Electrolux EWX147410W Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
EWX 147410 W
................................................ .............................................
KK ЖУҒЫШ-КЕПТІРГІШ
МАШИНА
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RO MAŞINĂ DE SPĂLAT RUFE
CU USCĂTOR
MANUAL DE UTILIZARE 35
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 4
Басқару панелі 6
Бірінші қолдану 8
Жекелендіру 8
Əркүндік қолдану 9
Пайдалану - Кептіру 13
Пайдалану - Жуу мен кептіру 14
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
14
Кірді кептіруге қатысты ақыл-кеңес 17
Бағдарламалар 18
Кептіру бағдарламалары 21
Күту менен тазалау 21
Келесі жағдайларда не істеу керек ...
25
Пайдалану көлемі 28
Орнату 28
Кіріктіріп орнату 31
Электртоғына қосу 33
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар
33
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өте маңызды! Нұсқаулықты мұқият
оқыңыз да келешекте пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркəсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде
қауіпсіздікке қатысты төмендегі
ақпараттарды беруді өз міндетіміз
деп санаймыз.
Бұл нұсқаулық кітапшаны келешекте
де пайдалану үшін құрылғымен бірге
сақтап қою қажет. Құрылғы сатылса
не басқа пайдаланушыға берілсе не
өзіңіз көшіп құрылғыны қалдыратын
болсаңыз, оның жаңа иесі
құрылғының функциялары мен оған
қатысты ескертулерден хабардар
болу үшін осы кітапшаны құрылғымен
бірге қалдырудың маңызы зор.
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын бұл ақпараттарды мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
еш жерінің бүлінбегендігін тексеріп
алыңыз. Бүлінген машинаны
ешқашан қоспаңыз. Құрылғы
бөлшектері бүлінген жағдайда
оны
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғы қыстың минус
температуралы айларында
жеткізілсе: Кір жуғыш машинаны ең
алғаш пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
Бұл өнім сипатына өзгеріс енгізу не
өзгеріс енгізуге əрекеттену қатерлі
жағдайға ұшыратады.
Жоғарғы температурадағы жуу
бағдарламаларын пайдаланған кезде
пеш есігінің шынысы қызып кетуі
ықтимал. Оған қол тигізбеңіз!
Кішкентай балалар мен үй
жануарларының
барабанға кіруіне
жол бермеңіз. Бұның алдын алу үшін
машинаны пайдаланбас бұрын
барабанның ішін тексеріп алыңыз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге, бұранда
шеге, тас не басқа да қатты, өткір
заттар шексіз зиян келтіретіндіктен
оларды машинаға салмау керек.
Мата жұмсартқыш пен жуғыш затты
тек көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Бұл заттарды
шамадан тыс көп мөлшерде
пайдалану матаға зиян келтіреді
. Бұл
заттарды қанша мөлшерде
пайдалану қажеттігін өндіруші
нұсқаулығы бойынша анықтаңыз.
2 electrolux
Нəски, бау, жууға келетін белбеу т.б
ұсақ заттарды зат жууға арналған
дорбаға не жастық тысына салып
жуыңыз, себебі мұндай заттар
машинаның сыртқы жəне ішкі
барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң
оны
əрқашан электр желісінен ағытып,
суды тоқтатып қойыңыз.
Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге əрекет жасамаңыз.
Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Əрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
ОРНАТУ
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Құрылғы орауышын ашқанда
, оның
еш жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмəндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді.
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
тиісті тарауды қараңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын жəне кір суды
ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
əрқашан тексеріп отырыңыз.
Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза жəне кір
су құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кəсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кəсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана
пайдалануға арналған.
Құрылғыны
басқа мақсатта пайдалануға
болмайды.
Тек машинада жууға не кептіруге
болатын матаны жуу не кептіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Əр киімнің
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз
Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың
салынып тұрғандығын тексеріңіз.
Тозығы жеткен не жыртық заттарды
жумаңыз, сыр, сия,
тот, шөп нілінен
қалған дақтарды алдын ала кетіріңіз.
Сым өткізілген төс тартқыштарды
машинада жууға БОЛМАЙДЫ.
Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Буланатын
тазартқыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмай тұрып
тазартқыш сұйықты кетіріп алу қажет.
Кейбір үлкен төсек жапқыштар мен
көрпелер коммерциялық мақсатта
шығарылған үлкен машиналарда
жуылады/кептіріледі, сондықтан да
бұндай
заттарды тұрмыста
қолданылатын машинада жумас
бұрын оларды өндірушіге
хабарласыңыз.
electrolux 3
Құрылғыны пайдаланушылар
киімдерде газ тұтатқыштардың (бір
рет қолданылатын не басқа)қалып
қоймағанын əрқашан тексеріп алуға
тиіс.
Құрғақтай тазалауға арналған сұйық
тəрізді химиялық заттарға тиген
киімдерді ешқашан кептіргіш
машинада кептірмеңіз. Бұндай заттар
тұтанғыш болғандықтан жарылып
кетуі мүмкін. Кептіргіш машинада тек
суға жуылған не ауада кептіруді қажет
ететін заттарды ғана кептіріңіз.
Кептіру циклі кезінде пластик жуғыш
зат
үлестіргішті барабан ішінде
қалдырмаңыз, себебі бұл қызуға
төтеп бере алмайтын пластик заттан
жасалынған. Егер жуу-арқылы-
кептіргіңіз келсе жуғыш затты
үлестіргіштің қалыпты суырмасын
пайдаланыңыз.
Ашаны розеткадан қорек сымынан
тартып ағытпаңыз; əрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс
алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі
жағы ашық қалған құрылғыны
ешқашан пайдаланбаңыз.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл
құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой
деңгейіне байланысты не пеш
жұмысына қатысты тəжірибесі мен
білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар
(балаларды қоса алғанда), пешті
пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін
оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Орам материалдары (мысалы,
пластик орам, полистирол)
балалар
үшін қауіпті болуы мүмкінтұншығып
қалу қаупі бар! Оларды балалардың
қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Барлық жуғыш заттарды балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып
қалмас үшін машина арнайы
функциямен жабдықталған. Бұл
құралды іске қосу үшін есіктің ішкі
жағындағы түймешікті ойығы
көлденең қалыпқа келгенше сағат
тілінің бағытымен бұраңыз
(баспаңыз). Қажет болса тиынды
пайдаланыңыз.
