Electrolux EWX147410W Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
EWX147410W
KK Жуғыш-кептіргіш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RO Maşină de spălat rufe cu uscător Manual de utilizare 42
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................9
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ......................................................................................... 12
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................15
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................16
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................17
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................18
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ.........................................................18
11. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК КЕПТІРУ..................................................21
12. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ.....................................22
13. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 23
14. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 25
15. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................30
16. ОРНАТУ......................................................................................................... 33
17. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................41
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
www.electrolux.com2
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 3
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан
балалар мен физикалық мүмкіндіктері шектеулі
адамдар, құрылғыны қауіпсіз пайдалану және одан
келетін ықтимал қауіп-қатер туралы нұсқау алса
және/немесе қадағалау үстінде болса пайдалана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды
жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс
ұстау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
www.electrolux.com4
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Құрылғыны жеке тұратын құрылғы ретінде немесе
өлшемдері сай келсе ас үй қаптамасының астына
орнатыңыз.
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына немесе топсасы керісінше
орналасқан, құрылғының есігін толық ашуға кедергі
жасайтын жерлерге орнатпаңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем, төсеніш немесе еденнің қаптамасы
кедергі жасамауға тиіс.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін
қажетсіз газдар қайта бөлмеге кірмес үшін құрылғы
орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа жанармайдан бөлінетін түтіндерді шығаруға
арналған түтік арқылы шығаруға болмайды.
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) аралығында болуы керек.
Ең көп 7 кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
ҚАЗАҚ 5
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды немесе орамдарды тазалаңыз.
Тағам пісіретін көкөніс майы, ацетон, спирт,
бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,
балауыз және балауыз кетіргіш тәрізді заттарды,
кір кептіргіш машинамен кептірмей тұрып, қосымша
жуғыш зат пайдаланып, ыстық сумен жеке жуу
керек.
Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін
осы құрылғыны қолданбаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Көбік резеңке (латекс көбік), монша қалпақтарын,
су өткізбейтін текстильді, резеңкемен астарланған
заттарды және киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
оларды өндірушінің нұсқауларына сәйкес ғана
пайдалану керек.
Темекі тұтатқыш немесе сіріңке тәрізді өрт көзіне
айналуы мүмкін заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кірді дереу алып, қалдық қызулары
тезірек тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны
ешқашан кептіру циклы аяқталмай тұрып
тоқтатпаңыз.
Кептіргіштің соңғы циклы заттардың
температуралары оларға зақым келтірмейтіндей
төмен болуы үшін ешбір қызусыз (салқындату
циклы) орындалады.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
www.electrolux.com6
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғыны орнынан жылжытқан
кезде әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Құрылғы орнатылған еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны
көшірген кезде, ішкі бөліктеріне
зақым келмес үшін барабанды
бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғы мен еден арасында тиісті
орын қалдыру үшін өзгермелі
тіректерді реттеңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
ҚАЗАҚ 7
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде шыны есікті ұстамаңыз.
Шыны ысып кетуі мүмкін.
Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
Кір дақ кетіргішпен жуылған болса,
кептіру циклын бастау алдында
қосымша шаю циклын қосыңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш-кептіргіш машинада
кептіруге болатын маталарды ғана
кептіріңіз. Матаның затбелгісіндегі
тазалауға қатысты нұсқауларды
орындаңыз.
Пластик заттар қызуға төзімді емес.
Жуғыш зат шаригін
қолдансаңыз, кептіру
бағдарламасын бастамай тұрып
алыңыз.
Тоқтамайтын бағдарламаны
орнатсаңыз, жуғыш зат шаригін
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді
құрылғыға салып кептірмеңіз.
2.5 Құрылғыны тастау
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
7 8 9
10
1 2
3
4
5
6
1
Жуғыш зат үлестіргіші
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Су төгетін сорғының сүзгісі
www.electrolux.com8
6
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
7
Су төгетін түтік
8
Қорек сымы
9
Су құятын түтікті жалғау
10
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
3.2 Бала қауіпсіздігі құралын
қалай қосу керек
Бұл құрал балалар немесе үй
жануарларын барабанға кіріп кетуден
қорғайды.
