Aeg-Electrolux L98699FL Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
L 98699 FL
KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RO MAŞINĂ DE SPĂLAT RUFE INFORMAŢII PENTRU
UTILIZATOR
41
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Қызмет көрсету орталығына
хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда
болуға тиіс. Деректерді техникалық ақпарат
тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
Осы қолдану туралы нұсқауларда астыда
көрсетілген белгілер қолданылады:
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды
мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану
туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына
ие.
МАЗМҰНЫ
4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
6 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
6 ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
7 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
7 ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ
8 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
13 ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
17 БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
17 ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
17 ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ
ОРНАТУ
18 КІРДІ САЛУ
19 ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ
22 БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
22 БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
24 ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
26 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
31 АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
34 ОРНАТУ
2
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық
техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын
құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін
толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған
керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын
себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді
заттардың барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg.com/shop
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ҚАЗАҚ
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе
басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты
әрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
БАЛАЛАР МЕН ӘЛСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін
адамдарға, балаларға оны іске қосуға
рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс. Балаларға құрылғымен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін жабар алдында,
балалар мен үй жануарларының
барабанға кірмегеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Осы құралды іске қосқан кезде есікті
жаба алмайсыз. Бұл балалар немесе үй
жануарлары құрылғыға кіріп қамалып
қалмас үшін қажет. Құралды іске қосу
үшін сағат тілінің бағытымен кертігі
көлденең келгенше бұраңыз. Құралды
сөндіру үшін сағат тілінің бағытына
кертігі тік қалыпқа келгенше бұраңыз.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
Құрылғыны кәсіби қызмет көрсету
мақсатында қолданбаңыз. Бұл тек үйде
қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін,
жуғыш заттың орамында көрсетілген
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз. Қатты және
өткір заттар құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін (кір алдынан
салынатын құрылғыларда ғана).
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға
болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Дұрыс
салынбаса су ағуы мүмкін.
ІШКІ ШАМ
Бұл құрылғының есікті ашқан кезде
қосылып, есік жабылған кезде сөнетін ішкі
шамы бар.
4
Назарыңызда болсын!
Шамның жарығына тура
қарамаңыз.
Ішкі шамын ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ішкі шамын ауыстырар алдында
құрылғының қуат ашасын
розеткадан суырыңыз.
ОРНАТУ
Құрылғының салмағы ауыр, жылжытқан
кезде абай болыңыз.
Құрылғыны тасымал тетіктерін салмай
тасымалдамаңыз, ішкі құралас
элементтеріне зақым келіп, су ағуы
немесе ақаулық пайда болуы мүмкін.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз және
іске қоспаңыз.
Барлық орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің алынғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны орнату барысында оның
ашасының розеткадан ағытылғанына көз
жеткізіңіз.
Электр желісіне қосу, құбыр жүйесіне,
құрылғыны орнатуға қатысты
жұмыстарды тек білікті маман іске
асыруға тиіс. Бұл құрылғының
құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғыны кілем төселген жерге
орнатқан кезде, құрылғы мен кілемнің
арасында ауа айналатынына көз
жеткізіңіз. Құрылғы мен кілемнің
арасында тиісті орын болуын
қамтамасыз ету үшін өзгермелі
тіректерін реттеңіз.
Суға қосу
Құрылғыны қолданыста болған ескі
түтіктерді қолданып қоспаңыз. Жаңа
түтіктерді ғана қолданыңыз.
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне
немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше
минут ағызғаннан кейін су құятын түтікті
жалғаңыз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, су
қосылымы түтіктерінен және
жалғастырғыштарынан су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
Құрылғының жерге қосулы тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының ашасы мен сымына ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
3. Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
балалар мен үй жануарлары
құрылғыға кіріп қамалып қалмас үшін
қажет. Тұншығып қалу қаупі бар (кір
алдынан салынатын құрылғыларда
ғана).
ҚАЗАҚ
5
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫ
белгішесі салынған орам
материалдарын қайта өңдеуге
тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңделетін
қалдыққа арналған жәшікке тастаңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ
ЕСКЕРІМ
Қоршаған ортаны сақтауға өз үлесіңізді
қосу үшін су мен қуатты аз қолданып, мына
нұсқауларды орындаңыз:
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу
циклі жоқ бағдарламаны қолданып
жуыңыз.