Бұл құралды ажыратып, есікті
қайтадан жабылатындай қалыпқа
келтіру үшін, түймешікті ойығы тік
қалыпқа келгенше сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз мөлшерде тұтына отырып,
кірді аса тиімді түрде жуу мен кептіруге қойылатын соңғы кездегі талаптардың
барлығына сай келеді. Машинаның жаңа жуу жүйесі жуғыш затты толықтай
пайдалануға, суды аз мөлшерде жұмсай отырып шығындалатын қуатты да
азайтуға мүмкіндік береді.
4 electrolux
1 2 7 8 9
3
4
5
6
10
1
Жуғыш зат үлестіргіш
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Кір су сорғышы
6
Өзгермелі сирақ
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІ
Алдын ала жуу жəне кірді жібіту
циклдары кезінде жуғыш зат
салынатын немесе дақты кетіру (егер
болса) циклы кезінде дақ кетіргіш
салынатын бөлімше. Алдын ала жууға
жəне кірді жібіту ге арналған жуғыш зат
жуу бағдарламасы басталған кезде
қосылады. Дақ кетіргіш зат дақты кетіру
барысында қосылады.
Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ
немесе сұйық жуғыш зат салуға
арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш
зат қолдансаңыз, оны бағдарлама
басталарға сəл уақыт қалғанда
салыңыз.
Сұйық ұстемелерге арналған
бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал).
Бұл заттарды қолдану мөлшері
бойынша өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз жəне оны жуғыш зат
үлестіргіштегі «MAX» таңбасынан
асырмай салыңыз. Кез келген мата
жұмсартқыш не крахмалдайтын
үстемелерді бөлімшеге жуу
бағдарламасын бастамай тұрып құю
керек.
electrolux 5
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Төменде басқару панелінің суреті берілген. Суретте бағдарламаны таңдайтын
түймеше, сондай-ақ түймешіктер мен сигнал шамдары, бейнебет көрсетілген.
Бұлар келесі беттерде тиісті нөмірлермен белгіленіп көрсетілген.
1 2 4 5 6 7
8
9
10
3
1
Бағдарлама таңдау тетігі
2
ТЕМПЕРАТУРА түймешігі
3
АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
Айналдырмау
Шаюды кідірту
4
ҚОСЫМША ШАЮ түймешігі
5
КЕПТІРУ УАҚЫТЫ түймешігі
6
КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
7
Бейнебет
8
БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
9
"Есік құлыптаулы" сигнал шамы
10
ТАЙМЕР түймешіктері
БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАЙТЫН
ТҮЙМЕШЕ
Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру
мен/не бағдарламаны таңдау үшін
қолданылады.
ТЕМПЕРАТУРА
Бұл түймешік жуу температурасын
көбейту мен азайту үшін қолданылады.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН
АЗАЙТУ
Осы түймешікті басу арқылы таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгерте аласыз.
ШАЮДЫ КІДІРТУ
Бұл функцияны таңдағанда, киімдер
бырысып қалмас үшін соңғы шаюдан
қалған су түбіне дейін сарқылмайды.
Есікті ашпас бұрын
суды төгу қажет
болады. Суды сарқу үшін
"Бағдарламаның соңы" тарауын
қараңыз.
АЙНАЛДЫРМАУ
Осы функцияны таңдағанда айналдыру
кезеңдерінің ешқайсысы да
орындалмай, орнына киімдер бырысып
қалмас үшін суды сарқу циклі
орындалады. Бұл функция аса нəзік
маталар үшін ұсынылады. Кейбір
бағдарламалардың шаю циклдеріне
көбірек су қосылады.
ЭКСТРА ШАЮ
Бұл құрылғы қуатты үнемдеу үшін
арнайы жасалған. Кірді қосымша сумен
(қосымша шаю
) шаю қажет болса, осы
параметрді таңдаңыз. Бірнеше
қосымша шаю циклдері орындалады.
Бұл функция жуғыш заттарға
6 electrolux
аллергиясы бар адамдар үшін, сондай-
ақ суы аса тұщы жерлерде қолдану
үшін ұсынылады.
КЕПТІРУ УАҚЫТЫ
Кірді белгілі бір уақыт аралығында
кептіргіңіз келсе, осы түймешікті
бейнебетте кептірілетін мата (мақта
мата не синтетика) түріне сай келетін
кептіру уақыты пайда болғанша
басыңыз. Мақта мата үшін 10 минуттан
бастап 250 минутқа дейінгі кептіру
уақытын таңдауға болады (4.10).
Синтетика мата үшін 10 минуттан
бастап 130 минутқа
дейінгі кептіру
уақытын таңдауға болады (2.10). Осы
түймешікті əрбір басқан сайын кептіру
уақыты 5 минутқа артып отырады.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
Бағдарламаны осы түймешік арқылы 30
мин.- 60 мин. - 90 мин., 2 сағат, содан
соң 1 сағаттан қоса отырып, максимум
20 сағатқа дейін кешіктіруге болады.
БАСТАУ ҮЗІЛІС
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастау мен үзіліске қоя тұруға мүмкіндік
береді.
ТАЙМЕР
Бұл түймешіктер бағдарламаның
құрылғы ұсынып отырған
ұзақтығын
автоматты түрде өзгертуге көмектеседі.
"ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ" СИГНАЛ
ШАМЫ
Бағдарлама басталған кезде 9 сигнал
шамы жанады да, есікті ашуға болатын-
болмайтынын көрсетеді:
шам жанып тұрса: есікті ашуға
болмайды. Машина жұмыс істеп тұр
не оны ішіндегі суын төкпей тоқтатып
қойған.
шам өшіп тұрса: есікті ашуға болады.
Бағдарлама аяқталған не машина
суы төгілген.