Құралды сағат тілінің бағытымен
кертігі көлденең қалыпқа келгенше
бұраңыз.
Есікті жаба алмайсыз.
Есікті жабу үшін, құралды сағат тілінің
бағытына қарсы, кертігі тік қалыпқа
келгенше бұраңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
1400
900
700
90°
60°
40°
30°
1 2
3
4
5678910
1
Бағдарлама түймешесі
2
Температура түймешігі -
Температура
Суық параметрі
3
Айналдыру жылд. азайту түймешігі
- Айналдыру
Айналдырмау
Шаюды кідірту
4
Қосымша шаю түймешігі -
Қосымша шаю
5
Кептіру уақыты түймешігі - Кептіру
уақыты
6
Кешіктіріп бастау түймешігі -
Тоқтата тұру
7
Дисплей
8
Таймер түймешіктері
9
Есік құлыптаулы индикаторы
10
Бастау/Үзіліс түймешігі - Бастау/
Үзіліс
ҚАЗАҚ 9
4.2 Дисплей
A B C
D
Бейнебетте төмендегі ақпарат көрсетіледі:
A Кірлеу деңгейінің индикаторлары:
Қарқынды
Қалыпты
Күнделікті
Жеңіл
Жылдам
Жылдам
Жаңарту
Қатты жаңарту
Бағдарламаны таңдаған кезде дисплейде құрылғы автоматты түрде
ұсынатын кірлеу деңгейінің индикаторы көрінеді.
B Бала қауіпсіздігінің белгісі («Параметрлер» тарауын қараңыз).
www.electrolux.com10
C Мән аумағы:
Таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
Бағдарламаны таңдағаннан кейін уақыт сағат пен минут арқылы
(мысалы, ) көрсетіледі. Бағдарламаның ұзақтығы матаның әрбір
түрі үшін ұсынылатын ең үлкен салмақ негізінде автоматты түрде
есептеледі. Бағдарлама басталғаннан кейін, соңына дейін қалған уақыт
минут сайын жаңарып отырады.
Таңдалған кептіру уақыты
Кептіру бағдарламасын таңдағаннан кейін кептіру уақыты минут немесе
сағат пен минут арқылы көрсетіледі. Бағдарлама басталғаннан кейін,
соңына дейін қалған уақыт минут сайын жаңарып отырады.
Кешіктіріп бастау
Таңдалған кешіктіріп бастау уақыты бірнеше секунд көрінеді, содан
кейін таңдалған бағдарламаның ұзақтығы қайта көрінеді.
Ескерту кодтары
Құрылғы жұмысына қатысты ақаулықтар туындаған кезде, кейбір
ескерту кодтары мысалы, көрінеді («Ақаулықты түзету» тарауын
қараңыз).
Қате таңдалған функция
Таңдалған жуу бағдарламасымен үйлесімсіз функцияны таңдасаңыз,
хабары бірнеше секунд көрінеді де, Бастау/Үзіліс түймешігінің
қызыл индикаторы жыпылықтай бастайды.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталғанда жыпылықтап көрінеді. Бастау/Үзіліс
түймешігінің индикаторы сөнеді.
индикаторы сөнген кезде, есікті ашуға болады.
D Жуу бағдарламасы циклының индикаторлары:
Жуу
Шаю циклдары
Су төгу
Айналдыру
Кептіру
Жуу бағдарламасын таңдаған кезде жуу бағдарламасының әр түрлі
кезеңдерін көрсететін индикаторлар көрінеді.
Бастау/Үзіліс түймешігін басқаннан кейін орындалып тұрған циклдың
белгісі ғана жанып тұрады.
ҚАЗАҚ 11
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Азайтылға
н жүк
1)
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Мақта мата
90°C - (Суық)
7 кг
3.5 кг
1400
мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты
және шамалы ластанған кір.
