10
ҚАЗАҚША
Техникалық қызмет көрсету
Теледидарды тазалау
Өнім жақсы істеуі жəне оның жұмыс мерзімін арттыру үшін
теледидарды жиі жаңартып жəне тазалап тұрыңыз.
• Алдымен, теледидарды өшіріп, қуат сымы мен басқа
кабельдерді ажыратыңыз.
• Теледидар ұзақ уақыт қараусыз қалса жəне
пайдаланылмаса, найзағайдан жəне кернеудің
өзгеруінен пайда болатын зақымдардан сақтау үшін,
қуат сымын розеткадан ажыратыңыз.
Экран, жақтау, корпус жəне тірек
Шаңды немесе кішкене кірді кетіру үшін, бетті құрғақ, таза
жəне жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Көп кірді кетіру үшін, бетті таза немесе жұмсақ жуғыш
зат қосылған суға малынған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Одан соң, дереу құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
• Əрқашан экранға тиюді болдырмаңыз, өйткені бұл
экранның зақымдалуына əкелуі мүмкін.
• Тырнақпен немесе үшкір затпен бетін итермеңіз,
ысқыламаңыз немесе соқпаңыз. Экран бетінде
сызықтар пайда болып, бейне бұрмалануы мүмкін.
• Химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Олар өнімді
зақымдайды.
• Экран бетіне сұйықтық шашпаңыз. Теледидарға су
кірген жағдайда, өрт, электр соғуы орын алуы немесе
теледидар істемей қалуы мүмкін.
Қуат сымы
Қуат сымында жиналған шаң мен кірді жиі сүртіп тұрыңыз.
Теледидарды көтеру
жəне жылжыту
Теледидарды жылжытқанда немесе көтергенде,
теледидарды сырылу жəне зақымнан қорғап, түріне жəне
көлеміне қарамастан қауіпсіз түрде тасымалдау үшін,
төмендегі ақпаратты оқыңыз.
• Теледидарды зауытта салынған қорабында немесе
орамында тасымалдаған жөн.
• Теледидарды жылжыту немесе көтеру үшін, алдымен
қуат сымын жəне барлық кабельдерді ажырату керек.
• Теледидарды ұстағанда, зақымды болдырмау үшін
экран сізге қарамай тұруы керек.
• Теледидар жақтауының жоғарғы жағы мен түбін
жақсылап ұстаңыз. Мөлдір бөлікті, динамикті немесе
динамик торының аймағын ұстамаңыз.
• Үлкен теледидарды кемінде 2 адам тасымалдауы
керек.
• Теледидарды қолмен тасымалдағанда, төмендегі
суретте көрсетілгендей ұстау керек.
• Тасымалдағанда, теледидарды қатты шайқамаңыз.
• Тасымалдағанда, теледидарды тігінен ұстаңыз.
Жанына жатқызбаңыз жəне сол немесе оң жағына
қарай еңкейтпеңіз.
• Жақтау шассиін иетін/майыстыратындай шамадан тыс
күш салмаңыз, себебі бұл экранды зақымдауы мүмкін.
• Теледидарды ұстағанда шығыңқы джойстик түймесін
зақымдап алмаңыз.
ЕСКЕРТУ
• Əрқашан экранға тиюді болдырмаңыз, өйткені бұл
экранның зақымдалуына əкелуі мүмкін.
• Теледидарды жылжытқанда, кабель ұстағышынан
ұстамаңыз: ол үзіліп, жарақаттауы немесе
теледидарды зақымдауы мүмкін.
Джойстик түймесін қолдану
(Көрсетілген бейне теледидарда көрсетілгеннен өзгеше
болуы мүмкін.)
Джойстик түймесін басу немесе жоғары, төмен, солға
немесе оңға жылжыту арқылы теледидар функцияларын
оңай басқаруға болады.
Джойстик түймесі