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет
болса дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және
электроникалық бұйымдарды жинап
утилизация үшін арнайы контейнерлерге
салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс
түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған
орта менен адам денсаулығына түсіп пайда
бола алатын зиянын болдыртпауын үшін
үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды
дұрыс емес қолданғанда пайда болуы
мүмкін. Осы бұйымның утилизациясы
туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті
әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
әкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі 600 / 850 / 600 мм
Жалпы тереңдігі 640 мм
Электртоғына қосу: Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2200 Вт
10 A
50 Гц
Төмен кернеумен жұмыс істейтін және ылғалға қарсы
қорғалмаған жерлерден басқа жерлердің барлығы қатты
заттар және ылғалдың кіруіне жол бермейтін қорғаныс
қабатымен қорғалған.
IPX4
Сумен жабдықтау қысымы Ең азы 0,5 бар (0,05 MПa)
Ең көбі 8 бар (0,8 MПa)
Сумен жабдықтау
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 9 кг
Айналдыру жылдамдығы Ең көбі 1600 мин/айн
1)
Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
6
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2 3
9
10
6
5
7
8
4
11
12
13
1
Жұмыс алаңы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Ішкі шам
6
Техникалық ақпарат тақтайшасы
7
Су сорғы
8
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған
тірек
9
Су төгетін түтік
10
Су құятын түтік
11
Қорек сымы
12
Тасымал тетіктері
13
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған
тірек
ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ
1 2
34
1
Гайка кілті
Тасымал болттарын алуға арналған.
2
Пластик тығындар
Тасымал болттарын алғаннан кейін,
корпустың арт жағындағы тесіктерді
жабуға арналған.
3
Тасқынға қарсы су құятын түтік
Су ағуға жол бермеуге арналған
4
Пластик түтік бағыттағыш
Су төгетін түтікті раковина жиегіне
жалғау үшін.
ҚАЗАҚ
7
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
ECO
20 Min. - 3 k
g
SUPER ECO
Auto Off
/
1 2 3
4
5
6789101112
1
Auto Off түймешігі
2
Бағдарлама тетігі
3
Бейнебет
4
Бу сенсорлық түймешігі
( Steam )
5
Жады сенсорлық түймешігі M1 M2
( Memory )
6
Бастау/Үзіліс сенсорлық түймешігі
( Start/Pause )
7
Кешіктіріп бастау сенсорлық түймешігі
8
Уақытты үнемдеу сенсорлық түймешігі
(Time Save)
Қысқартылған уақыт ( Shortened
duration )
Өте жылдам уақыт ( Extra quick )
9
Қосымша шаю сенсорлық түймешігі
( Extra rinsing )
10
Функцияның сенсорлық түймешігі
/
Даққа қарсы ( Stains )
Алдын ала жуу циклі ( Prewash )
Жібіту циклі ( Soak )
11
Айналдыруды азайту сенсорлық
түймешігі
( Spin speed )
12
Температура сенсорлық түймешігі
( Temperature )
СЕНСОРЛЫҚ БЕЙНЕБЕТ
Түймешіктерді басқан кезде қолғап
кимеңіз.
Сенсорлық бейнебет пен
түймешіктердің әрқашан таза әрі
құрғақ болуын қамтамасыз етіңіз.
АВТОМАТТЫ СӨНДІРУ
ТҮЙМЕШІГІ
1
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін осы
түймешікті басыңыз. Құрылғы іске қосылған
кезде дыбыстық сигнал естіледі.
AUTO OFF функциясы келесі жағдайларда
қуат тұтынуды тоқтату үшін құрылғыны
автоматты түрде сөндіреді:
6
түймешігін басар алдында құрылғы 5
минут қолданылмай тұрса.
Барлық параметрлер біржола
тоқтатылса.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
1
түймешігін басыңыз.
Жуу бағдарламасын және барлық
қажетті параметрлерді қайта
орнатыңыз.
8
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 5
минут өткен соң. 'Бағдарламаның соңы'
тарауын қараңыз.
БАҒДАРЛАМА ТЕТІГІ
2
Бағдарламаны орнату үшін осы тетікті
бұраңыз. Тиісті бағдарламаның индикаторы
жанады.