+ Алғашқы жуу
Мақта мата +
Алдын ала жуу
90°C - (Суық)
7 кг
3.5 кг
1400
мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қатты және
қалыпты кірлеген.
Синтетика
60°C - (Суық)
3 кг
1.5 кг
900 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Нәзік мата
40°C - (Суық)
3 кг
1.5 кг
700 мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер сияқты биязы
матадан жасалған заттар. Қалыпты
кірлеген.
Жеңіл үтіктеу
60°C - (Суық)
1.5 кг
900 мин/айн
Баппен жууды қажет ететін синтетикалық
заттар. Қалыпты және шамалы ластанған
кір.
2)
Айналдыру
7 кг
1400
мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды
төгуге арналған. Жүн мата мен өте нәзік
маталардан басқа барлық маталар.
Су төгу
7 кг Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық
маталар.
Шаю
7 кг
1400
мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік
матадан басқа. Айналдыру жылдамдығын
матаның түріне қарай азайтыңыз.
Жібек мата
30°C
1 кг
700 мин/айн
Жібек мата және аралас синтетика
заттарға арналған арнайы бағдарлама.
www.electrolux.com12
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Азайтылға
н жүк
1)
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Қолмен жуу
40°C - (Суық)
2 кг
900 мин/айн
Машинамен, қолмен жууға болатын
«қолмен жууға болады» деген затбелгісі
бар жүн мата және нәзік маталар.
3)
Жүн мата/Қолмен
жуу
40°C - (Суық)
2 кг
900 мин/айн
Машинамен, қолмен жууға болатын
«қолмен жууға болады» деген затбелгісі
бар жүн мата және нәзік маталар.
3)
Мақта мата Эко
4)
90°C - 40°C
7 кг
1400
мин/айн
Ақ және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты
кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады.
Кептіру
бағдарламалары
Синтетиканы
кептіру
2 кг Синтетикалық заттарды кептіруге арналған
бағдарлама.
Мақта матаны
кептіру
4 кг Мақта мата заттарды кептіруге арналған
бағдарлама.
1)
Егер Өте жылдам, Жаңарту немесе Өте жақсы жаңарту функцияларын Time Manag‐
er түймешіктерін басып таңдасаңыз, мақта мата, синтетика және нәзік маталарға
арналған ең үлкен салмақты азайтуды ұсынамыз. Машинаға кірді толтыра салуға
болады, бірақ кір жуу нәтижесі аздап төмендейді.
2)
Бұл цикл кірдің мыжылуын азайту үшін судың температурасын реттеп, баппен жуу
және айналдыру циклын орындайды. Құрылғы бірнеше шаю циклдарын қосады.
3)
Осы цикл кезінде барабан баппен жуу үшін баяу айналады. Барабан мүлдем
айналмай немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы
бағдарлама үшін қалыпты жағдай.
4)
Мақта мата, қуатты үнемдейтін бағдарлама. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен
жуатын, 7 кг салмаққа арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат
негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін
жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады.