шам жыпылықтап
тұрса: машина есігі
ашылады
БЕЙНЕБЕТ
7.3 7.4 7.1
7.2
Бейнебетте төмендегі ақпараттар
көрсетіледі:
7.1:
Таңдалған бағдарламаның
ұзақтығы
Бағдарламаны таңдап болған соң,
оның ұзақтығы бейнебетте сағат пен
минут арқылы (мысалы, 2.05)
көрсетіледі. Ұзақтық матаның əрбір
түрі үшін ұсынылатын максимум
electrolux 7
салмақ негізінде автоматты түрде
есептеледі. Бағдарлама басталған
соң, оның соңына дейін қалған уақыт
əрбір минут сайын жаңартылып
көрсетіліп отырады.
Кептіру уақытын таңдау
Кептіру уақытын таңдаған соң, ол
минут не сағат пен минут арқылы
(мысалы, 130 мин = 2.10 ) көрсетіліп
тұрады. Бағдарлама басталған соң
оның соңына дейін қалған уақыт əр
минут сайын жаңартылып отырады.
Кешіктіріп бастау
Бейнебетте қажетті
түймешіктерді
басып таңдаған кешіктіріп бастау
уақыты бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады да, содан соң алдын ала
таңдаған бағдарламаның ұзақтығы
қайта көрсетіледі.
Ескерту кодтары
Құрылғы жұмысына қатысты
ақаулықтар туындаған кезде,
бейнебетте кейбір ескерту кодтары
мысалы, E20 пайда
болады("Төмендегі жағдайларда не
істеу керек..." тарауын қараңыз).
Функцияның теріс таңдалуы
Орнатылған жуу бағдарламасына сай
келмейтін функция таңдалса,
бейнебеттің астыңғы
жағында Err
жазуы бірнеше секунд пайда болып
тұрады да, 8 түймешігінің қызыл
шамы жыпылықтай бастайды.
Бағдарлама соңы
Бағдарлама аяқталған кезде үш ноль
жыпылықтап, 9 сигнал шамы мен 8
сигнал шамы өшеді де, есікті аша
беруге болады.
7.2: Жуу бағдарламасының
циклдерінің белгішелері
Жуу
Шаю кезеңдері
Сарқу
Айналдыру
Кептіру
Жуу бағдарламасын таңдаған кезде,
бейнебеттің астыңғы жағында жуу
бағдарламасын құрайтын əртүрлі
циклдерге қатысты белгішелер пайда
болады. 8 түймешігі басылған соң тек
орындалып тұрған цикл белгішесі ғана
жанған қалпы қалады.
7.3: Кірдің деңгейі
Қарқынды
Қалыпты/Күнделікті
Жеңіл/Жылдам
Супер жылдам
Бағдарламаны таңдаған кезде
бейнебетте машина автоматты түрде
ұсынатын кірдің деңгейін көрсететін
белгіше пайда болады.
7.4: Бала қауіпсіздігінің құралы
Жеке талапқа сай лайықтау» тарауын
қараңыз).
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Машинаның электр желісі мен су
жүйесіне "орнату туралы
нұсқауларға" сай қосылғандығын
тексеріңіз.
Барабан ішінен полистирол блогы
жəне басқа да материалдардың
барлығын алыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішінің негізгі
жуу циклына арналған бөліміне
, ECO клапанын іске қосу үшін
2 литр су құйыңыз. Содан кейін
мақта мата циклын ең үлкен
температураға қойып, барабан
мен машина ішіндегі өндіріс
қалдықтарын тазалау үшін, оған
кір салмай іске қосыңыз. Негізгі
жуу циклына арналған үлестіргіш
қорапшаға жуғыш заттың 1/2
мөлшерін салыңыз да, машинаны
іске қосыңыз.
ЖЕКЕЛЕНДІРУ
ДЫБЫСТЫ СИГНАЛ
Машина төмендегі жағдайларда
дыбысты сигнал беретін құралмен
жабдықталған:
бағдарламаның соңында
ақаулық орын алғанда.
4 жəне 5 түймешіктерін 6 секундтай
қатар басу арқылы дыбысты сигнал
құралын өшіріп қоюға болады(ақаулық
орын алған кезден басқа жағдайлар
үшін). Осы 2 түймешікті қайта басу
8 electrolux
арқылы дыбысты сигнал беретін
құралды қайтадан қосып қоюға болады.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Бұл құрал машинаны балалар
жарақаттанады не құрылғыға нұқсан
келтіреді деп қобалжымастан
машинаны қараусыз қалдыра беруге
мүмкіндік береді. Бұл функция сонымен
қатар кір жуғыш машина жұмыс
жасамай тұрған кезде де қосылып
тұрады.
Бұл параметрді орнатудың екі түрлі
тəсілі бар:
1. 8 түймешігін басудан бұрын:
машинаны
іске қосу мүмкін
болмайды.
2. 8 түймешігін басып болғаннан кейін:
басқа бағдарламаны немесе
параметрді өзгерту мүмкін
болмайды.
Осы функцияны іске қосу немсе сөндіру
үшін 5 жəне 6 түймешігін, бейнебетте
белгісі пайда болғанша немесе
көрінбей кеткенше 6 секунд бойы басып
тұрыңыз.
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Кірді салыңыз
Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа
қарай тартып ашыңыз. Кірді барабанға
бір-бірлеп, барынша сілки отырып
салыңыз. Есікті жабыңыз.
Тығыздағыш пен есіктің арасына ешбір
кір қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан
келуі мүмкін.
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
өлшеп алыңыз
Үлестіргіш қорапшасын сыртқа қарай
тоқтағанынша тартып шығарыңыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп
алыңыз да, негізгі жуу цикліне арналған
қорапшаға
не таңдалған бағдарлама/
параметрге сай тиісті қорапшаға
салыңыз(қосымша ақпаратты "Жуғыш
зат үлестіргіші" тарауынан алыңыз).
Қажет болса, мата жұмсартқышты
таңбаламасы бар қорапшаға
құйыңыз(қорапшадағы "MAX" белгісінен
асырмаңыз). Қорапшаны еппен
жабыңыз.
ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ
БАҒДАРЛАМА ТАҢДАҒЫШ
ТҮЙМЕШЕ(1) АРҚЫЛЫ ТАҢДАҢЫЗ.
