ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану
тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете
таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз
және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс
мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік
шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі
қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
•
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға
тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
•
Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
•
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да,
қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп
қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
•
Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны,
есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына
қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын
жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Сақтандыру туралы ескерту!
Желдеткіш саңылауларды еш бөгетсіз ашық ұстаңыз.
•
Құрылғы тағам мен/не сусындарды осы нұсқаулық кітапшасында
көрсетілгендегідей қалыпты жағдайда сақтауға арналған.
•
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін еш механикалық құралды не жасанды
затты пайдаланбаңыз.
•
Тоңазытқыш құрылғы ішінде (крем мейкер тәрізді) электр
құрылғыларын, өндірушісі олардың осы мақсатта пайдалануға
жарамдылығын арнайы көрсетпеген жағдайда пайдаланбаңыз.
•
Салқындатқыш сұйық жүйесіне еш нұқсан келтірмеңіз.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
15