Electrolux EC4201AOW Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare
EC4201AOW
.................................................. ...............................................
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ ШКАФ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RO LADĂ FRIGORIFICĂ MANUAL DE UTILIZARE 21
SL ZAMRZOVALNA SKRINJA NAVODILA ZA UPORABO 38
МАЗМҰНЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып
оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз
ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын
алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек.
Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз және тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
және қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
БАЛАЛАР МЕН ӘЛСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не
болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не
пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын
розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар
ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі
құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
құрылғы әдеттегі үй жағдайларында
тамақты және/немесе сусындарды сақтау
үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында
ешқандай механикалық немесе кез келген
басқа жасанды құралды пайдаланушы
болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа
электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын
құрылғы сияқты) салып қолданушы
болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым
келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын
жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған
ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ
сонда да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым
келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу
қаупі төнеді.
ҚАЗАҚ 3
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін
(қуат сымы, аша, компрессор),
қатерлі жағдай орын алмас үшін,
куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы
немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым қызып
кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды
оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт
шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
қақпағы (егер бар болса) жабылмаса
іске қосуға болмайды.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі
немесе қарылып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді жарықтандыру
үшін қолдануға жарамайды.
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға
болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын
болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны
қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды мұздатылған
тағам өндірушінің нұқсауларына сай
сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін
сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым
оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте
пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Құрылғыны тазалар алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
ОРНАТУ
Электр желісіне қосу үшін арнайы
тармақта берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
Құрылғының орамын ашып, еш жерінің
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Нұқсан келген
құрылғыны ешқашан қоспаңыз. Құрылғыға
зақым келгенін байқасаңыз дереу сатып
алған жеріңізге хабарлаңыз. Бұндай
жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғының майы компрессорға қарай
ағуы үшін кем дегенде төрт сағат күтуді
ұсынамыз.
Құрылғының айналасында ауа алмасып
тұруға жеткілікті орын болуға тиіс, әйтпесе
құрылғы қатты ысып кетеді. Ауаның
жеткілікті түрде алмасып тұруын
қамтамасыз ету үшін құрылғыны орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны қыздырғыштарға немесе
пештерге жақын орнатуға болмайды.
Құрылғыны орнатып болғаннан кейін, оның
ашасының қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
ҚЫЗМЕТ
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
4
www.electrolux.com
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына
зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл
құрылғыны тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе оның
қызу алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған
белгішесімен
белгіленген материалдар қайта
өңдеуден өткізуге жарайды.
ҚАЗАҚ 5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3
6
7
5
1
4
2
1
Қақпақтың тұтқасы
5
Еріген суды ағызу
2
Бекітпе
6
Тығырық: қақпақты оңай ашу
3
Техникалық ақпарат тақтайшасы
7
Шам
4
Температура тетігі
6
www.electrolux.com
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
ІСКЕ ҚОСУ
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Сигнал шамы жанады.
Температура тетігін сағат тілінің бағытымен
бұрап орташа температураға қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі температура
тым жоғары болса, Ескерту шамы
жанады.
ӨШІРУ
Құрылғыны сөндіру үшін Температура тетігін
OFF қалпына қойыңыз.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ
Температура автоматты түрде реттеледі.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
суықтықты ең төмен мәнге қою үшін
Температура тетігін
қалпына бұраңыз.
суықтықты ең жоғары мәнге қою үшін
Температура тетігін
қалпына бұраңыз.
Әдетте орташа параметрді таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының ішіндегі
температураның төмендегі жағдайларға
тәуелді болатынын ескеріп таңдау керек:
бөлме температурасы
есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
сақталатын тағамның мөлшері
құрылғы орналасқан жер.
ҚАЗАҚ 7
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2 3 4
1
Жоғары температураны ескерту
индикаторы
2
Сигнал шамы
3
Action Freeze шамы
4
Action Freeze тетігі
және Ескерту функциясын бастапқы
қалпына қою
ACTION FREEZE ФУНКЦИЯСЫ
Action Freeze функциясын Action Freeze тетігін
басып іске қоса аласыз.
Action Freeze шамы жанады.
Бұл функция шамамен 52 сағаттан кейін
өздігінен тоқтайды.
Функцияны кез келген уақытта Action Freeze
тетігін басып сөндіруге болады. Action Freeze
шамы сөнеді.
ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАНЫ
ЕСКЕРТУ
Мұздатқыштың ішіндегі температура
жоғарылаған кезде (мысалы, тоқ сөніп
қалғанда):
ескерту индикаторы жанады
дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту циклы кезінде дыбыстық сигналды
Ескерту сигналын бастапқы қалпына келтіру
түймешігін басып сөндіруге болады.
Ескерту циклы кезінде мұздатқыштың ішіне
тағам қоймаңыз.
Қалыпты жағдай орын алған кезде Ескерту
индикаторы өздігінен сөнеді.
8
www.electrolux.com
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
ІШІН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды
пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
ҚАЗАҚ 9
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖАҢА ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату
мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды
ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін Action Freeze
функциясын, мұздатылатын тағамды
мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем
дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның
жалпы мөлшері техникалық ақпарат
1)
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы
уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген
басқа тағамды қосып салмаңыз.
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ
САҚТАЙТЫН КАМЕРА
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр
қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру
уақыты" бөлімінде берілген
мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп
алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
ЕСІКТІ АШУ ЖӘНЕ ЖАБУ
Есікке мықты тығыздағыш орнатылғандықтан,
оны жаба сала дереу ашу мүмкін емес
(вакуумның пайда болуына байланысты)
Құрылғының есігін қайта ашар алдында
бірнеше минут күтіңіз. Есікті ашуға вакуум
клапан көмектеседі.
Назарыңызда болсын!
Тұтқаны ешқашан күшпен тартпаңыз.
ТАҒАМ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН СЕБЕТТЕР
AB
Себеттерді мұздатқыштың (А) үстіңгі жиегіне
іліңіз немесе мұздатқыштың ішіне (В)
қойыңыз. Осы екі орындағы тетіктерді суретте
көрсетілгендей бұрап қатайтыңыз.
230
806606 946 1061
1201 1336 1611
Себеттер сырғып, бірінің ішіне бірі кіреді.
Келесі суреттерде мұздатқыштың әр түрлі
үлгілерінің ішіне қанша себет салуға
болатыны көрсетілген.
Қосымша себеттерді жергілікті қызмет көрсету
орталығынан сатып алуға болады.
ҚАУІПСІЗДІК БЕКІТПЕСІ
Мұздатқыш байқаусызда бекітіліп қалмас үшін
арнайы бекітпемен жабдықталған. Бекітпе
қақпақты кілтті бұраған кезде ғана жабылатын
етіп жасалған, яғни қақпақты жабу үшін әуелі
кілтті бекітпеге салып бұрау керек.
Мұздатқышты жабу үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1.
кілтті бекітпеге еппен итеріп кіргізіңіз.
2.
кілтті сағат тілінің бағытымен белгісіне
қарай бұраңыз.
Мұздатқышты ашу үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1)
тақтайшасында көрсетілген "Техникалық сипаттама" тарауын қараңыз
10
www.electrolux.com
1.
кілтті бекітпеге еппен итеріп кіргізіңіз.
2.
кілтті сағат тілінің бағытына қарсы
белгісіне қарай бұраңыз.
Қосымша кілттерді жергілікті Қызмет
көрсету орталығынан алуға болады.
Назарыңызда болсын!
Кілттерді балалардан алыс ұстаңыз.
Ескірген құрылғыны қоқысқа
тастайтын кезде кілтті бекітпеден
алып қоюды ұмытпаңыз.
ҚАЗАҚ 11
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер
берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп
тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір
қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият
тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,
қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не полиэтилен
қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан
мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін
жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады;
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ
САҚТАУ БОЙЫНША КЕҢЕС
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді
орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы сатылатын
тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз
жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде
жеткізіңіз;
аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз
немесе ұзақ уақыт ашық қалдырмаңыз.
Тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу
түсе бастайды және оны қайта мұздатуға
болмайды.
Тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық
мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
12
www.electrolux.com
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
МЕРЗІМДІ ТАЗАЛАУ
1.
Құрылғыны сөндіріңіз.
2.
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
3.
Құрылғыны және оның керек-жарақтарын
жылы су мен бейтарап сабынды
қолданып мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын абайлап
тазалаңыз.
4.
Құрылғыны жақсылап құрғатыңыз.
5.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
6.
Құрылғыны қосыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш құралдарды, әтір
иісті заттарды немесе балауызды
қолданбаңыз.
Салқындату жүйесіне зақым
келтірмеңіз.
