AEG F55410WOP Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare

Acest manual este potrivit și pentru

FAVORIT 55410
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RO MAŞINĂ DE SPĂLAT VASE INFORMAŢII PENTRU
UTILIZATOR
22
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
41
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 62
МАЗМҰНЫ
4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
6 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
7 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
8 БАҒДАРЛАМАЛАР
УНКЦИЯЛАР
10 БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
13 ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
16 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
17 АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
20 ОРНАТУ
21 ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын
қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық
техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын
құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін
толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған
керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын
себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді
заттардың барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға тиіс.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
ҚАЗАҚ
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-
есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ
немесе қолдана білмейтін адамдарға,
балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз.
Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс. Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар
мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны білікті маман
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі
қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған.
Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
4
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу қауіпі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге
болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш
зат болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Электр, өрт қатері пайда болуы
немесе адам күйіп қалуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы
есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
•Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
ҚАЗАҚ
5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
12
1
2
3
4
5
8
10
6
7
9
11
1
Жұмыс алаңы
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
Су кермектігі тетігі
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Ас құралдары себеті
11
Астыңғы себет
12
Үстіңгі себет
6
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
6
7
8
9
5
4
3
1
Қосу/өшіру түймешігі
2
Бағдарлама нұсқаулығы
3
Бағдарлама көрсеткіші
4
Индикатор шамдары
5
Бейнебет
6
Start түймешігі
7
Delay түймешігі
8
Multitab түймешігі
9
Бағдарлама тетігі
Индикатор шамдары Сипаттама
Жуу циклінің индикаторы.
Кұрғату циклінің индикаторы.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде осы индикатор сөніп тұрады.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
осы индикатор сөніп тұрады.
Multitab индикаторы.
ҚАЗАҚ
7
БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама
1)
Ластану дәрежесі
Кірдің түрі
Бағдарлама циклдары Қуат
(кВт)
Су
(л)
2)
Барлығы
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 45 °C не 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
0.7 - 1.3 - 16
3)
Жаңа ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю
0.8 8
4)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алдын ала жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Құрғату
0.8 - 0.9 8 - 9
5)
Қатты ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алдын ала жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
1.2 - 1.3 13 - 14
6)
Барлығы Алдын ала жуу 0.01 3
1)
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтыну мәндерін судың қысымы мен температурасы, электр қуатының
ауытқуы, параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
2)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады.
Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу шамасы мен бағдарлама уақытын
автоматты түрде реттейді.
3)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы
нәтиже береді.
4)
Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты
кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады.
Сынақ деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
5)
Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада шаю циклы бар.
Шаю циклі кезінде температура 10-14 минут 70 °C градуста тұрады.
6)
Бұл бағдарламаны ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың ыдыстарға
жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.
Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
8
ФУНКЦИЯЛАР
MULTITAB ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функцияны аралас жуғыш таблеткаларды
қолданғанда ғана іске қосыңыз.
Бұл функция шайғыш зат пен тұзды ағызбай
тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөнеді.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
Multitab функциясын бағдарламаны
бастамай тұрып іске қосыңыз немесе
сөндіріңіз. Бұл функцияны
бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Multitab түймешігін басыңыз, Multitab
индикаторы жанады.
Функция сөндіргенше қосулы тұрады.
Multitab түймешігін басыңыз, Multitab
индикаторы сөнеді.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен
ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар
алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратып қойыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
ҚАЗАҚ
9
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін,
жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары
қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
Егер аралас жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, Multitab функциясын
іске қосыңыз. Бұл таблеткалардың
құрамында жуғыш зат, шайғыш зат
және басқа қоспалар бар. Бұл
заттардың тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне сай келетініне көз
жеткізіңіз. Өнімдердің орамындағы
нұсқауларды қараңыз.
СУ ЖҰМСАРТҚЫШТЫ РЕТТЕУ
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан
келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі
мүмкін минералдар өте көп мөлшерде
кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.