БЕЙНЕБЕТ
3
ABCD
EFGHIJ
A
Мәтін жолағы:
Құрылғыны қолдануға қатысты нұсқаулар береді.
Бағдарламаның қалып-күйі мен циклін көрсетеді.
Ескерту хабарларын көрсетеді. "Ақаулықты түзету" тарауын қараңыз.
Тиісті цикл немесе функция орнатылған кезде бейнебетте белгішелер көрсетіледі.
B
Бала қауіпсіздігінің құралы
C
Есік құлыптаулы
Белгіше көрсетіліп тұрғанда есікті аша алмайсыз.
Есікті белгіше көрінбей кеткенде ғана аша аласыз.
Егер бағдарлама аяқталса да, белгіше көрсетіліп тұрса:
Барабанның ішінде су бар.
•" Rinse Hold " функциясы қосулы.
D
Тәулік уақыты
Құрылғыны іске қосқан кезде бейнебетте тәулік уақыты бірнеше секунд
көрсетіледі. Сағатты реттеу үшінағат параметрлері" тарауын қараңыз.
Бағдарламаның ұзақтығы
Жуу бағдарламасы басталған кезде бағдарлама уақыты әр минут сайыт
азаяды.
Бағдарлама ұзақтығының белгішесі
Сандар бағдарлама ұзақтығын көрсеткен кезде белгіше жанады.
Жуу бағдарламасының соңы.
ҚАЗАҚ
9
Бағдарламаның соңы белгішесі
Сандар бағдарламаның аяқталу уақытын көрсеткен кезде
белгіше жанады.
Кешіктіру уақыты
Кешіктіріп бастау уақытын орнатқан кезде, бағдарламаның аяқталу
уақыты 30 минуттан 10 сағатқа дейін және бір сағаттан 20 сағатқа дейінгі
қадам бойынша ұзарады.
Бағдарламаның соңы
Бейнебетте нөл көрсетіледі.
E
Бұл есік ашық болса ғана көрсетіледі - "Кірді салу" тарауын қараңыз.
Бағдарламадағы ең үлкен салмақ
Кірдің салмағы
Индикатордың жолағы кірдің салмағына қарай тола бастайды.
Кірдің ең көп мөлшері салынған кезде индикатор толық боялады.
Функция орнату қажет болса
Егер орнатылған бағдарламада функцияны таңдауға болса, бос индикатор
жолағы көрсетіледі. Егер индикатор жолағы жанбаса, оған қолжетімді емес.
Функция белгішесі функция орнатылған кезде жанады.
Индикатордың жолағы орнатылған функцияға қарай тола бастайды.
Егер теріс функция таңдалса, бейнебеттегі мәтін жолағы бұл таңдаудың мүмкін емес
екенін хабарлайды.
F
Time save
Келесі функцияларды орнатқан кезде белгіше жанады:
Shortened duration
Extra quick
G
Extra rinsing
Индикатор жолағы шаю циклдарының санына қарай
толтырылады.
H
Stains
Prewash
Soak
Индикатордың жолағы орнатылған функцияларға қарай тола
бастайды.
I
Бағдарламаның әдепкі айналдыру жылдамдығы.
10
_ _ _
No spin
1)
Rinse hold
1)
Spin/Drain бағдарламасында ғана бар.
J
Бағдарламаның әдепкі температурасы.
Cold wash
БУ ФУНКЦИЯСЫ
4
Будың деңгейін орнатуға арналған
сенсорлық
4
түймешік. Бұл бу функциясы
бар бағдарламада ғана жұмыс істейді. Бу
циклының ұзақтығы таңдаған
параметріңізге сай өзгереді.
ЖАДЫ ТҮЙМЕШІКТЕРІ
5
Бағдарламаны жадыға енгізу немесе
жадыға сақталған бағдарламаны орнату
үшін
5
түймешіктерінің бірін басыңыз.
Бағдарламаны жадыға енгізу
1.
Құрылғыны іске қосу үшін
1
түймешігін басыңыз.
2.
Бағдарлама тетігін (
2
) таңдаулы
бағдарламаға бұраңыз.
3. Қажет болса, бір немесе бірнеше
функцияны орнатыңыз.
4.
Түймешіктердің бірін
5
бірнеше
секунд басып ұстап тұрыңыз. Сигнал
естіледі де, бейнебетте
бағдарламаның сақталғаны
көрсетіледі. .
