• Ең көп салмақ 9 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
• Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
• Құрылғы мен кілемнің арасында
тиісті орын болуын қамтамасыз ету
үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Құрылғының
қорек сымын ауыстыру қажет болса,
оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
• Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
4
www.aeg.com