Су жұмсартқышты дұрыс деңгейге реттеп қою
үшін кестеге қараңыз. Бұл су жұмсартқыштың
ыдыс жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс
мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
Су жұмсартқышты қолмен және
электрондық тәсілмен реттеу қажет.
Судың кермектігі
Су жұмсартқыш
реттеу
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
Қолдан Электр
онды
тәсілме
н
51 - 70 91 - 125 9.1 - 12.5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7.6 - 9.0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45
2
1)
7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1
2)
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
10
Қолмен реттеу
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші орынға
бұраңыз.
Электрондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Бағдарлама тетігін бейнебетте екі
көлденең қалып күй-жолағы пайда
болғанша бұраңыз.
4.
Multitab және Delay түймешіктерін,
,
және жыпылықтағанша басып
ұстап тұрыңыз.
5. Multitab түймешігін басыңыз.
және индикаторлары сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
Бейнебетте су жұмсартқыштың
параметрі көрсетіледі. Мысалы:
=
5-ші деңгей.
6. Параметрді өзгерту үшін Multitab
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
ТҰЗ САУЫТЫН ТОЛТЫРУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
тұзды ғана қолданыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Тұз сауытын толтырған кезде одан су
және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол бермеу
үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең
бірінші рет ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
ҚАЗАҚ
11
ШАЙҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІН ТОЛТЫРУ
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
D
C
Сақтандыру туралы ескерту!
Ыдыс жуғышқа арналған шайғыш
заттарды ғана пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ
қалдырмай құрғатуға көмектеседі.
1.
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз,
'max' деңгейінен асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен
тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін (B) 1
(ең аз мөлшер) және 4 (ең көп
мөлшер) аралығына қоюға болады.
12
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса,
шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны кірдің түрі мен кірлеу
деңгейіне қарай дұрыс таңдап, іске
қосыңыз.
СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ
Себеттерді толтыру мысалдары
көрсетілген парақшаны қараңыз.
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын
алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды
жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан
және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып
кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа
ас құралдарымен араластырып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш
түтіктердің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
C
Сақтандыру туралы ескерту!
Ыдыс жуғыш машиналарға арналған
жуу заттарды ғана пайдаланыңыз.
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу циклы
болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
Қысқа бағдарламаларды қолданғанда
жуғыш таблеткалар әбден ерімеуі
және ыдыста жуғыш заттың
қалдықтары қалуы мүмкін.
Жуғыш таблеткаларды ұзақ
бағдарламаларды қолданған кезде
пайдалануды ұсынамыз.
ҚАЗАҚ
13
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ
БАСТАУ
Параметрлерді орнату режимі
Кей әрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс.
Құрылғы іске қосылғаннан кейін
параметрлерді орнату режимінде тұрады:
Цикл индикаторларының барлығы жанады.
Бейнебетте соңғы орнатылған
бағдарламаның уақыты жыпылықтайды.
Бейнебетте басқа жағдай орын алса, Multitab
және Delay түймешіктерін құрылғы
параметрлерді орнату режиміне ауысқанша
қатар басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. Бағдарлама тетігін, тетіктегі бағдарлама
таңбасы орнатқыңыз келген бағдарламаға
келгенше бұраңыз.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
жыпылықтайды.
Орнатылған бағдарлама циклдарының
индикаторлары жанады.
6. Start түймешігін басыңыз. Бағдарлама
басталады.
Орындалып тұрған циклдің индикаторы
ғана жанып тұрады.
Бейнебетте 1 минутқа тең қадаммен
азайып тұратын бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты (1-24
сағат) көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты
жыпылықтайды.
3. Start түймешігін басыңыз. Кері санақ
басталады.
Бейнебетте 1 сағатқа тең қадаммен
азаятын кешіктіріп бастау уақытының
кері санағы көрсетіледі.
