IM019
www.scarlett.ru SC-HS60047
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда
таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін
және біздің компанияға сенім артқаныңыз үшін
Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану
нұсқаулығында суреттелген техникалық
талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT
компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы
мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын
тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде
пайдаланған және іске пайдалану
нұсқаулығында келтірілген пайдалану
ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет
мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген
күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған
шарттар орындалған жағдайда, бұйымның
қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен
айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші
тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз
және оны анықтамалық материал ретінде
сақтаңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның
техникалық сипаттамасының жапсырмадағы,
электр жүйесінде көрсетілген параметрлеріне
сәйкестігін тексеріңіз.
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана
тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Аспап
өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Жабдықты тазалаудың алдында не ол
қолданылмаса әрқашан лектр жүйесінен
сөндіріп тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап
болмау үшін, құралды суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл жағдай
болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр
жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және
сервис орталығына тексертіңіз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар,
немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану
үшін тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдардың (соның ішінде балалардың)
қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе аспапты пайдалану
бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл
аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды
үнемі қадағалап отыру керек.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ
болу үшін оны ауыстыруды өндіруші,
сервистік қызмет немесе соған ұқсас білікті
қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Құрылғыны ванна бөлмесінде пайдаланған
кезде пайдаланудан кейін оны желіден
ажырату қажет, себебі судың жақын болуы,
тіпті аспап ажыратулы тұрған кезде де қауіп
тудырады.
Қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-
жарақтармен қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге
талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса
жақын арадағы сервис орталығына апарыңыз.
Қоректену бауы зақымдалған аспапы
қолданбаңыз.
Күйіктердің алу құтылуына жылытқыш
элементтерге тимеңіздер.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен
температурада тұрса, іске қосар алдында оны
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында
ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс
өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне
түбегейлі әсер етпейтін болмашы өзгерістерді
оның құрылмасына қосымша ескертпестен
енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЕСКЕРТУ:
Абай болыңыз, жұмыс істеп тұрғанда аспап
қатты қызып кетеді!
Аспапты тек таза құрғақ шашқа немесе
сүлгімен сорғытылған шашқа ғана қолдану
керек.
ЕСКЕРТУ! Аспапты жуынатын
бөлмелерге, бассейндерге және ішінде суы
бар басқа ыдыстарға жақын жерде
пайдалануға болмайды.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта,
сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС
Шашты жатқызуға кіріспес бұрын шашты жуу
қажет. Барынша жақсы нәтижеге жету үшін,
шаш баптағыш кондиционерді қолданғаннан
кейін шашыңызды әбден шайыңыз.
Шашыңызды сүлгімен құрғатыңыз.
Аспапты пайдалануңға кірісерден бұрын
шашқа шаш тарауды жеңілдетуге арналған
құралды жағуға кеңес береміз.
Бір тұлымды тым ұзақ уақыт сәндемеңіз.
Шашты сәндеп жатқызған кезде, шаштың
барлық тұлымдарын біркелкі өңдеңіз.
ЖҰМЫС
Аспап шашты сәндеп жатқызуға және түрлі
прическалар жасауға арналған.
Қуат сымын түгелдей жазыңыз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Қосқышты I қалыпқа ауыстырыңыз.
Жарық индикаторы жанады да, бірнеше
минуттан кейін шаш қысқыш қызады.
Режимді таңдау түймесін керегінше баса
отырып, шашты сәндеу үшін керекті режимді
таңдаңыз. Бұл орайда лайықты беткі қабат
кезек-кезек жұмыс бетіне айналады.
ТІКТЕУ
Шашыңызды ені 2-3 см шағын тұлымдарға
бөліңіз.
Жұмыстық беттерді ашу үшін тетікті басыңыз.
Шашты тіктеу үшін тұлымды жайпақ
пластиналардың арасына салыңыз да,
түбінен ұшына дейін баяу жүргізіңіз. Шаш
тұлымы тіктелгенше осы процедураны
қайталай беріңіз.