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қажетті бағдарламаға дейін бұраңыз.
electrolux 9
Кір жуғыш машина температураны
ұсынып, таңдаған бағдарламаңыз үшін
максимум айналдыру жылдамдығын
автоматты түрде таңдайды. Бұл
параметрлерді тиісті түймешіктерді
басу арқылы өзгертуіңізге болады. 8
түймешігінің жасыл сигнал шамы
жыпылықтай бастайды.
Таңдағыш түймешені сағат бағыты
бойынша не сағат бағытына қарсы
бұрауға болады. Бағдарламаны
бастапқы қалпына қайтару/машинаны
өшіру үшін түймешені
қалпына
қойыңыз.
Машинаны сөндіру үшін
бағдарламаның соңында бағдарлама
таңдау тетігін
қалпына қою керек.
Сақтандыру туралы ескерту!
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
бағдарламаны таңдайтын
түймешені басқа бағдарламаға
əкеліп қойсаңыз, 8 түймешігінің
қызыл шамы 3 жыпылықтайды
да,бейнебетте Err жазуы пайда
болып, таңдаудың теріс екендігін
білдіреді. Машина жаңадан
таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ 2 ТҮЙМЕШІГІН
БАСЫП ТАҢДАҢЫЗ.
Бағдарлама таңдалған кезде машина
автоматты түрде əдетте ұсынылатын
температураны ұсынады.
Егер кірді ұсынылған температурадан
басқа температурада жуғыңыз келсе,
осы түймешікті қайта-қайта басып
температураны жоғарлатыңыз не
төмендетіңіз.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН 3
ТҮЙМЕШІГІН БАСУ АРҚЫЛЫ
АЗАЙТЫҢЫЗ
Бағдарламаны таңдаған кезде машина
осы бағдарлама үшін тағайындалған
максимум айналдыру жылдамдығын
автоматты түрде ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта
айналдырып жуғыңыз келсе, 3
түймешігін қайта-қайта басып
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз.
Тиісті шам жанады.
3, 4 ЖƏНЕ 5 ТҮЙМЕШІКТЕРІН БАСЫП
МАШИНА ЖАДЫНДА БАР
ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ БІРІН ТАҢДАҢЫЗ.
Бағдарламаның қай түрінің
таңдалғандығына байланысты 8
түймешігін баспай тұрып, əртүрлі
функцияларды біріктіріп алуға болады.
Функцияны таңдаған кезде тиісті сигнал
шамы жанады.
Теріс параметр таңдалған жағдайда, 8
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды да, бейнебетте Err
жазуы бірнеше секунд пайда болып
тұрады.
Жуу бағдарламалары мен
функцияларының өзара
үйлесімділігі туралы ақпаратты
«Жуу бағдарламалары» тарауынан
алыңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫН 6
ТҮЙМЕШІГІН БАСЫП ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарламаны бастамай тұрып
кешіктіріп бастау функциясын қосқыңыз
келсе, қажетті кідіртіп бастау уақытын 6
түймешігін қайта-қайта басып таңдаңыз.
Тиісті сигнал шамы жанады.
Кешіктіріп бастау уақытының мəні(ең
көбі 20 сағатқа дейін) бейнебетте
бірнеше секунд көрсетіліп тұрады да,
содан
соң бағдарламаның ұзақтығы
қайта пайда болады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып
болып, 8 түймешігін баспай тұрып
таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, 8 түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға не өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:
1. Бағдарлама мен қажетті
параметрлерді таңдаңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясын 6
түймешігін басып таңдаңыз.
3. 8 түймешігін басыңыз:
машина сағат
сайын кеміп
отыратын кері санақты бастайды.
Кешіктіріп бастау уақыты
аяқталған соң бағдарлама
басталады.
8 түймешігін басқан соң кешіктіріп
бастауды болдырмау:
1. 8 түймешігін басу арқылы кір жуғыш
машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
10 electrolux
2. 6 түймешігін бейнебетте 0’ пайда
болғанша бір рет басыңыз
3. Бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін қайта басыңыз.
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын тек жуу бағдарламасын
қайта таңдап болған соң ғана өзгертуге
болады.
Кешіктіріп бастау функциясын САРҚУ
бағдарламасымен бірге таңдауға
болмайды.
БАҒДАРЛАМАНЫ 8 ТҮЙМЕШІГІН
БАСЫП БАСТАҢЫЗ
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін басыңыз, 8 түймешігінің
жасыл шамы
жыпылықтағанын қояды.
Орындалып тұрған бағдарламаны
үзіліске қою үшін 8 түймешігін басыңыз:
жасыл сигнал шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны үзілген жерінен əрі
қарай жалғастыру үшін 8 түймешігін
қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау
параметрі таңдалған жағдайда машина
кері санақты бастайды. Теріс параметр
таңдалған жағдайда, 8 түймешігінің
қызыл шамы 3 рет жыпылықтайды да,
бейнебетте Err жазуы бірнеше секунд
көрсетіледі.
ТАЙМЕРДІ 10 ТҮЙМЕШІГІН
БАСЫП
ТАҢДАҢЫЗ
Осы түймешіктерді қайта-қайта басу
арқылы жуу циклінің ұзақтығын созып
не азайтуға болады. Бейнебетте кірдің
деңгейін көрсететін белгіше пайда
болып, кірдің таңдалған деңгейін
көрсетеді. Бұл функция тек Мақта мата,
Синтетика жəне Нəзік мата
бағдарламаларында ғана бар.
Жуу
циклының
түрі
Кірдің
деңге
йін
көрсе
ту
белгі
шесі
Матаның түрі
Қарқынды Қатты кірлеген
заттар үшін
Қалыпты Қалыпты кірлеген
заттар үшін
Жуу
циклының
түрі
Кірдің
деңге
йін
көрсе
ту
белгі
шесі
Матаның түрі
Күнделікті Күнделікті
кірлейтін заттар
үшін
Жеңіл Шамалы кірлеген
заттар үшін
Жылдам Жеңіл - желпі
кірлеген заттар
үшін
Өте жылдам
1)
Аз ғана уақыт
киілген немесе
ұсталған заттар
үшін
1) Машинаға салынатын кірдің мөлшерін
азайтуды ұсынамызЖуу бағдарламалары
кестесін» қараңыз).