Орнатылған бағдарлама циклдарының
индикаторлары сөнеді.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Орындалып тұрған циклдің индикаторы
жанады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату
Delay түймешігін келесі жағдай орын алғанша
қайта-қайта басыңыз:
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
Цикл индикаторлары жанады.
Бағдарлама басталады.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Multitab және Delay түймешігін келесі жағдай
орын алғанша басып ұстап тұрыңыз:
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
жыпылықтайды.
Цикл индикаторлары жанады.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде цикл
индикаторлары сөнеді де, бейнебетте 0
көрсетіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
3. Судың шүмегін жабыңыз.
14
Егер қосу/өшіру түймешігін
баспасаңыз, бірнеше минуттан кейін
Auto Off құралы құрылғыны
автоматты түрде сөндіреді. Бұл
электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі.
Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін құрылғы
есігін бірнеше минут ашып қойыңыз.
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігіне
су тұруы мүмкін. Тот баспайтын
болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез
салқындайды.
ҚАЗАҚ
15
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш
түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет болса
тазалаңыз.
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
C
B
A
A1
A2
1.
Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
2.
(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және
(A2) бөліктерін ажыратыңыз.
3.
(B) сүзгісін алыңыз.
4.
Сүзгіні сумен жуыңыз.
5.
(B) сүзгісін әдепкі орнына
салыңыз. Сүзгінің екі
бағыттағыштың (C) астына дұрыс
кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
6.
(A) сүзгісін құрастырып, (B)
сүзгісіндегі орнына қойыңыз.
Сырт етіп орнына түскенше сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі қанағаттанғысыз
болуы және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,
қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
16
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Болмаса, Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте
ескерту кодтары көрсетіледі:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Бағдарлама
басталмай тұр.
Қуат ашасы розеткаға
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұр. Құрылғы есігін жабыңыз.
Start басылмаған. Start түймешігін басыңыз.
Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғышқа нұқсан
келген.
Сақтандырғышты
ауыстырыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы
орнатылған.
Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатыңыз немесе
кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су
құйылмай тұр.
Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті ашыңыз.
Судың қысымы тым төмен. Жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласыңыз.
Су құйылатын шүмек бітелген
немесе оған қақ тұрған.
Су құятын шүмекті тазалаңыз.
Су құятын түтіктегі сүзгі бітеліп
қалған.
Сүзгіні тазалаңыз.
Су құятын түтік майысып
немесе бастырылып қалған.
Түтіктің дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Құрылғының ішіне су аққан.
Судың шүмегін жабыңыз да,
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыдан су ақпай
тұр.
Раковинаның түтікшесі бітеліп
қалған.
Раковинаның түтікшесін
тазалаңыз.
Су төгетін түтік майысып
немесе бастырылып қалған.
Түтіктің дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бейнебетте басқа ақаулық кодтары
көрсетілсе, Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ
17
ЖУУ МЕН ҚҰРҒАТУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚТАЙ ЕМЕС.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Ыдыс-аяқ таза емес. Сүзгілер бітеліп қалған. Сүзгілерді тазалаңыз.
Сүзгілер дұрыс
құрастырылмаған және дұрыс
орнатылмаған.
Сүзгілердің дұрыс
құрастырылып, орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
Бүріккіш түтіктер бітеліп
қалған.
Тұрып қалған қоқыстарды
жіңішке затпен алыңыз.
Бағдарлама салынған
ыдыстың түріне және ластану
дәрежесіне сай емес.
Салынған ыдыс-аяқтың түріне
және ластану дәрежесіне сай
бағдарламаны таңдаңыз.
Заттар себеттерге дұрыс
салынбаған. Су барлық
заттарды жуа алмады.
Себеттердегі заттардың дұрыс
орналасқанына және барлық
заттарға су оңай жететініне көз
жеткізіңіз.
Бүріккіш түтіктер еркін айнала
алмайды.
Себеттердегі заттардың дұрыс
орналасқанына және бүріккіш
түтіктерге ешбір кедергі
жасамайтынына көз жеткізіңіз.