Жадыға енгізілген бағдарламаны орнату
1. Бағдарламаны орнату үшін сол
бағдарлама сақталған түймешікті
басыңыз.
2. Бағдарлама индикаторы жанады да,
бейнебетте барлық мағлұмат
көрсетіледі.
Жадыға енгізілген бағдарламаны
болдырмау үшін жаңа
бағдарламаны жадыға сақтау
керек.
БАСТАУ/ҮЗІЛІС ТҮЙМЕШІГІ
6
Бағдарламаны бастау немесе кідірту үшін
6
түймешігін басыңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ТҮЙМЕШІГІ
7
Бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастау үшін
7
түймешігін
басыңыз.
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ ТҮЙМЕШІГІ
8
Бағдарлама уақытын азайту үшін
8
түймешігін басыңыз.
Келесі функцияны таңдауға болады:
SHORTENED DURATION
Күнделікті кірлейтін заттарды жуу үшін.
EXTRA QUICK
Мүлдем кірлемеген заттарды жылдам
жууға арналған.
Кей бағдарламаларда осы функциялардың
біреуін ғана қабылдайды.
ҚОСЫМША ШАЮ ТҮЙМЕШІГІ
9
Бағдарламаға шаю циклдарын қосу үшін
9
түймешігін басыңыз.
Жуғыш заттарға аллергиясы бар адамдар
үшін немесе суы тым тұщы жерлерде осы
функцияны қолданыңыз.
ДАҚТАР, АЛДЫН АЛА ЖУУ ЖӘНЕ
КІРДІ ЖІБІТУ ТҮЙМЕШІГІ
10
Келесі функциялардың біреуін орнату үшін
10
түймешігін басыңыз:
ДАҚТАР
Дағы оңай кетпейтін кірлерді жуу үшін осы
функцияны қолданыңыз.
Осы функцияны орнатқан кезде, дақ
кетіргішті
бөлігіне салыңыз.
ҚАЗАҚ
11
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Бұл функция 40° C градустан төмен
температурада жұмыс істемейді.
АЛДЫН-АЛА ЖУУ
Қатты кірлеген кірді жуу үшін осы
функцияны қолданыңыз.
Құрылғы негізгі жуу циклына алдын ала жуу
циклын қосады.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
КІРДІ ЖІБІТУ
Қатты кірлеген кірді жуу үшін осы
функцияны қолданыңыз.
Құрылғы кірді жуу алдында шамамен жарты
сағат 30°C бойынша жібітеді.
АЙНАЛДЫРУ ТҮЙМЕШІГІ
11
Келесі әрекетті орындау үшін
11
түймешігін басыңыз:
Бағдарламаның айналдыру циклінің ең
үлкен жылдамдығын азайту үшін.
Бейнебетте тек орнатылған
бағдарлама үшін таңдауға болатын
айналдыру жылдамдықтары ғана
көрсетіледі.
Айналдыру циклын ажырату (" No Spin "
функциясы).
" Rinse Hold " функциясын іске қосыңыз.
Мата мыжылып қалмас үшін осы
функцияны орнатыңыз. Бағдарлама
аяқталған кезде құрылғы суы төгілмейді.
ТЕМПЕРАТУРА ТҮЙМЕШІГІ
12
Әдепкі температураны өзгерту үшін
12
түймешігін басыңыз.
Белгішелер - - - және
= суық су
ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛ
ФУНКЦИЯСЫ
Дыбыстық сигнал келесі жағдайларда
естіледі:
Құрылғыны іске қосқанда.
Құрылғыны сөндіргенде.
Түймешіктерді басқанда.
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
10
және
9
түймешігін 6 секунд қатар
басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар түймешіктерді
басқан кезде және ақаулық орын
алған кезде ғана іске қосылады.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция балаларға басқару панелімен
ойнауға жол бермейді.
Функцияны іске қосу үшін
12
және
11
түймешігін бейнебетте белгісі
көрсетілгенше қатар басыңыз.
Функцияны ажырату үшін
12
және
11
түймешігін бейнебеттен белгісі
көрсетілмей кеткенше қатар басыңыз.
Функцияны былай іске қосуға болады:
6
түймешігін баспай тұрып: құрылғы
іске қосылмайды.