Өте маңызды! Таймерді Economy
(Eco) бағдарламаларымен таңдау
мүмкін емес.
Кірдің деңгейін көрсететін бұл
белгішелер төмендегі кестеде
көрсетілгендей матаның түріне қарай
беріліп отырады.
Мата Кірдің деңгейі
Мақта мата
95°/90°C X X X X X X
60°C/50°C X X X X X X
40°C X X X X X X
30°C X X X X X X
Суық X X X X X X
Синтетика
60°C/50°C X X X X
40°C X X X X
30°C X X X X
Суық X X X X
Нəзік мата
40°C X X X X
30°C X X X X
Суық X X X X
electrolux 11
ПАРАМЕТРГЕ НЕ ОРЫНДАЛЫП
ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАҒА ӨЗГЕРІС
ЕНГІЗУ
Бағдарлама кейбір параметрлерді
орындамай тұрып оларды өзгертуге
болады.
Қандай да бір өзгертуді енгізбес бұрын
кір жуғыш машинаны міндетті түрде 8
түймешігін басып ҮЗІЛІСКЕ қою
керек(егер Таймер параметрін
өзгерткіңіз келсе, орындалып тұрған
бағдарламаны біржола тоқтатып,
параметрді қайта таңдауыңыз қажет).
Орындалып тұрған бағдарламаны тек
бастапқы қалыпқа əкелген соң ғана
өзгертуге болады
. Бағдарламаны
таңдайтын түймешені
қалпына
əкеліңіз де, содан кейін оны жаңа
бағдарламаға қойыңыз. 8 түймешігін
қайта басып жаңа бағдарламаны
бастаңыз. Машина ішіндегі кір
жуылатын су сарқылмайды.
БАҒДАРЛАМАНЫ ҮЗУ
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірте тұру үшін 8 түймешігін басыңыз,
тиісті жасыл шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны қайта бастау үшін
түймешікті қайта басыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ
Орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау үшін түймешені
қалпына
қойыңыз.
Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға
болады.
ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама басталған соң (не
кешіктіріп бастау функциясы кезінде)
есік құлыпталып тұрады, оны ашқыңыз
келсе алдымен машинаны 8 түймешігін
басып ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
Бірнеше минуттан соң 9 түймешігінің
сигнал шамы өшеді де, есікті аша
беруге болады.
Осы сигнал шамы жанған қалпы қалса,
бұл машинаның суды əлдеқашан ысыта
бастағанын
не су деңгейінің тым жоғары
екендігін білдіреді. Есікті ешбір
жағдайда күшпен ашуға тырыспаңыз!
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны
міндетті түрде ашу қажет болса,
түймешені O қалпына қою арқылы
машинаны өшіріңіз. Бірнеше минуттан
соң есікті ашуға болады (судың
деңгейі мен температурасына назар
аударыңыз!.
Есікті жапқан соң, бағдарлама мен
функцияларды қайта таңдап, 8
түймешігін басу қажет
.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Машина автоматты түрде тоқтайды.
Бейнебетте үш нөл (
)
жыпылықтайды. 8 түймешігінің сигнал
шамы сөнеді.
Егер аяқталған кезде барабан ішінде су
қалатын бағдарлама не параметр
таңдалса, есік бұғатталған қалпы
қалады. Егер есік бекітулі тұрса,
машина ішіндегі суды төгу қажет. Осы
кезде барабан біркелкі интервал
бойынша, су төгілгенше айналып
тұрады.
Суды сарқу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
1. Бағдарламаны таңдайтын
түймешені
қалпына қойыңыз.
2. Суды төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
3. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті
басып азайтыңыз.
4. 8 түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның соңында есіктің құлпы
ашылады да, есікті аша беруге болады.
Машинаны өшіру үшін бағдарламаны
таңдайтын түймешені
қалпына
қойыңыз.
Кірді машинадан еппен алыңыз да,
барабанның бос екендігіне көз
жеткізіңіз. Тағы да кір жуғыңыз келмесе
су құятын кранды жабыңыз. Зең мен
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есікті
ашық қалдырыңыз.
Күту режимі: бағдарлама аяқталғаннан
кейін бірнеше минут өткен соң, қуатты
үнемдейтін режим іске қосылады.
Бейнебеттің жарықтылығы азаяды. Кез
келген түймешікті басу арқылы
12 electrolux
құрылғыны қуатты үнемдейтін
режимнен шығаруға болады.
ПАЙДАЛАНУ - КЕПТІРУ
ТЕК КЕПТІРУ
Назарыңызда болсын!
Мақта мата мен зығыр мата үшін
ұсынылатын салмақ мөлшері 3 кг, ал
синтетика үшін 2 кг.
Мақта матаны 4 кг-ға дейін
кептіруге боладыКептіру
бағдарламасы» кестесін қараңыз).
Назарыңызда болсын!
Судың шүмегі ашық тұруға тиіс жəне
су төгетін түтік шұңғылша ішінде
тұруға немесе ақаба су құбырына
қосылып тұруға тиіс.
1. Кірді салыңыз.
2. Кірді кептіру нəтижесі өте жақсы
болу үшін айналдыру циклын
салынған кірдің түріне сай келетін
ең жоғары айналдыру
жылдамдығында таңдаңыз.
3. Бағдарлама таңдау тетігінің кір
кептіру бөлігінен мақта мата немесе
синтетикаға арналған кептіру
бағдарламасын таңдаңыз.
4. Уақыты есептелген кептіру циклін
орнатыңыз: 5 түймешігін,
бейнебетте қажетті уақыт
көрсетілгенше басыңызКептіру
бағдарламасы» кестесін қараңыз).
Осы түймешікті əр басқан сайын
кептіру уақыты 5 минутқа артып
отырады.
Ескерім!
Бағдарлама уақыты автоматты
түрде бірнеше минутқа артып
отырады.
5. Бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін басыңыз. Қалған уақыт
əр минут сайын жаңартылып
отырады.
