8
ЕСКЕРТУ
Көру ортасы
• Көру қашықтығы
- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің
ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді
ұсынамыз. 3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты
сезінсеңіз, теледидардан алыстау отырыңыз.
Көру жасы
• Сәбилер/балалар
- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды
пайдалану/көруге тыйым салынады.
- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап
береді және тым әсерленеді, өйткені олардың
көздері жетілуде (мысалы: экранды түрту әрекеті
немесе оған секіру әрекеті. 3D мазмұнды көріп
отырған балаларға ерекше назар аудару керек.
- Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық
диспараттығы үлкендерден жоғарырақ, өйткені
көздерінің арасындағы қашықтық үлкендердікінен
қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D кескіні
үшін үлкендермен салыстырғанда көбірек
стереоскопиялық тереңдікті алады.
• Жасөспірімдер
- 19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы
жарықтың әсерінен сезімталдықпен жауап беруі
мүмкін. Оларға шаршап тұрғанда 3D мазмұнды
көруден ұстануға кеңес беріңіз.
• Қариялар
- Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D әсерін
түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан жақынырақ
қашықтықта отырмаңыз.
3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер
• LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Әйтпесе, 3D
бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.
• 3D көзілдірігін қалыпты көзілдіріктің, күннен қорғайтын
немесе қорғаныс көзілдірігінің орнына пайдаланбаңыз.
• Өзгертулер енгізген 3D көзілдірікті пайдалану көзге
жүктеме түсіруі немесе кескінді бұрмалауы мүмкін.
• 3D көзілдірігін қатты ыстық немесе суық
температурада ұстамаңыз. Бұл деформациялануды
тудырады.
• 3D көзілдірігі нәзік және оңай сызылады. Линзаларды
сүрткенде әрқашан жұмсақ, таза шүберекті
пайдаланыңыз. 3D көзілдірігінің линзаларын өткір
заттармен қырмаңыз немесе оларды химиялық
заттармен сүртпеңіз.
Дайындау
ЕСКЕРТПЕ
• Теледидар зауыттан жеткізілгеннен кейін бірінші рет
қосылса, теледидарды баптандыру бірнеше минутқа
созылуы мүмкін.
• Көрсетілген бейне теледидарда көрсетілгеннен өзгеше
болуы мүмкін.
• Теледидардың экрандық дисплейі нұсқаулықта
көрсетілгеннен сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
• Бар мәзірлер мен опциялар сіз қолданатын кіріс
көзінен немесе өнім үлгісінен өзгешелеу болуы мүмкін.
• Болашақта бұл теледидарға жаңа мүмкіндіктер
қосылуы мүмкін.
• Тұтынылатын қуат мөлшерін азайту мақсатында
теледидарды күту режиміне қоюға болады. Егер біраз
уақыт қарамайтын болсаңыз, теледидарды өшіріп қою
қажет. Бұл тұтынылатын қуат мөлшерін азайтады.
• Кескін жарқындығының деңгейі төмендетілсе,
қолданыс үстінде тұтынылатын қуат мөлшері
айтарлықтай азайып, бұл өз ретінде жалпы қуат
ақысын азайтады.
• Өніммен бірге берілген заттар оның үлгісіне қарай
әртүрлі болуы мүмкін.
• Өнім сипаттамалары немесе осы нұсқаулықтың
мазмұны өнім функцияларының жетілдіруіне
байланысты алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
• Оңтайлы байланыс болу үшін, HDMI кабельдері
және USB құрылғылары ұштарының қалыңдығы 10
мм-ден және ені 18 мм-ден аспауы керек. USB кабелі
немесе USB жад картасы теледидардың USB портына
сай келмесе, USB 2.0 қолдайтын ұзарту кабелін
пайдаланыңыз.
A
B
A
B
*A
10 мм
*B
18 мм
• HDMI логотипі жабыстырылған сертификатталған
кабельді пайдаланыңыз.
• Сертификатталған HDMI кабелін пайдаланбасаңыз,
экран көрінбеуі немесе байланыс қатесі орын алуы
мүмкін. (Ұсынылған HDMI кабель түрлері)
- Жоғары жылдамдықты HDMI
®
/
TM
кабелі (3 м немесе
одан қысқа)
- Ethernet бар жоғары жылдамдықты HDMI
®
/
TM
кабелі
(3 м немесе одан қысқа)
ҚАЗАҚША