ҚАЗАҚ 13
Бағдарлама опцияларының сәйкестігі
Бағдарлама
Мақта мата
Мақта мата + Алдын ала жуу
Синтетика
Нәзік мата
Жеңіл үтіктеу
Айналдыру
1)
Су төгу
Шаю
Жібек мата
Қолмен жуу
Жүн мата/Қолмен жуу
Мақта мата Эко
1)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Жуылып жатқан кірдің түріне сай келетініне
көз жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
5.2 Уақыты қойылған кептіру бағдарламалары
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салмақ
(кг)
Айналд
ыру
жылда
мдығы
(айн/
мин)
Ұсынылат
ын уақыт
(мин)
Extra Dry (Өте
құрғақ)
Сүлгі
материалдарына
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
4 1400 215 - 220
3 1400 160 - 180
1,5
1400 95 - 105
Cupboard Dry
(Шкафқа)
1)
Сақтап қоюға
арналған заттарға
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
4 1400 205 - 210
3 1400 150 - 170
1,5 1400 85 - 95
www.electrolux.com14
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салмақ
(кг)
Айналд
ыру
жылда
мдығы
(айн/
мин)
Ұсынылат
ын уақыт
(мин)
Cupboard Dry
(Шкафқа)
Сақтап қоюға
арналған заттарға
арналған
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш
киімдер, тұрмыста
пайдаланылатын
жапқыштар)
2 900 90 - 100
1 900 55 - 65
Iron Dry (Үтіктеуге)
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
4 1400 140 - 150
3 1400 90 - 100
1,5 1400 60 - 70
1)
ЕО-тың EN 50229 ережесіне сәйкес Қуат тақтайшасында берілген мәндерге сай
ұсынылып отырған мақта мата бағдарламасын, жуылатын заттың ең үлкен мөлшерін
екі тең бөлікке бөліп, олардың әрқайсысын КЕПТІРУ УАҚЫТЫ бойынша кептіріп,
тексеру қажет. .
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде орташа мәндер көрсетілген. Түрлі айнымалы шамалар
деректерді өзгертуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және
қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60°C 7 1.35 67 150
Мақта мата Эко
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
1)
7 1.05 57 219
Мақта мата 40°C 7 0.85 67 140
Синтетика 40°C 3 0.55 42 90
Нәзік мата 40°C 3 0.55 63 65
Жүн мата/Қолмен жуу
30°C
2 0.25 55 60
1)
7 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» үшін EEC 92/75
стандарттарына сай қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде
берілген бағдарлама.
ҚАЗАҚ 15
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Бағдарлама түймешесі
Осы түймеше бағдарламаны таңдауға,
бағдарламаны бастапқы қалпына
келтіруге және/немесе құрылғыны
қосуға/сөндіруге көмектеседі.
Түймешені сағат тілінің бағытымен
немесе сағат тілінің бағытына қарсы
бұрауға болады.
Бағдарламаның соңында құрылғыны
сөндіру үшін түймешені Қосу/Өшіру
қалпына бұраңыз.
7.2 Температура
Әдепкі жуу температурасын көбейту
немесе азайту үшін осы түймешікті
басыңыз.
Егер қалпына қойсаңыз, құрылғы
суық сумен жуады.
Орнатылған температураның
индикаторы жанады.
7.3 Айналдыру
Әдепкі айналдыру жылдамдығын
көбейту немесе азайту үшін немесе
қосымша айналдыру функцияларын
таңдау үшін осы түймешікті басыңыз.
Орнатылған жылдамдықтың
индикаторы жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
АЙНАЛДЫРМАУ
Барлық айналдыру циклдарын алу
үшін осы параметрді орнатыңыз.
Бұны өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
ШАЮДЫ КІДІРТУ
Кір мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су тұрады. Кір
мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
алдында суды төгу керек.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.4 Қосымша шаю
Жуу бағдарламасына қосымша шаю
циклдарын қосу үшін осы түймешікті
басыңыз.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.5 Кептіру уақыты
Маталарды кептіретін уақытты орнату
үшін осы түймешікті басыңыз.
Бейнебетте параметрдің орнатылған
мәні көрсетіледі.
Мақта мата үшін 10 - 250 минут
аралығындағы кептіру уақытын
таңдауға болады (сандық аумақта
4.10).
Синтетика мата үшін 10 - 130 минут
аралығындағы кептіру уақытын
таңдауға болады (сандық аумақта
2.10).
Түймешікті әр басқан сайын уақыт мәні
5 минутқа артып отырады.
Әр түрлі маталарға арнап
түрлі уақыттарды орнату
мүмкін емес.
7.6 Тоқтата тұру
Бағдарламаны 30 мин - 60 мин - 90
мин, 2 сағат, содан соң 1 сағаттан
қосып, ең көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіру үшін осы түймешікті
басыңыз.