6. Бағдарламаның соңында дыбыстық
сигнал беріледі
. Бейнебетте үш
жыпылықтаушы «0.00» нөл пайда
болады.
Кептіру циклының соңғы минуты
ішінде құрылғы мыжылудың алдын
алу циклын орындайды. Бұл уақыт
ішінде есік құлыптаулы болады.
Құлыптаулы есіктің шамы жанады.
Бейнебетте үш нөл «0.00»
жыпылықтап көрсетіледі.
Мыжылудың алдын алу циклы
басталардың алдында немесе осы
цикл орындалып тұрғанда есікті
ашу немесе осы циклды кідірту
керек болса, кез-келген түймешікті
басыңыз немесе бағдарламаны
таңдау тетігін кез-келген
бағдарлама күйіне (O басқа).
7. Машинаны өшіру үшін таңдау тетігін
O қалпына қойыңыз.
8. Барабаннан кірді алыңыз.
Ескерім!
Əр түрлі мақта маталардың (сүлгі,
ақжайма, жейделер т.с
.с.) немесе басқа
да кірлердің бұралып қалуы айналдыру
циклы кезінде шала кебуіне себеп
болуы мүмкін. Сондықтан да, кей
жағдайларда циклдың соңында кір
аздап дым тартып тұрса, бұралып
қалған заттарды жазып, барабанның
ішіне біркелкі таратып салыңыз да,
20-30 минуттық қосымша кептіру
циклын таңдаңыз.
Егер 10 минуттық кептіру циклын
орнатсаңыз, құрылғы тек ғана
салқындату циклын орындайды.
electrolux 13
ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ МЕН КЕПТІРУ
ТОҚТАУСЫЗ БАҒДАРЛАМА - ЖУУ
ЖƏНЕ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛЕНГЕН
КЕПТІРУ
Мақта мата үшін ұсынылатын жүк
салмағы — 3 кг, синтетика үшін 2 кг.
Мақта матаны 4 кг-ға дейін
кептіруге боладыКептіру
бағдарламасы» кестесін қараңыз).
Сақтандыру туралы ескерту! Жуу
мен кептіру бағдарламаларын
орындаған кезде мөлшерлеу
құралын/шарды пайдаланбаңыз.
1. Кірді салып, жуғыш зат пен мата
жұмсартқышын қосыңыз.
2. Бағдарлама таңдау тетігін
орнатылған жуу бағдарламасына/
матаға қою арқылы машинаны іске
қосыңыз.
3. Тиісті түймешіктерді басып қажетті
функцияларды таңдаңыз.
Мүмкін болса, кептіру циклы
ұзаққа созылмас үшін əрі қуат
шығынын азайту үшін машина
ұсынған айналдыру
жылдамдығынан аз
жылдамдықты таңдамаңыз.
Дегенмен, айналдыру
жылдамдығын тек кептіру
функциясын таңдағаннан кейін ғана
өзгерте аласыз.
Мақта мата мен синтетика үшін
таңдауға болатын ең кіші мəн
минутына 900 айналым, ал тоқыма
заттар үшін минутына 700 айналым.
4. Кептіру уақытын 5 түймешігін басып
орнатыңыз. Бейнебетте жуу
бағдарламасының жалпы ұзақтығы
мен орнатылған кептіру циклы
көрсетіледі.
Егер жуу бағдарламасын жəне тек
10 минуттық кептіру циклын
орнатсаңыз, көрсетілген жалпы
ұзақтық мəніне кірді жазу жəне
салқындату циклы да қосылады.
5. Бағдарламаны 8 түймешігін басып
бастаңыз. Қалған уақыт əр минут
сайын жаңартылып отырады.
6. Машинаны өшіру жəне кірді алып
шығу үшін бағдарламаның соңында
таңдау тетігін O қалпына қойыңыз.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ СҰРЫПТАУ
Əрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нəзік мата, жүн тоқыма.
14 electrolux
ТЕМПЕРАТУРАЛАР
95° не 90°
қалыпты кірленген ақ мата
не зығырдан жасалған
заттарға (мысалы, шай
сулықтары, сүлгі, үстел
жапқыштар ... ) арналған
60°/50°
қалыпты кірленген, бояуы
тез шығатын зығыр, мақта
не жасанды талшықтан
жасалған киімдер(мысалы,
жейде, жатарда киілетін
көйлек, пижама....) мен
аздап кірленген ақ мақта
киімдерге (мысалы, іш киім)
арналған
40°-30°-
Суық
нəзік мата (мысалы, тор
перде), синтетика мен "таза
əрі жаңа, машинада
жуылатын, тартылмайтын
жүн" деген затбелгісі бар
жүн тоқыма аралас кір
легіне арналған.
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ САЛМАС БҰРЫН
Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін;
сондықтан да оларды алғашқыда жеке-
жеке жуу қажет.
Жуылатын кірдің ішінде ешбір темір
заттың қалып қоймауын қадағалаңыз
(мысалы, шаш қыстырғыш, булавка,
түйреуіштер).
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз.
Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
ЖҮКТІҢ МАКСИМУМ
САЛМАҒЫ
Кірдің ұсынылатын салмағы жуу
бағдарламалары кестелерінде
берілген.
Негізгі ережелер:
Мақта, зығыр мата:кір барабанға
толтырыла, бірақ аса тығыздалмай
салынады;
Синтетика:кір барабанның орта
шегінен асырылмай салынады;
Нəзік мата мен жүн тоқыма: кір
барабанның үштен біріне дейін ғана
толтырылады;
Максимум салмақ су мен қуатты
неғұрлым тиімді пайдалануды мүмкін
етеді.
Аса кірлеген заттарды жуарда,
салынатын кірдің мөлшерін азайтыңыз.
КІРДІҢ САЛМАҒЫ
Төмендегі салмақтар тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген:
Төмендегі салмақтар тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген:
монша халаты 1200 г
көрпе жапқыш 700 г
ерлердің жұмыс жейдесі 600 г
ақжайма, ерлер пижамасы 500 г
үстел жапқыш 250 г
жастық тысы, сүлгі,
жатарда киілетін көйлек,
ерлер жейдесі
200 г
сулық, əйелдердің іш киімі,
майлық, блузка, ерлердің
іш киімі
100 г
ДАҚТАРДЫ КЕТІРУ
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен
жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз
мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды
кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы
жуғыш зат салынған суға салып түні
бойы жібітіңіз де, содан соң сабынды
суға салып ысқылаңыз.