Жуғыш зат өте аз салынған. Бағдарламаны бастамай тұрып
жуғыш затты жеткілікті
мөлшерде үлестіргішке
салыңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште ешбір
жуғыш зат жоқ.
Бағдарламаны бастамай тұрып
үлестіргішке жуғыш заттан
салыңыз.
Ыдыс-аяққа әк
түйіршіктері тұрып
қалған.
Тұз сауыты босап қалған. Тұз сауытына ыдыс жуғыш
машина тұзы салынғанына көз
жеткізіңіз.
Су жұмсартқыш дұрыс
деңгейге қойылмаған.
Су жұмсартқыштың қойылған
деңгейі тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Тұз сауытының қақпағы бос
тұр.
Қақпақты қатайтыңыз.
Стакандар мен
ыдыстарға ақ
жолақтар мен дақтар
тұрған немесе
олардың беті көкшіл
тартқан.
Шайғыш зат тым көп
мөлшерде қосылады.
Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін азайтыңыз
.
Жуғыш зат өте көп мөлшерде
салынған.
Бағдарламаны бастамай тұрып
жуғыш затты жеткілікті
мөлшерде үлестіргішке
салыңыз.
18
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Стакандар мен
ыдыста кепкен су
тамшысының ізі
қалған.
Шайғыш зат аз мөлшерде
қосылады.
Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін көбейтіңіз.
Бұл жуғыш заттың сапасына
байланысты болуы мүмкін.
Басқа фирманың жуғыш затын
қолданып көріңіз.
Ыдыс-аяқ кеппеген. Бағдарламада кептіру
циклы болған жоқ.
Бағдарламада төмен
температурада кептіру
циклы болды.
Кұрғату нәтижесін жақсарту
үшін есікті бірнеше минут ашып
қойыңыз.
Ыдыс-аяқ кеппеген
және түсі ашылмаған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап
қалған.
Шайғыш зат үлестіргіште
шайғыш заттың болуын
қамтамасыз етіңіз.
Бұл шайғыш заттың сапасына
байланысты болуы мүмкін.
Басқа фирманың шайғыш
затын қолданып көріңіз.
Бұл аралас жуғыш
таблеткалардың сапасына
байланысты болуы мүмкін.
Басқа фирманың аралас
жуғыш таблеткасын
қолданып көріңіз.
Шайғыш зат үлестіргішін іске
қосып, шайғыш затты аралас
жуғыш таблеткамен бірге
қолданыңыз.
Мultitab функциясы қосулы
тұрғанда шайғыш зат үлестіргішін
іске қосу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Бағдарлама тетігін бейнебетте екі
көлденең қалып күй-жолағы пайда
болғанша бұраңыз.
4.
Multitab және Delay түймешіктерін,
,
және жыпылықтағанша басып
ұстап тұрыңыз.
5. Delay түймешігін басыңыз.
және индикаторлары сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
Бейнебетте шайғыш зат параметрі
көрсетіледі.
Сөндіру
Қосу
6. Параметрді өзгерту үшін Delay түймешігін
қайта-қайта басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
ҚАЗАҚ
19
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
"ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ"
тарауын қараңыз.
АС ҮЙ ҚАПТАМАСЫНЫҢ АСТЫНА ОРНАТУ
570-600 mm
450 mm
820 mm
1.
Құрылғы орнатылатын
қаптаманың ішкі өлшемі, суреттегі
өлшемдерге сай екендігіне көз
жеткізіңіз.
2.
Құрылғыны су ағатын шүмек пен
ақаба құбырға жақын
орналастырыңыз.
4
3
2
1
3.
Құрылғының жұмыс алаңын
алыңыз.
4.
Құрылғының деңгейін реттемелі
тіректерді босатып немесе
қатайтып реттеп орнатыңыз.
Құрылғының деңгейі дұрыс
реттелсе, есік дұрыс, әрі нығыз
жабылады.
5.
Құрылғыны ас үй қаптамасының
астына орнатыңыз.
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84

AEG F55410WOP Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
Acest manual este potrivit și pentru