Тот:ыстық суға ерітілген қымыздық
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:ағартқышпен сүртіңіз де
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап
ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу
тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен
жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ матаның
үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
Далап: жоғарыда көрсетілгендей
ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты
этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген
қалып қойған дақты ағартқышпен
сүртіңіз.
Қызыл шарап:жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай
алдымен
матаны ацетонмен
1)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып
қойған кез келген дақты ағартқышпен
сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ
кетіргіш, этил спирті не бензинмен
сүртіңіз, содан соң жуғыш
қоймалжыңмен ысқылаңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҚОСПАЛАР
Жуған кезде жақсы нəтижеге жету
сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай жəне
қоршаған
ортаға зиян келтірмейтіндей
тиісті мөлшерде пайдалануға да
байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың
құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін
бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның
түріне(нəзік мата, жүн тоқыма, мақта
мата т.б.),түсіне, жуу температурасына
жəне қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да
осы машинада қолдануға
болады:
• матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
• нəзік мата(макс. 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар
• матаның барлық түрлеріне не
əсіресе, жүн заттарға ғана арналған
төменгі температурада жуатын
бағдарламаларға(макс. 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштер
қорапшасына салынуға тиіс.
Сұйық жуғыш
затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қажет.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз.
СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Судың кермектігі "деңгей" арқылы
өлшенетін өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен
жабдықтайтын
компания не жергілікті əкімшілік
мекемеден алуға болады.
Судың кермектігі орташа-жоғарғы
деңгейде болса(II деңгейдегі
кермектіктен бастап)онда су
жұмсартқыштан қосу керек.
Өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Жуғыш заттың мөлшерін содан соң
əрқашан су кермектігінің деңгейіне I
(= жұмсақ) сай келтіріп алуға
болады.
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
electrolux 17