Майлы сырдан қалған дақ:
дақ
кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты
сіңіріп алыңыз; осыны бірнеше рет
қайталаңыз.
Кеуіп қалған май
дақтары:скипидармен жібітіңіз де,
киімді жұмсақ заттың үстіне қойып,
мақтадан жасалған матаны даққа
electrolux 15
қойып, оны саусағыңыздың ұшымен
басып сіңіріп алыңыз.
Тот:ыстық суға ерітілген қымыздық
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:ағартқышпен сүртіңіз де
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап
ғана сабындап
ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен
жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ матаның
үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
Далап: жоғарыда көрсетілгендей
ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты
этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген
қалып қойған дақты ағартқышпен
сүртіңіз.
Қызыл шарап:жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай
алдымен
матаны ацетонмен
1)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып
қойған кез келген дақты ағартқышпен
сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ
кетіргіш, этил спирті не бензинмен
сүртіңіз, содан соң жуғыш
қоймалжыңмен ысқылаңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҚОСПАЛАР
Жуған кезде жақсы нəтижеге жету
сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай жəне
қоршаған
ортаға зиян келтірмейтіндей
тиісті мөлшерде пайдалануға да
байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың
құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін
бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның
түріне(нəзік мата, жүн тоқыма, мақта
мата т.б.),түсіне, жуу температурасына
жəне қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да
осы машинада қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
нəзік мата(макс. 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар
матаның барлық түрлеріне не
əсіресе, жүн заттарға ғана арналған
төменгі температурада жуатын
бағдарламаларға(макс. 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштер
қорапшасына салынуға тиіс.
Сұйық жуғыш
затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қажет.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз.
СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Судың кермектігі "деңгей" арқылы
өлшенетін өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен
жабдықтайтын
компания не жергілікті əкімшілік
мекемеден алуға болады.
Судың кермектігі орташа-жоғарғы
деңгейде болса(II деңгейдегі
кермектіктен бастап)онда су
жұмсартқыштан қосу керек.
Өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Жуғыш заттың мөлшерін содан соң
əрқашан су кермектігінің деңгейіне I
(= жұмсақ) сай келтіріп алуға
болады.
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
16 electrolux
Деңгей
і
Сипатта
масы
Су кермектігінің
деңгейі
Германи
я °dH
Франция
°T.H.
1 тұщы 0-7 0-15
2 орташа
кермек
8-14 16-25
Деңгей
і
Сипатта
масы
Су кермектігінің
деңгейі
Германи
я °dH
Франция
°T.H.
3 кермек 15-21 26-37
4 аса
кермек
> 21 > 37
КІРДІ КЕПТІРУГЕ ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
КЕПТІРУ ЦИКЛІНЕ ДАЙЫНДЫҚ
ЖАСАУ
Бұл машина кептіргіш құрылғы ретінде
конденсат жасау принципі бойынша
жұмыс жасайды.
Сондықтан су шүмегі ашық тұруға, су
ағызатын түтік суды раковинаға не
ақаба су құбырына, тіпті кептіру
циклы кезінде де ағызып отыруға
тиіс.
Назар аударыңыз!
Кептіру бағдарламасын бастамас
бұрын, жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін
жуылған кірдің мөлшерін азайтыңыз.
КЕПТІРУГЕ ЖАРАМАЙТЫН КІРЛЕР
Синтетикадан
жасалған перде тəрізді
ерекше нəзік заттарды, жүн жəне
жібек мата, темір қондырымдары бар
киімдер, капрон шұлықтар, күрте,
төсек жапқыш, көрпе, туристік төсек,
көрпеше тəрізді үлкен заттарды
машинада кептіруге болмайды.
Қошқыл түсті киім-кешекті сүлгі тəрізді
түгі бар ашық түсті заттармен бірге
кептірмеңіз, себебі оларға түк
жабысып қалуы мүмкін.
Құрылғы кептіру циклын аяқтаған соң
кірді алып шығыңыз.
Кептіру циклы аяқталған кезде
статикалық зарядталу болмас үшін,
кірді мата жұмсартқыш қосып жуу
керек не кір кептіргіштерге арналған
мата кондиционерін пайдалану қажет.
Астары кеуек резеңкеден не соған
ұқсас материалдан жасалған киімді
машинада кептіруге болмайды;
мұндай заттар өрт қатерін тудырады.
Сонымен қатар, лосьон не шаш
бүріккіші, тырнақ бояуын тазалағыш
не соған
ұқсас еріткіш заттың дақтары
қалған киімді, зиянды бу пайда
болмас үшін машинада кептіруге
болмайды.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштердегі
қорапшаларға салынуға тиіс.
Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қажет.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған
.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз.
КИІМНІҢ ЗАТБЕЛГІСІ
Кірді өндірушінің затбелгілерде
көрсеткен нұсқауларын орындап
кептіріңіз:
= Машинада кептіруге болады
= Жоғары температурада
кептіріледі
= Азайтылған температурада
кептіріледі
= Машинада кептірмеңіз.
КЕПТІРУ ЦИКЛІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ
Кептіру уақыты төмендегі себептерге
байланысты өзгеруі мүмкін:
соңғы айналдыру циклінің
жылдамдығы
қажетті құрғақтық (үтіктеуге қажетті
құрғақтық, сақтауға қажетті құрғақтық)
жуылатын кірдің түрі
салынатын жүктің салмағы.
Уақыты есептелген кептіру цикліне
арналған орташа кептіру уақыты
electrolux 17
"Кептіру бағдарламалары" тарауында
берілген. Жинаған тəжірибеңіз матаның
əртүрін ескере отырып, кірді неғұрлым
тиімді жолмен кептіруге көмектеседі.