Компрессор тұратын аумақты
тазалаудың қажеті жоқ.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының
сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРАНЫҢ
МҰЗЫН ЕРІТУ
Мұздатқыш камераның мұзын шамамен 10-15
мм қалың болған кезде жібітіңіз.
Мұздатқыштың мұзын тағам аз тұрған кезде
немесе мүлдем тағам жоқ кезде еріткен
тиімді.
Қырауды кетіру үшін мына әрекеттерді
жасаңыз:
1.
Құрылғыны сөндіріңіз.
2.
Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше
қабат газетке ораңыз да, салқын жерге
қойыңыз.
3.
Есікті ашып, еріген су ағатын түтіктің
тығынын алып, еріген судың барлығын
науаға құйып алыңыз. Мұзды жылдам алу
үшін қырғышты қолданыңыз.
4.
Мұзды ерітіп болғаннан кейін
құрылғының ішін жақсылап құрғатып,
ашаны сұғыңыз.
5.
Құрылғыны қосыңыз.
6.
Температура түймешесін ең үлкен
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы
параметрде тұрған қалпы екі немесе үш
сағат жұмысқа қосыңыз.
7.
Алдында алып қойған тағамдарды қайта
салыңыз.
Қырауды ешқашан өткір темір
құралдармен тазаламаңыз, себебі
құрылғыға зақым келтіріп аласыз.
Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші
ұсынған құралдардан өзге
механикалық немесе басқа жасанды
заттарды ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту кезінде,
оралып мұздатылған тағамдардың
температурасының жоғарылауы
олардың қауіпсіз сақталу мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Сыртқы ортаның ылғалдылығы
жоғары болса немесе мұздатылған
тағам дұрыс оралмай салынса,
құрылғының қабырғаларына көбірек
мұз қатуы мүмкін.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНБАҒАН
КЕЗДЕ
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған
кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1.
Құрылғыны сөндіріңіз.
2.
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
3.
Тағамдардың барлығын шығарыңыз.
4.
Құрылғының мұзын ерітіп, керек-
жарақтарының барлығын тазалаңыз.
5.
Жағымсыз иіс пайда болмас үшін есігін
ашық қалдырыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Егер құрылғыны қосып қалдыратын
болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам бұзылып
кетпес үшін, басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып
отыруын сұраңыз.
14
www.electrolux.com
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықтың себептерін анықтамас
бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулықты тек электрші маман
немесе білікті адам ғана анықтауға
тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған
кезде шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың
айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс орнықпаған. Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға
тиіс).
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
Есік өте жиі ашылған. Есікті қажет болмаса ұзақ
ашып қоймаңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. Есіктің дұрыс жабылатынын,
тығыздағыштарға зақым
келмегенін және таза екенін
тексеріңіз.
Тоңазытылуға тиіс тағамдар
бір уақытта көп мөлшерде
қатар салынған.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан
кейін температурасын қайта
тексеріңіз.
Құрылғыға тым жылы тағам
қойылған.
Тағамды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан кейін
салыңыз.
Құрылғы тұрған бөлменің
температурасы, құрылғының
тиімді жұмыс жасауы үшін
тым жоғары.
Құрылғы тұрған бөлменің
температурасын төмендетуге
тырысыңыз.
"Жоғары температура"
шамы жанып тұр.
Мұздатқыштың іші тым
жылы.
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Құрылғы жақында ғана
қосылған және
температурасы тым жоғары.
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Тағамдар дұрыс оралмаған. Тағамдарды жақсылап
ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған
немесе нығыз жабылмайды.
Есіктің дұрыс жабылатынын,
тығыздағыштарға зақым
келмегенін және таза екенін
тексеріңіз.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Су ағызатын түтіктің тығыны
дұрыс салынбаған.
Су ағызатын түтіктің тығынын
дұрыс салыңыз.
Есік әбден жабылмаған. Мұз тым көп қатқан. Артық мұзды тазалаңыз.
Есіктің тығыздағыштарына
қоқыс жиналған немесе олар
жабысқақ болып қалған.
Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
Тағамның орамдары есікке
кедергі жасап тұр.
Тағам орамдарын дұрыс
орналастырыңыз,
құрылғыдағы жапсырмаға
қараңыз.
Есікті ашу қиын. Есіктің тығыздағыштарына
қоқыс жиналған немесе олар
жабысқақ болып қалған.
Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
Клапан бітеліп қалған. Клапанды тексеріңіз.
Шам жанбайды. Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
Мұздатқыштың іші өте
жылы.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Төменірек температураға
қойыңыз.