6
түймешігін басқаннан кейін, барлық
түймешіктер мен бағдарлама тетігі
сөндіріледі.
ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ҚОСЫМША ШАЮ
ФУНКЦИЯСЫ
Осы функцияның көмегімен қосымша шаю
функциясын тұрақты түрде, жаңа
бағдарламаны орнатқан кезде қолданатын
етіп орнатуға болады.
Функцияны іске қосу үшін
8
және
7
түймешігін бейнебетте белгісі
көрсетілгенше қатар басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін
8
және
7
түймешігін бейнебеттен белгісі
көрінбей кеткенше қатар басыңыз.
12
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама Температура Кірдің түрі
Кірдің салмағы
Бағдарлама
сипаттамасы
Функциялар
Мақта мата 95°- Суық Қатты кірлеген ақ
және түрлі-түсті
мақта мата.
Ең үлкен салмақ 9
кг
Жуу
Шаю циклдары
Ұзақ
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Дақтар
1)
Алдын ала
жуу
2)
Жібіту
Қосымша шаю
Уақытты
үнемдеу
3)
Шуылсыз
95°- Суық Қалыпты кірлеген
ақ және түрлі-түсті
мақта мата.
Ең үлкен салмақ 9
кг
Жуу
Шаю циклдары
Ұзақ
айналдыру
Барабанның
ішіндегі суы
төгілмей
тоқтайды
Шаюды кідірту
Дақтар
1)
Алдын ала
жуу
2)
Жібіту
Қосымша шаю
Уақытты
үнемдеу
3)
Синтетика 60°- Суық
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Қалыпты кірлеген
синтетика немесе
аралас матадан
жасалған заттар.
Ең үлкен салмақ 4
кг
Жуу
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Дақтар
1)
Алдын ала
жуу
2)
Жібіту
Қосымша шаю
Уақытты
үнемдеу
3)
Жеңіл үтіктеу 60°- Суық Қалыпты кірлеген,
синтетика мата
заттар. Кірдің
мыжылып қалуына
жол бермейді.
Ең үлкен салмақ 4
кг
Жуу
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Алдын ала
жуу
2)
Жібіту
Қосымша шаю
Уақытты
үнемдеу
3)
ҚАЗАҚ
13
Бағдарлама Температура Кірдің түрі
Кірдің салмағы
Бағдарлама
сипаттамасы
Функциялар
Нәзік мата
40°- Суық
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Қалыпты кірлеген
нәзік акрил,
вискоза, полиэстер
тәрізді маталар.
Ең үлкен салмақ 4
кг
Жуу
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Rinse hold
Алдын ала
жуу
2)
Stains
Жібіту
Қосымша шаю
Уақытты
үнемдеу
3)
Жүн мата /
Жібек мата
40°- Суық
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Машинада жууға
болатын жүн мата
мен қолмен
жуылатын жүн
тоқыма және
«қолмен
жуылады» деген
затбелгісі бар нәзік
маталар.
Ең үлкен салмақ 2
кг
Жуу
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Сырма көрпе 60° - 30°
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Бір синтетика
төсек жапқыш,
көрпе, төсек
жабдығы т.с.с.
заттарды жууға
арналған арнайы
бағдарлама.
Ең үлкен салмақ 3
кг
Жуу
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Аллергияға
қарсы
60° Ақ мақта мата
заттар
4)
.
Ең үлкен салмақ 9
кг
60° градуста
жуыңыз
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Дақтар
Алдын ала
жуу
2)
Жібіту
Қосымша шаю
Айналдыру /
Су төгу
5)
Барлық маталар
Кірдің ең үлкен
салмағы кірдің
түріне байланысты
анықталады.
Суды төгу
Ең үлкен
жылдамдықта
айналдыру
циклы
Айналдыруды
азайту
Айналдырмау
6)
Шаю
Барлық маталар
Ең үлкен салмақ 9
кг
Қоспалар
қосып шаю
Айналдыру
циклі
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Қосымша шаю
7)
14
Бағдарлама Температура Кірдің түрі
Кірдің салмағы
Бағдарлама
сипаттамасы
Функциялар
Сыртқы киім 40°- Суық Су өтпейтін,
спортқа және
далада киілетін
киімдерге
арналған. Ешбір
мата жұмсартқыш
қолданбаңыз!