Əлдеқашан орындалған циклдердің
кептіру уақытының ұзақтығын жазып
белгілеп қойыңыз.
ҚОСЫМША КЕПТІРУ
Кептіру циклі аяқталғаннан соң кір əлі
де дымқыл күйде тұрса, қысқа кептіру
бағдарламасын қайта таңдаңыз.
Назарыңызда болсын! Мата не
киім құрысып не отырып қалмас
үшін шамадан тыс кептіріп
жібермеңіз.
БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама
Ең жоғары жəне ең төмен температура
Цикл сипаттамасы
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы
Кірдің ең үлкен салмағы
Кірдің түрі
Параметрлер
Жуғыш зат
Қорапша
МАҚТА МАТА
90°- Суық
Негізгі жууШаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 1400 мин/айн
Ең үлкен салмақ 7 кг - Азайтылған салмақ 3 кг
1)
Ақ жəне түрлі-түсті мақта мата (қалыпты
кірлеген заттар).
АЙНАЛДЫРУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
ТАЙМЕР
+ МАҚТА МАТА, АЛДЫН АЛА ЖУУ
ЦИКЛІ БАР
90°- Суық
Алдын ала жуу - Негізгі жууШаю циклдері
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 1400 мин/айн
Ең үлкен салмақ 7 кг - Азайтылған салмақ 3 кг
1)
Алдын ала жуу циклі бар Ақ немесе түрлі-
түсті мақта маталар (қатты кірленген заттар).
АЙНАЛДЫРУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
ТАЙМЕР
2)
СИНТЕТИКА
60°- Суық
Негізгі жууШаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 900 мин/айн
Ең үлкен салмақ 3 кг - Азайтылған салмақ 1.5 кг
1)
Синтетика не аралас мата: іш киім, түрлі-түсті
киім-кешек, отырып қалмайтын жейделер,
блузалар.
АЙНАЛДЫРУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
ТАЙМЕР
18 electrolux
Бағдарлама
Ең жоғары жəне ең төмен температура
Цикл сипаттамасы
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы
Кірдің ең үлкен салмағы
Кірдің түрі
Параметрлер
Жуғыш зат
Қорапша
НƏЗІК МАТА
40°- Суық
Негізгі жууШаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 700 мин/айн
Ең үлкен салмақ 3 кг - Азайтылған салмақ 1.5 кг
1)
Нəзік маталар: акрил, вискоза, полиэстер.
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
ТАЙМЕР
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕЛЕТІН СИНТЕТИКА
60°- Суық
Негізгі жууШаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 900 мин/айн
Ең үлкен салмақ 1 кг
Бұл бағдарламаны үтіктелуі тиіс синтетика мен
аралас мата үшін таңдауға болады. Кір баппен
жуылып, құрысып қалмауы үшін ақырын
айналады. Осылай жуғанда үтіктеу оңайға
соғады. Машина бұдан соң қосымша шаю
кезеңдерін орындайды.
АЙНАЛДЫРУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
АЙНАЛДЫРУ
Суды төгу жəне ұзақ айналдыру
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 1400 мин/айн
Ең үлкен салмақ 7 кг
Қолмен жуылған заттар үшін жəне Шаюды кідірту
мен Айналдырмау функциялары таңдалған
бағдарламалардан кейін орындалатын арнайы
айналдыру циклі. Тиісті түймешікті басып,
айналдырылатын матаға сай келетін айналдыру
жылдамдығын таңдап алуға болады.
АЙНАЛДЫРУ
СУ ТӨГУ
Суды төгу
Ең үлкен салмақ 7 кг
Шаюды кідірту функциялары таңдалған
бағдарламаларда кір соңғы рет шайылған суды
төгуге арналған.
ШАЮ ЦИКЛДАРЫ
Шаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 1400 мин/айн
Ең үлкен салмақ 7 кг
Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған, мақта
матадан жасалған киім-кешектерді шаюға жəне
айналдыруға болады. Машина 3 рет шаяды да,
соңынан ұзақ айналдыру циклын орындайды.
Айналдыру жылдамдығын тиісті түймешікті басып
азайтуға болады.
АЙНАЛДЫРУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
electrolux 19
Бағдарлама
Ең жоғары жəне ең төмен температура
Цикл сипаттамасы
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы
Кірдің ең үлкен салмағы
Кірдің түрі
Параметрлер
Жуғыш зат
Қорапша
ЖІБЕК МАТА
30°
Негізгі жууШаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 700 мин/айн
Ең үлкен салмақ 1 кг
Жібек мата немесе синтетика аралас маталарға
арналған, еппен жуатын бағдарлама.
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОЛМЕН ЖУУ
40°- Суық
Негізгі жууШаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 900 мин/айн
Ең үлкен салмақ 2 кг
«Қолмен жуылады» деген затбелгісі бар нəзік
маталарға арналған арнайы бағдарлама.
АЙНАЛДЫРУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ЖҮН МАТА
40°- Суық
Негізгі жууШаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 900 мин/айн
Ең үлкен салмақ 2 кг
Машинада жууға болатын жүн мата, сондай-ақ
қолмен жууға боатын жүн тоқыма мен нəзік
маталарға арналған бағдарлама. Ескерім: Бір
ғана бұйым не ауыр бұйым тепе-теңдікті бұзуы
мүмкін. Егер құрылғы соңғы айналдыру циклін
орындамаса, кірді көбірек қосып салып
, оларды
қолмен таратыңыз да, содан соң айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
АЙНАЛДЫРУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
МАҚТА МАТА ECO
90°-40°
Негізгі жууШаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы 1400 мин/айн
Ең үлкен салмақ 7 кг
Ақ жəне бояуы берік мақта мата.
Бұл бағдарламаны шамалы не қалыпты кірлеген
мақта матадан жасалған заттар үшін таңдауға
болады. Температура төмендейді де, жуу уақыты
ұзарады. Бұл қуатты осылай үнемдей отырып,
жуу нəтижесін жақсартуға көмектеседі.
АЙНАЛДЫРУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Кептіру бағдарламалары
Мақта матаны кептіру
Синтетиканы кептіру
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68

Electrolux EWX147410W Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare