13
•
Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз
және құрылғының жұмыс жасауы
үшін кедергі келтіретін, кез-келген
жапсырмаларды алып тастаңыз.
•
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз,
бүлінген жерлері болған кезде
құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Іске қосар алдында электр желісінің
кернеуі құрылғының жұмыс кер-
неуіне сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
Оңтайлы нәтижелерге қолжеткізу үшін
шашты сабынсумен жуыңыз, оны сүлгімен
сүртіңіз, фенмен кептіріңіз және тараңыз.
Одан кейін шашты сәндеуге кірісіңіз.
•
Шашты 4-5 см бұрымдарға бөліңіз.
•
Желілік шнурдың ашасын электр
розеткасына сұғыңыз.
•
Қосу/өшіру батырмасын (3)
басыңыз, осы ретте қыздыру
температурасының индикаторы (6)
180°C жанады және жыпылықтайды,
ауа ионизаторының қосу индикаторы
(5) және ауа ионизаторының шығу
жарығы (10) жанады.
•
Қыздыру температурасын (4) (°C)
орнату батырмасын дәйекті басу
арқылы 160°C-180°C-200°C үш
температуралық режимнің біреуін
таңдаңыз. Таңдалған температура
режиміне қарама-қарсы, тиісті инди-
катор жанады.
•
Құрылғыны тұғырға (9), тегіс, ыстыққа
төзімді бетке орнатыңыз және оны
қыздырыңыз. Қыздыру аяқталғаннан
кейін таңдалған температура инди-
каторы (6) үнемі жанып тұрады.
Құрылғы пайдалануға дайын.
•
Шашты модельдеуді бастамас бұрын,
жұмыс пластиналарының (8) құлпын
шешіп алыңыз, ол үшін құрылғыны
тұтқадан (2) ұстап, қысқышты (1)
сағат тіліне қарсы бағытта тірелгенге
дейін бұраңыз.
Назар аударыңыз! Бекіткішке (1) зақым
келтірмеу үшін, электрқысқыштардың
құлыпталған жұмыс пластиналарын
ашуға тырыспаңыз. Бекіткішті (1) сағат
тілімен бұрғаннан кейін, жұмыс пласти-
налары (8) автоматты түрде ашылады.
•
Бос қолыңызбен шаштың тарамда-
рын ұстап алыңыз.
•
Шаш тарамдарын жұмыс
тақталарының арасына (8) салыңыз
және оларды қысыңыз (сурет. 1).
•
Біраз уақыт күтіп, шашты босатыңыз
(сурет. 2).
•
Бұл процедураны шаштың қалған
тарамдары үшін қайталаңыз (сурет. 3).
Ескертпе:
–
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде қолыңызды жұмыс пластина-
ларының ыстық беттеріне
тигізбеңіз.
–
Бірінші рет қолданған кезде
жұмыс пластиналарының қыздыру
элементтерінен бөтен иіс пен
аз мөлшерде түтін пайда болуы
мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
–
Жұмыс кезіндегі үзілісте құрылғыны
тегіс, ыстыққа төзімді бетке,
тұғырға (9) орнатыңыз.
–
Шашты сәндеуден кейін бірден
тарамаңыз, олардың суығанын
күтіңіз. Сәнделген шаш табиғи
болып көрінуі үшін, ірі шаш тарам-
дарын ұсақ тарамдарға бөліңіз.
•
Шашты модельдеу процедура-
сы аяқталғаннан кейін құрылғыны
өшіріңіз. Ол үшін қосу/өшіру батыр-
масын (3) 2 секундтан артық бойы
басып тұрыңыз, осы ретте барлық
индикаторлар сөнеді. Жұмыс пласти-
наларын (8) қысыңыз және бекіткішті
(1) сағат тіліне қарсы бұраңыз.
•
Электр розеткасынан желі бауының
ашасын суырып алыңыз.
•
Құрылғыны толығымен суытыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
•
Тазалау алдында құрылғыны желіден
ажыратыңыз және толық суытылуы-
на уақыт беріңіз.
•
Құрылғыны, желілік сымды және
желілік сым ашасын суға немесе
кез-келген басқа сұйықтыққа салуға
тыйым салынады.