ҚАЗАҚ
Өтінеміз, құралды пайдалануға кіріспес бұрын, нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты сақтаңыз, ол болашақта Сізге керек болуы мүмкін.
Құрал шаш алуға, сондай-ақ, шаш үлгісін модельдеуге арналған.
Үй шаруашылығына арналған, өнеркəсіптік қолдануға жарамсыз.
Маңызды! Жылдың суық мезгілінде сатып алынған құралды электр желісіне қоспас бұрын, істен
шығуына жол бермеу үшін бөлме температурасында кемінде төрт сағат ұстау қажет.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
ЕАЭО (Беларусь, Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан)
елдерінде жəне Украинада, Грузияда, Əзірбайжанда
стандартты кепілді мерзімі – он екі ай.
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• Пайдалану кезінде сынуына жол бермеу үшін қолданбас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
пайдаланбау бұйымның сынып қалуына əкеп соғып, пайдаланушыға материалдық залал келтіруі немесе
денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. • Алғашқы қоспас бұрын бұйымның техникалық ерекшеліктері электр желісінің
параметрлеріне сəйкес келетінін тексеріңіз.
• Құрал төмен дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттіліктері бар тұлғалардың (балаларды қоса есептегенде) немесе
оларда тəжірибе немесе білім болмаған жағдайда, егер де олар бақылау астында болмаса немесе қауіпсіздігіне
жауапты адамның құралды пайдалану туралы нұсқаулықтан өтпесе, қолдануына болмайды.
• Қосылып тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін бақылау
астында болуы тиіс. • Құрал тек үй жағдайында пайдалануға арналған. Осы Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес
тек тұрмыстық мақсаттарда пайдалану. Құрал өндірістік жағдайда пайдалануға арналмаған.
• Құралды осы нұсқаулықта сипатталғандай, тек тікелей мақсаты бойынша қолданыңыз. Басқа құрылғылардың
қондырмалары мен білтелерін пайдаланбаңыз. Жеткізіп салу жиынтығына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
• Егер де білтесі немесе штепсельдің айыры зақымданса, сонымен қатар, егер де құралдың өзі зақымданса немесе
жұмыс істемесе, құралды пайдаланбаңыз. Оны сервис орталығына апарыңыз.
• Қуат көзінің білтесі зақымданған кезде қауіпті болдырмас үшін оны тек өндіруші, сервистік қызмет немесе ұқсас
білікті персонал ауыстыруы тиіс.
• Құралды тек авторизацияланған сервис орталығында ғана жөндеу қажет. Құралды өздігінен жөндемеңіз.
• Білтесінен тартпаңыз, желілік баусымды құралдың айналасына орамаңыз жəне шындап байламаңыз.
• Электр баусымның үстел шетінен немесе ыстық бет үстінде жалбырауына жол бермеңіз.
• Машинканы құлауы мүмкін орындарға, раковинаға жəне басқа да жерлерге қоймаңыз жəне онда сақтамаңыз.
• Жұмысты бастамас бұрын жүздерін орнату дұрыстығын тексеріңіз.
• Құралды құлатпаңыз. Бөгде заттарды құралдағы тесіктер мен саңылауларға салмаңыз. Бұйым корпусындағы
тесіктерге бөгде заттар мен кез келген сұйықтықтардың тиіп кетуіне жол бермеңіз.
• Құралды жұмыс кезінде қандай да бір бетке қоймаңыз, бұл жарақатқа əкеп соғуы немесе материалдық залал
келтіруі мүмкін.• Жарақаттану немесе тоқ соғу қаупін төмендету мақсатында:
-Құралды тазаламас бұрын сөндіріңіз. -Құралды жуынатын бөлмеде, раковинаға немесе құйылыс тесігіне құлауы
мүмкін орындарда сақтамаңыз.-Құралды ваннаға немесе себезгі астына түскен кезде, ванна бөлмелерінде жəне
судың жанында қолданбаңыз.-Құралды ылғалды ортаға, суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз. -Суға түскен
құралға қол тигізбеңіз. Оны электр желісінен дереу сөндіріңіз. • Электр тоғының соғуына жəне жануына жол бермеу
үшін құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз. Егер де ондай болса, бұйымды.
ҰСТАМАҢЫЗ, оны дереу электр желісінен сөндіріп, тексеру үшін Сервис орталығына жүгініңіз.
• Тарақтары немесе тісшелерінің бірі зақымданған машинканы қолданбаңыз – бұл жарақатқа əкеп соғуы мүмкін.
• Құралды егер де Сіз оны пайдаланбасаңыз, сондай-ақ тазаламас бұрын желіден сөндіріп отырыңыз.
• Егер де жұмыс істеп тұрған құралдың жанында балалар немесе мүгедектер болса, аса мұқият болыңыз.
• Үй-жайдан тыс пайдаланбау.
• Шаш алуға арналған машинкалар сауда желісіне жартылай қуаттандырылған аккумулятормен бірге жеткізіп салынады.
• Пайдаланбас бұрын аккумуляторды зарядтау қажет.
•Аккумулятордың бұдан əрі зарядталуын шаш алатын блок пышақтары тоқтаған немесе баяу қозғала бастаған
жағдайда іске асыру қажет. • Аккумулятордың ең жоғары сыйымдылығына зарядтау-заряд бітуінің бірнеше толық
циклдерінен соң ғана қол жеткізіледі. Жартылай қуаттандырылған аккумулятордың қуаты оның сыйымдылығының
жəне қызмет көрсету мерзімінің төмендеуіне əкеп соғады.• Зарядтау уақыты шамамен 8 сағат.
• МАҢЫЗДЫ! Пышақтарды əр шаш алу алдында майлаңыз! •Құралды онымен бірге жеткізіп салынатын қуат беру
блогымен пайдаланған жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ЖҮЗДЕРІН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ МАЙЛАҢЫЗ.
• Машинканы тері асқынулары кезінде қолданбаңыз. • Машинкамен жануарларды қырықпаңыз.• Өндіруші қосымша
хабарлаусыз қауіпсіздігіне, жұмысқа қабілеттігіне жəне атқарымдылығына айтарлықтай əсер етпейтін бұйымның
құрылымына болмашы өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады. • Осы нұсқаулықты сақтаңыз.
Номинал кернеу: 220-240 В
Тоқтың номинал жиілігі: 50 Гц
Номинал тұтынылатын қуаты: 10Вт
Аккумуляторлардың сыйымдылығы: 1000 мАч
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды ванна бөлмелерінде, себезгі бөлмесінде, бассейндерде жəне т.б.
судың жанында пайдаланбау.