Түймешіктің индикаторы жанады.
Дисплейде таңдалған кешіктіру
параметрі көрсетіледі.
www.electrolux.com16
7.7 Time Manager
Осы түймешікті құрылғы ұсынатын
бағдарлама уақытын көбейту немесе
азайту үшін басыңыз.
Дисплейде таңдалған деңгейдің
индикаторы пайда болады.
Бұл параметр тек Мақта мата,
Синтетика және Нәзік мата
бағдарламаларында ғана жұмыс
істейді.
Жуу
циклы
Кірдің
деңгейі
Маталарды
ң түрі
Қарқынды
Қатты
кірлеген
заттар
Қалыпты
Қалыпты
кірлеген
заттар
Күнделікті
Күнделікті
кірлейтін
заттар
Жеңіл
Шамалы
кірлеген
заттар
Жылдам
Жеңіл-желпі
кірлеген
заттар
Өте
жылдам
1)
Аз ғана
уақыт
киілген
немесе
ұсталған
заттар
Жаңарту
1)
2)
Кірлерді
жаңарту
үшін ғана
Жуу
циклы
Кірдің
деңгейі
Маталарды
ң түрі
Өте жақсы
жаңарту
1)
2)
Бірнеше
кірді
жаңарту
үшін ғана
1)
Кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз.
2)
Осы бағдарламаны таңдаған кезде,
тиісті индикатор шамалы уақыт көрініп,
содан кейін дереу көрінбей кетеді.
Кір деңгейінің
қолжетімділігі матаның түрі
мен температураға
байланысты өзгереді.
7.8 Есік құлыптаулы
индикаторы
Бағдарлама басталған кезде
индикаторы жанады да, есікті қашан
ашуға болатынын көрсетеді:
Индикатор жанады: есікті ашуға
болмайды.
Құрылғы жұмыс істеп тұр немесе
барабанда су қалған күйі тоқтаған.
Индикатор жыпылықтайды: есік
бірнеше минуттан кейін ашылады.
Бағдарлама аяқталды немесе су
төгілді.
Индикаторы сөнеді: есікті ашуға
болады.
7.9 Бастау/Үзіліс
Таңдалған бағдарламаны бастау
немесе кешіктіру үшін осы түймешікті
басыңыз.
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Дыбыстық сигналдар
Төмендегі жағдайда дыбыстық
сигналдар естіледі:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін Extra Risciacquo және Tempo di
asciugatura түймешіктерін 6 секунд
қатар басыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
8.2 Балалар құлпы
функциясы
Осы функцияның көмегімен балаларға
басқару панелімен ойнауға жол
бермей, құрылғыны бақылаусыз
қалдыруға болады.
Осы функцияны қосу/сөндіру үшін
Partenza Ritardata және Tempo di
asciugatura түймешіктерін
индикаторы сөнгенше қатар
басыңыз.
Осы опцияны екі жолмен қосуға
болады:
Бастау/Үзіліс түймешігін басқаннан
кейін: функциялар мен бағдарлама
тетігі бұғатталады.
Бастау/Үзіліс түймешігін баспай
тұрып: құрылғы іске қосылмайды.
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклының жуғыш затына
арналған бөлікке 2 литр су
құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ
10.1 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы
немесе кірге нұқсан келуі
мүмкін.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты бөліктерге
салыңыз.
3. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап
жабыңыз
www.electrolux.com18
MAX
10.3 Жуғыш зат салынатын
бөліктер
АБАЙЛАҢЫЗ
Кір жуғыш машинаға
арнайы жуғыш заттарды
ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың
орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына
арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш
зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
10.4 Құрылғыны қосу және
бағдарламаны орнату
1. Қажетте бағдарламаны орнату
және құрылғыны қосу үшін
бағдарлама тетігін бұраңыз:
Бейнебетте әдепкі Time
Manager деңгейі,
бағдарламаның уақыты және
таңдалған бағдарлама
циклдарының индикаторлары
көрінеді.