Ең үлкен салмақ
2.5 кг
Жуу
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Қосымша шаю
20 мин - 3 кг 40° немесе 30° Шамалы кірлеген
немесе бір рет
киілген спорт
киімдері немесе
мақта мата және
синтетика заттар.
Ең үлкен салмақ 3
кг
Жуу
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
SUPER ECO Аралас маталар
(мақта мата және
синтетика
заттар)
8)
.
Ең үлкен салмақ 3
кг
Жуу
Шаю циклдары
Ұзақ
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Қосымша шаю
ЭКО
Қуат
жапсырмасынд
а көрсетілген
мәндерге сай
келетін
СТАНДАРТТЫ
БАҒДАРЛАМА
ЛАР
60° немесе 40° Қалыпты кірлеген
ақ және бояу берік
мақта мата
9)
.
Ең үлкен салмақ 9
кг
Жуу
Шаю циклдары
Қысқа
айналдыру
Айналдыруды
азайту
Шаюды кідірту
Дақтар
Алдын ала
жуу
2)
Жібіту
Қосымша шаю
Уақытты
үнемдеу
3)
1)
40°C градустан төмен температурада қолдану мүмкін емес.
2)
Егер сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, АЛДЫН АЛА ЖУУ циклі жоқ бағдарламаны орнатыңыз.
3)
Өте жылдам функцияны орнату үшін
8
түймешігін бассаңыз, жуылатын кірдің мөлшерін азайтуды
өтінеміз. Кірді толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі қанағаттандырарлық деңгейде болмайды.
4)
Бұл бағдарлама 60° C градуспен жуу және шаю циклін қосуға байланысты микро-ағзаларды жояды.
Осылайша әрекет барынша тиімді орындалады. Маңызды!Дақ бөлігіне гигиенаға арналған арнайы
қоспадан салып, Дақ функциясын таңдаңыз.
5)
Әдепкі айналдыру жылдамдығы мақта мата заттарға арналған. Жуылатын кірге сай келетін
айналдыру циклын орнатыңыз.
6)
Егер осы функцияны таңдасаңыз, құрылғы суды төгу циклын ғана орындайды.
7)
Шаю циклдарын қосу үшін
9
түймешігін басыңыз. Айналдыру жылдамдығы төмен болған кезде,
құрылғы баппен шаяды және аз уақыт айналдырады.
8)
Өте төмен температураға арналған арнайы жуғыш затты қолданыңыз.
9)
Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады.
ҚАЗАҚ
15
БУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама
1)
Кірдің түрі Салмақ
Бу - Жаңарту
2)
Бұл цикл кірдің иісін кетіреді.
Бу киімнен шығатын аңның
иісін кетірмейді.
Мақта мата және синтетика заттар. 1.5 кг-
ға дейін
Бу - Бырыстырмау
2)
Бұл бағдарлама кірдің бырысын
кетіруге көмектеседі.
Мақта мата және синтетика заттар. 1.5 кг-
ға дейін
Бу циклін кепкен, жуылған немесе бір рет жуылған кір үшін қолдануға болады.
Бұл бағдарламалар кірдің бырысын жазып, иісін кетіріп, матаны барынша тегіс
етуге көмектеседі.
Ешбір жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса, дақты жуу немесе жумай тұрып
тазарту арқылы кетіріңіз.
Бу бағдарламалары ешбір зарарсызданыру циклін орындамайды.
Мынадай кірлер үшін Бумен тазалау бағдарламасын қолданбаңыз:
Затбелгісінде кептіргіш машинада кептіруге болады деген жазуы жоқ киімдер үшін.
Пластик, темір, ағаш немесе сол сияқты заттары бар киімдер үшін.
Бу циклының ұзақтығын өзгерту үшін
4
түймешігін басыңыз.
1)
Бу бағдарламасын кепкен кір үшін орнатқан кезде, цикл соңында кір дымқыл болуы мүмкін. Кірді
кептіру үшін таза ауаға шамамен 10 минут іле тұрған дұрыс. Кірді барабаннан неғұрлым тез алу
керек. Бу циклі аяқталғаннан кейін, кірді бәрібір үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл үтіктеледі!
2)
Бағдарлама уақытын бейнебеттен қараңыз.