Есік әбден жабылмайды
немесе дұрыс жабылмаған.
Есіктің дұрыс жабылатынын,
тығыздағышқа зақым
келмегенін және таза екенін
тексеріңіз.
Құрылғыны мұздатпай тұрып,
жеткілікті түрде салқындатып
алмағансыз.
Құрылғыны алдын ала
жеткілікті салқындатып
алыңыз.
Тоңазытылуға тиіс тағамдар
бір уақытта көп мөлшерде
қатар салынған.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан
кейін температурасын қайта
тексеріңіз. Келесі жолы
тағамдарды бір салғанда аз-
аздан салып тоңазытыңыз.
Құрылғыға тым жылы тағам
қойылған.
Тағамды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан кейін
салыңыз.
Тоңазытылатын тағамдар
бір-біріне өте жақын
қойылған.
Тағамдардың арасына суық
ауа алмасып тұратын орын
қалдырып қойыңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті жиі ашпауға тырысыңыз.
Есік ұзақ уақыт ашық тұрған. Есікті қажет болмаса ұзақ
ашып қоймаңыз.
Мұздатқыштың іші тым
суық.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
16
www.electrolux.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы мүлдем жұмыс
істемейді. Салқындату
функциясы да,
жарықтандыру
функциясы да жұмыс
істемейді.
Құрылғының ашасы
розеткаға дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыс
қосыңыз.
Құрылғы тоққа қосылмайды. Розеткаға басқа құрылғыны
қосып көріңіз.
Құрылғы іске қосылған жоқ. Құрылғыны қосыңыз.
Розеткада кернеу жоқ (осы
розеткаға басқа құрылғыны
қосып көріңіз).
Электршіні шақырыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Құрылғы жоғарыда көрсетілген тексерулерді
орындағаннан кейін де дұрыс жұмыс істемесе,
ең жақын жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқан
кезде сізге жылдам қызмет көрсету үшін
құрылғыңыздың үлгісі мен сериялық нөмірін
хабарлаңыз, бұл деректерді кепілдік
сертификатынан немесе құрылғының сыртқы
оң жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз.
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
1.
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2.
Қолданылған шамның орнына қуат
параметрі дәл осындай және тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды салыңыз.
(қуат параметрінің ең үлкен мәні шамның
қақпағында көрсетілген)
3.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
4.
Қақпақты ашыңыз. Шамды жағып тексеріп
көріңіз.
Назарыңызда болсын!
Шамның қақпағын шамды ауыстырып
жатқанда алмаңыз.
Шамның қақпағы жоқ болса немесе
оған зақым келсе, құрылғыны іске
қоспаңыз.
ҚАЗАҚ 17
ОРНАТУ
ОРНАЛАСТЫРУ
Назарыңызда болсын!
Егер есігінде құлпы немесе бекітпесі
бар ескі құрылғыны тастағыңыз
келсе, құрылғының ішіне кішкене
балалар қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпелерін іске жарамсыз етіп
тастаңыз.
Құрылғының ашасына орнатып
болғаннан кейін қол жетіп тұруға тиіс.
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілетін
(гараж немесе қойма) тәрізді жерге орнатуға
болады, бірақ құрылғының жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін оны,
температурасы құрылғының техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген ауа-райы
санатына сай келетін жерге орнатыңыз:
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына
сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер
үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті
электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай
жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
ЖЕЛДЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
1.
Құрылғыны орнықты жерге тігінен
қойыңыз. Құрылғыны төрт тірегі бірдей
көтеріп тұруға тиіс.
2.
Құрылғы мен артқы қабырғаның
арасында 5 см орын болуын қамтамасыз
етіңіз.
3.
Құрылғының екі жақ жанынан 5 см орын
қалуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының арт жағында ауа жақсы айналып
тұруға тиіс.
18
www.electrolux.com
ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде
түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRRR!
OK
CLICK!
CLICK!
BRRR!
BRRR!
BLUBB!
BLUBB!
ҚАЗАҚ 19
HISSS!
HISSS!
SSSRRR!
SSSRRR!
CRACK!
CRACK!
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемдері Биіктігі × Ені × Тереңдігі (мм): Қосымша техникалық деректерді
құрылғының сыртқы оң жағында
орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз.
876 × 1336 × 665
Көтерілу уақыты 31 сағат
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі
салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына
өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
20
www.electrolux.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56

Electrolux EC4201AOW Manual de utilizare

Tip
Manual de utilizare