды үтіктеу ұсынылмайды.
•
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар заттаңба
жоқ болса, бірақ сіз материалдың түрін ажырата
алсаңыз, онда температураны таңдау үшін
кестені пайдаланыңыз.
Үтіктеу температурасын таңдау кестесі
Белгілеулер Мата түрі (температура)
үтіктемеу керек
•синтетика, нейлон, акрил,
полиэстер (төмен температура)
•• жібек/жүн (орташа температура)
••• мақта (жоғары температура)
MAX зығыр (жоғары температура)
•
Бұл кесте тек тегіс материалдарға арнал-
ған. Егер материал басқа түрлі (гофрлен-
ген, кедір-бұдырлы және т.б.) болса,
онда оны төменгі температурада үтіктеген жөн.
•
Алдымен киімдерді үтіктеу температурасы
бойынша сұрыптап алыңыз: синтетиканы –
синтетикаға, жүнді – жүнге, мақтаны – мақтаға
және т.с.с.
•
Үтіктің қызуы, оның салқындауына қарағанда
жылдамырақ. Сондықтан алдымен, төмен
температурадағы киімдерді үтіктеп алған жөн
(мысалы, синтетикалық маталар). Содан кейін
анағұрлым жоғары температура кезіндегі
үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн). Мақта мен зығыр
бұйымдарын соңғы кезекте үтіктеңіз.
•
Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым 60% полиэстерден
және 40% мақтадан құралса, онда оны
полиэстерге сәйкес температурада үтіктеу
қажет «•»).
•
Егер сіз матаның құрамын анықтай алмасаңыз,
онда киімнің киген кезде көзге түсе қоймайтын
жерін тауып алыңыз да, тәжірибелік жолмен
үтіктеу температруасын таңдаңыз (үнемі ең
төменгі температурадан бастаңыз да, қалаған
нәтижеге қол жеткізгенге дейін оны көбейте
беріңіз).
•
Вельветті және басқа да түгі тез түсетін
маталарды қатаң түрде бір бағытта ғана (түктің
бағытына қарай) сәл батыңқырап үтіктеу керек.
•
Синтетикалық және жібек маталарда түгі түскен
дақтардың пайда болуына жол бермеу үшін
оларды астары жағынан үтіктеген жөн.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БЕЛГІЛЕУ
•
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
•
Желілік баусымның ашасын электрлік ашалыққа
салыңыз.
•
Реттегішті (11) бұрап қажетті үтіктеу
температурасын белгілеңіз: «•», «••», «•••»,
«МАХ». (матаның түріне байланысты), осы
кезде көрсеткіш (7) жанады.
•
Үтік табаныны (13) белгіленген темпера-тураға
дейін қызған кезде көрсеткіш (7) сөнеді, үтіктеуге
кірісуге болады.
Ескерту:
– Егер сіз жоғары температурамен үтіктесеңіз,
және төмен температураға көшу қажеттілігі
пайда болса, онда табан температура-
сының төмендеуін күтіп және көрсеткіш
(7) жанғаннан кейін ғана үтіктей бастау
ұсынылады.
СУ ШАШЫРАТҚЫШЫ
•
Сіз шашыратқыш пернесін (5) бірнеше рет
басып матаны дымқылдай аласыз.
•
Сауытта (10) су жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
•
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
•
Желілік баусымның ашасын электрлік ашалыққа
салыңыз.
•
Тұрақты бу беру реттегішін (3) (15) – бу беру
сөндірілген күйіне белгілеңіз.
•
Реттегішті (11) бұрап қажетті үтіктеу
температурасын белгілеңіз: «•», «••», «•••»,
«МАХ» (матаның түріне байланысты), осы
кезде көрсеткіш (7) жанады.
•
Үтік табанының (13) температурасы белгіленген
температураға дейін қызған кезде көрсеткіш (7)
сөнеді, үтіктеуге кірісуге болады.
•
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін температура
реттегішін (11) «MIN» күйіне белгілеңіз.
•
Желілік баусымның ашасын электр ашалығынан
суырыңыз және оның толық салқындауын
күтіңіз.