ТҰТЫНУ МӘНДЕРІ
Бағдарлама
1)
Қуат тұтыну (кВт/сағ)
2)
Су тұтыну (литр)
2)
Ақ мақта мата 95 °C 2.50 73
Мақта мата 60 °C 1.60 69
Мақта мата 40 °C 1.00 69
Синтетика 40 °C 0.60 48
Нәзік мата 40 °C 0.70 58
Жүн мата/ Қолмен жуу 30 °C 0.35 57
1)
Бағдарлама уақытын бейнебеттен қараңыз.
2)
Бұл кестеде көрсетілген тұтыну мәндері тек жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген. Ол кірдің
мөлшері мен түріне, құйылатын судың температурасы мен бөлменің температурасына байланысты
өзгеруі мүмкін.
Қуат жапсырмасында көрсетілген
мәндерге сай келетін стандартты
бағдарламалар
"Мақта мата 60 °C үнемді" және "мақта
мата 40 °C үнемді" қалыпты кірлеген мақта
мата заттарға арналған стандартты мақта
мата бағдарламалар. Бұл бағдарламалар
қалыпты кірлеген мақта мата кірлерді жууға
16
арналған және осындай мақта мата
заттарды жуу үшін, қуат пен су жұмсау
тұрғысынан қарағанда барынша тиімді
бағдарламалар болып есептеледі.
Бұл бағдарламалар EN60456 стандартына
сай келеді.
Судың нақты температурасы
көрсетілген цикл
температурасынан өзгеше болуы
мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су төгу циклын іске қосу үшін жуғыш
зат үлестіргіштің негізгі жуу циклына
арналған бөлігіне 2 литр су құйыңыз.
2. Жуғыш затты аз мөлшерде жуғыш зат
үлестіргішінің негізгі жуу бөліміне
салыңыз. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір салмай
жуыңыз. Бұл цикл барабан мен
машинаның ішінде бар болуы мүмкін
кірлердің барлығын кетіреді.
ТІЛДІ ОРНАТУ
Құрылғыны алғаш рет іске қосқан кезде
бейнебетте әдепкі тіл көрсетіледі де, оны
растауды немесе өзгертуді сұрайды.
Қажетті тілді орнату үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
Бейнебетте қажетті тіл көрсетілген
кезде, таңдауды растау үшін
6
түймешігін басыңыз.
Бірінші рет іске қосқаннан кейін
тілді өзгерту
1.
11
және
10
түймешігін бірнеше
секунд қатар басыңыз.
2. Бейнебетте орнатылған тіл көрсетілген
кезде, жаңа тілді орнату үшін
бағдарлама тетігін бұраңыз.
3.
Таңдауды растау үшін
6
түймешігін
басыңыз.
САҒАТТЫ ОРНАТУ
Тілді орнатқаннан кейін бейнебетте сағатты
орнату қажет деген хабар көрсетіледі:
Сағат мәндері жыпылықтайды.
Сағатты өзгерту үшін бағдарлама тетігін
бұраңыз.
Таңдауды растау үшін
6
түймешігін
басыңыз.
Минут мәндері жыпылықтайды.
Минутты өзгерту үшін бағдарлама тетігін
бұраңыз.
Таңдауды растау үшін
6
түймешігін
басыңыз.
Бірінші рет іске қосқаннан кейін
уақытты өзгерту
1.
9
және
8
түймешігін бірнеше
секунд қатар басыңыз.
2. Сағат мәндері жыпылықтайды.
3. Сағатты өзгерту үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
4.
Таңдауды растау үшін
6
түймешігін
басыңыз.
5. Минут мәндері жыпылықтайды.
6. Минутты өзгерту үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
7.
Таңдауды растау үшін
6
түймешігін
басыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз. 2. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ
Салмақ сенсоры дұрыс жұмыс істеуі үшін, құрылғыны іске қосыңыз да,
бағдарламаны кірді барабанға салар АЛДЫНДА орнатыңыз.
ҚАЗАҚ
17
1.
Құрылғыны іске қосу үшін
1
түймешігін басыңыз.
2.
Бағдарлама тетігін (
2
) қажетті
бағдарламаға бұраңыз немесе
түймешіктердің
5
бірін бұрап
бағдарламаны жадыға енгізіңіз.
Бағдарлама индикаторы жанады.
3.