Бастау/Үзіліс түймешігінің
индикаторы жасыл түспен
жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температураны,
айналдыру жылдамдығын, цикл
ұзақтығын өзгертіңіз немесе
қолжетімді параметрлерді
қосыңыз. Функцияны іске қосқанда,
тиісті индикатор жанады.
Егер таңдалған
бағдарламаға үйлесімсіз
параметр таңдалса,
дисплейде хабары
пайда болады. Бастау/
Үзіліс түймешігінің
индикаторы қызыл түспен
3 рет жыпылықтайды.
10.5 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Тоқтата тұру түймешігін дисплейде
орнатқыңыз келген кешіктіріп
бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз. Тиісті
индикаторы жанады.
Кешіктіріп бастау уақытының мәні (ең
көбі 20 сағатқа дейін) бейнебетте
бірнеше секунд көрсетіліп тұрады да,
содан соң бағдарламаның ұзақтығы
қайта пайда болады.
2. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Есік бұғаттаулы және
индикаторы жанып тұр.
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған Тоқтата тұру
параметрін Бастау/Үзіліс
түймешігін баспай тұрып
болдырмауға немесе
өзгертуге болады. Бастау/
Үзіліс түймешігін
басқаннан кейін Тоқтата
тұру параметрін
болдырмауға болады.
Тоқтата тұру болдырмау үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін
Бастау/Үзіліс түймешігін
басыңыз. Тиісті индикатор
жыпылықтайды.
ҚАЗАҚ 19
b. Тоқтата тұру түймешігін
дисплейде көрінгенше
басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау
үшін Бастау/Үзіліс түймешігін
қайта басыңыз.
Тоқтата тұру
параметрін су төгу
бағдарламасымен
бірге таңдауға
болмайды.
10.6 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Жасыл индикатор Бастау/Үзіліс
жыпылықтауын тоқтатып,
жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама басталып, есік
құлыпталады да, индикаторы
жанады және жанған қалпы
тұрады.
Дисплейдегі бағдарлама
уақыты бір минутқа тең
қадаммен азаяды.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт
жұмыс істейді.
10.7 Бағдарламаны кідірту
және параметрлерді өзгерту
Тек кейбір функцияларды ғана
бағдарлама олрады орындамай тұрып
өзгертуге болады.
1. Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
кідірту үшін Бастау/Үзіліс
түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз (егер
Time Manager функциясын
өзгерткіңіз келсе, жұмыс істеп
тұрған бағдарламаны болдырмай,
функцияны қайта таңдау керек).
3. Бастау/Үзіліс түймешігін қайта
басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
10.8 Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтату
үшін бағдарлама түймешесін Қосу/
Өшіру қалпына бұраңыз. Құрылғы
сөндірулі.
2. Енді жаңа жуу бағдарламасын
және қолжетімді функцияларды
орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны
бастау алдында
құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз,
жоқ болса қайтадан
толтырыңыз.
10.9 Есікті ашу
Бағдарлама немесе Тоқтата тұру
жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының
есігі бекітулі тұрады. индикаторы
жанады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер барабанның ішіндегі
температура мен судың
деңгейі өте жоғары болса
және барабан әлі айналып
тұрса, есік ашылмайды.
Циклдың алғашқы минутында немесе
Тоқтата тұру функциясы жұмыс істеп
тұрғанда есікті ашу үшін:
1. Құрылғыны кідірту үшін Бастау/
Үзіліс түймешігін басыңыз.
2.
индикаторы сөнгенше күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып Бастау/Үзіліс
түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама (немесе Тоқтата тұру
функциясы) жалғасады.
10.10 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде
тоқтайды. Кейбір дыбыстық
сигналдар (егер қосылып тұрса)
естіледі.
Дисплейде мәні жанады.
Бастау/Үзіліс индикаторы сөнеді.
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

Electrolux EWX147410W Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare