16
ҚАЗАҚША
Бастапқы коды ашық
бағдарламалық құрал ескертуі
туралы ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL және басқа да бастапқы
коды ашық лицензиялардағы бастапқы кодты алу үшін
http://opensource.lge.com веб-торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті лицензиялардың
шарттарын, кепілдік міндеттерінен бас тарту құжаттарын
және авторлық құқық туралы мәліметтерін алуға болады.
LG Electronics компаниясы тарату шығынын қамтитын
ақыға (дерек тасығышының құны, жеткізу және өңдеу)
арқылы сұрау жіберілгенде бастапқы кодты ықшам дискіде
жеткізуді ұсынады. Бұл ұсыныс осы өнімді сатып алған
уақыттан бастап үш (3) жыл ішінде жарамды болады.
Параметрлер
аманы автоматты түрде орнату
SETTINGS ОРНАТУ Автоматты түрде реттеу
Бағдарламаларды автоматты түрде реттейді.
• Егер кіріс көзі дұрыс қосылмаса, бағдарламаны тіркеу
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Автоматты түрде реттеу мүмкіндігі тек ағымдағы
таратылып жатқан бағдарламаларды табады.
• Егер Құлыптау жүйесі қосулы болса, құпия сөзді
сұрайтын қалқымалы терезе пайда болады.
Сурет режимін таңдау
SETTINGS СУРЕТ Сурет режимі
Көру ортасына немесе бағдарламаға оңтайландырылған
сурет режимін таңдайды.
• Ашық : Ашық кескіндерді көрсету үшін контрастты,
жарықтықты және айқындылықты арттырады.
• Стандартты : Кескіндерді контрасттың, жарықтықтың
және айқындылықтың стандартты деңгейлерінде
көрсетеді.
• Eco/APS: [Үлгіге байланысты]
қуаттың тұтынылуын азайту үшін Energy Saver (Қуат
үнемдегіш) мүмкіндігі теледидардағы параметрлерді
өзгертеді.
• Кинотеатр / Ойын: Фильм, ойын және фотосурет
(қозғалыссыз кескін) үшін оңтайлы суретті көрсетеді.
• Спорт : [Үлгіге байланысты] ақ, жасыл немесе аспан
көк сияқты негізгі түстерді белгілеу арқылы жоғары
және динамикалық әрекеттердің бейне кескінін
оңтайландырады.
• Маман 1, 2 : мамандарға және әуесқойларға
ең жақсы теледидар көрінісін пайдалануға мүмкіндік
беретін сурет сапасын реттеуге арналған мәзір.
Бұл — ISF куәлігі бар суретті реттеу мамандарына
берілген реттеу мәзірі. (ISF логотипін тек ISF куәлігі
бар теледидарларда пайдалануға болады.)
ISFccc: Imaging Science Foundation сертификаттаған
калибровка бақылауы
• Кіріс сигналына байланысты сурет режимдерінің қол
жетімді ауқымы әр түрлі болуы мүмкін.
• Маман режимі суретті реттеу мамандарының
нақты кескінді пайдаланып басқаруы мен дәл
реттеуіне арналған. Қалыпты кескіндер үшін әсерлер
күшті айтарлықтай болмауы мүмкін
• ISF функциясы тек кейбір үлгілерде қол жетімді.
Кеңейтілген басқаруды орнату
SETTINGS СУРЕТ Сурет режимі Қосымша
басқару / Сарапшы басқару
Экранды әр сурет режимі үшін мөлшерлейді; немесе сурет
параметрлерін арнайы экран үшін реттейді. Алдымен
қажетті Сурет режимі таңдаңыз.
• Серпінді контраст : кескін жарықтығына сай
контрастты оңтайлы деңгейге реттейді.
• Серпінді түс : кескінді табиғи түстерде пайда болуы
үшін түстерді реттейді.
• Тері түсі : пайдаланушы анықтаған тері түсін іске
асыру үшін тері түсі спектрін бөлек орнатады.
• Көк түсі : аспан түсі бөлек орнатылады.
• Жасыл түс : табиғи түстер спектрін (көгалдар,
белестер, т.б.) бөлек орнатады.
• Гамма : градация қисығын кіріс сигналға қатысты
сурет сигналының шығысына сай орнатады.
• Түс шекарасы : көрсетуге болатын түстердің ауқымын
таңдайды.
• Жиектерін бөлектеу : бейненің шынайы шеттерін
анығырақ және айқынырақ көрсетеді.
• Сарапшы үлгісі : [Үлгіге байланысты]
маман реттеуі үшін пайдаланылатын үлгілер
• Түс сүзгіші : түс қанықтығын және реңкін дәл реттеу
үшін RGB түстерінде белгілі бір түс спектрін сүзеді.
• Түс темп-ы : экранның жалпы реңкін қалау бойынша
реттейді. Маман режимінде толығырақ дәл реттеуді
Гамма әдісі, т.б. арқылы орнатуға болады.
• Суретті басқару жүйесі : бұл — мамандар тексеру
үлгісімен түсті реттегенде пайдаланатын жүйе. Олар
басқа түстерге әсер етпестен алты түс аймақтарынан
(Қызыл / Жасыл / Көк / Көгілдір / Күлгін / Сары) таңдай
алады. Қалыпты кескіндер үшін реттеулер байқалатын
түс өзгерулеріне әкелмеуі мүмкін.
• Тым жоғары рұқсат : [Үлгіге байланысты]
Бұлыңғыр және бұрмаланған кескіндерді анық ету
үшін ажыратымдылықты реттейді.
• Кіріс сигналына немесе басқа сурет параметрлеріне
байланысты реттелетін толығырақ элементтердің
ауқымы басқа болуы мүмкін.