6
түймешігінің индикаторы қызыл
түспен жанады.
4. Бейнебетте әдепкі температура мен
айналдыру көрсетіледі. Егер қажет
болса,
12
және
11
түймешігін басып
судың температурасы мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз.
5. Егер қажет болса, кейбір
функцияларды қосу немесе кешіктіріп
бастау функциясын орнату үшін басқа
түймешіктерді басыңыз. Бейнебетте
орнатылған функцияның белгішесі мен
кешіктіріп бастау уақытының мәні (
D
)
көрсетіледі.
КІРДІ САЛУ
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Бейнебетте (E) бағдарламаға
арналған ең үлкен салмақ (MAX ) пен
кірдің салмағы (KG) көрсетіледі.
Бейнебеттегі мәтін жолағы кірді
үстемелеп салу қажет екенін көрсетеді.
3. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
4. Бейнебетте кірдің салмағы 0.5 кг
қадаммен жаңартылып көрсетіледі.
Салмақ жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген және кірдің түріне
байланысты өзгереді.
Егер кірді ең үлкен салмақтан
асыра салсаңыз, бейнебетте
салынған кірдің салмағы ең үлкен
салмақтан артық екені көрсетіледі.
Кірді жууға болады, бірақ қуат және
су көп мөлшерде тұтынылады.
Кірді жақсы жуып, қуат пен суды
қажетті мөлшерде тұтыну үшін
кейбір кірлерді алыңыз.
Кірдің салмағы артық екені,
салынатын кірдің ең үлкен
салмағы, құрылғыға салынатын ең
үлкен салмақтан төмен
бағдарламаларда ғана көрсетіледі.
5. Есікті жабыңыз. Бейнебеттегі мәтін
жолағында жуғыш заттың қолданылу
мөлшері пайыз бойынша көрсетіледі.
Бұл өндіруші ұсынған кірдің ең көп
мөлшеріне арналған жуғыш заттың
мөлшеріне қатысты жалпылама дерек
болып табылады.
18
Кірдің барабаннан шығып, тығыздағыш пен
есіктің арасына қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан
келуі мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ
Алдын ала жуу циклі мен жібіту бағдарламасына арналған жуғыш зат
салынатын бөлік.
Алдын ала жуу және жібіту циклдарына арналған жуғыш затты
бағдарламаны бастамай тұрып салыңыз.
Жуу цикліне арналған жуғыш зат салынатын бөлік.
Сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, оны бағдарламаны бастаудың сәл
алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге (мата жұмсартқыш, крахмал) арналған бөлік.
Жуғыш құралды бағдарламаны бастамай тұрып бөлікке салыңыз.
Бұл сұйық үстемелердің ең жоғары деңгейін көрсетеді.
Дақ кетіргішке арналған бөлік.
Бұл затты бағдарламаны бастамай тұрып бөлікке салыңыз да, дақ
функциясын орнатыңыз.
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затты қолдану үшін оны дұрыс орынға
(жоғары немесе төмен) бұраңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
ҚАЗАҚ
19
Бөлгіштің орнын тексеріңіз
1. Жуғыш зат үлестіргішті тоқтап
қалғанша сыртқа қарай тартыңыз.
2. Үлестіргішті алу үшін тетікті төмен
басыңыз.
3. Ұнтақ жуғыш затты қолдану үшін
бөлгішті жоғары бұраңыз.
4. Сұйық жуғыш затты қолдану үшін
бөлгішті төмен бұраңыз.
Бөлгіш ТӨМЕН қалыпта тұрған
кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық
жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты бөлгіште
көрсетілген межеден
асырмаңыз.
Алдын ала жуу циклын
орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын
орнатпаңыз.
5. Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
өлшеп алыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішін абайлап
жабыңыз. Үлестіргішті жапқан кезде
бөлгіштің ешбір бөгет жасамайтынына
көз жеткізіңіз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
ФУНКЦИЯСЫН ОРНАТЫҢЫЗ
1. Қажетті кешіктіріп бастау параметрін
орнату үшін
7
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте бағдарламаның
есептелген аяқтау уақыты көрсетіледі
2.
6
түймешігін басыңыз, құрылғы
кешіктіріп бастау функциясының кері
санағын бастайды.
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

Aeg-Electrolux L98699FL Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare